Гимнастика. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 19-22 сабақ.


Сабақ жоспары 19-22

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3

«Гимнастика»

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана

Күні: 12-23.11.18

Мұғалімнің аты-жөні: Шакенова М.С.

Класс: 8 «А.В.С» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Гимнастика.

Осы сабақта қол жеткізіле- тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

8.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін жинақтау және пайдалану

 Сабақ мақсаты

Қауіпсіздік техникасы.

Снарядтағы жаттығуларды орындалу техникасын біледі.

Снарядтағы жаттығуларды орындай алады.

 Жетістік критерийлері

 

* Дене белсенділігіне қатысу әсерін қарастыра алады және жеке жаттығулар бағдарламасын өз бетінше әзірлей біледі.

* Қауіпсіздік ережелеріне назар аудару керек. Оқушыларға қажетті құралдарды дұрыс пайдалану ережелерін еске түсіру.

Тілдік мақсаттар

 

Гимнастикада өзінің қозғалыс машықтарын түсіндіре алады

Мыналарды қамтиды :

  • бұрылулар, аударылып түсулер, тік тұрулар
  • гинастикалық снарядтар
  • арқан, саты, кермелер
  • гимнастикалық жабдық
  • гимнастикалық маттар, орындықтар
  • қозғалыс координациясы
  • мүсін

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Гимнастикада жаттығуларды орындаған кезде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды неліктен сақтауымыз керек?
  • Мамандандырылған жабдықты пайдаланып жаттығу орындау күрделі үдеріс болып табыла ма?
  • Сендер сәтті өзара әрекеттесе алдыңдар ма?
  • Өрмелеудің қандай түрі сендер үшін жеңіл болды? ерекше қозғалыс әрекеттерін қолдануға тура келді?

Құндылықтарды дамыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру.Сыйластык,қарым қатынас.

Пәнаралық байланыстар

физика, геометрия пәндерімен байланысты

АКТ қолдану дағдылары

Тактика мен стратегияларды көрсету және тусіну ноутбук арқылы корсету.

 Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және сыныптан тыс сабақтардан спорттык ойыннан сабақтарынан тәжірибесі болады деп күтіледі.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу,рапорт беру. Сабақтың мақсатын түсіндіру .

Оқушыларды Қауіпсіздік техникасымен таныстыру.

1.Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру (ЖДЖ). Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына назар аудару және қайталау .

Шағын топтарда істестік және бәсекелестік жұмыс істеу.

Жұп мүшелері бір-біріне түзету кері байланыстарын беріп, жақсы жасауға ынталадырады.

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Оқу-әдістеме лік құралдар

Негізгі сабақ

(Б) Оқушыларға гимнастикалық снарядтарда жұмыс кезіндегі қауіпсіздік және жарақаттану техникасы туралы еске салу.

(Б, Ж, Ф) Оқушылар бағанда бір-бірден гимнастикалық «есек» арқылы секіреді. Секірулерді орындайды:

аяқты алшақ қойып секіру

аяқты бүгіп секіру

(Б, Т, Ж, Ф) Оқушылар шағын топтарда төмен гимнастикалық бөренеде комбинацияны орындайды.

Бөрененің басына бетпен тұрып, бөренеге аттау, ортасына дейін жүру, сол жерде негізгі қалыпты қабылдау.

Қолды жан-жаққа көтеру, сол аяқпен айқас қадам жасау (сол аяқ алда, оң аяқ – артта).

Аяқ ұшына көтерілу және оң иық арқылы 180°-қа бұрылу.

Сол аяқты артқа-жоғары жіберу, бүгілу және аздап алға еңкею, қолдар жан-жаққа («қарлығаш»).

Сол аяқты бөренеге қою, екі аяқты бүгу, тізерлеп тұру, ал қолмен бөренеге сүйену.

Дене ауырлығын оң аяққа көшіру және қолмен бөренені ұстап, сол аяқты жазу (жартылай шпагат жасау).

Қолмен бөренені ұстап, оң аяқты сол аяққа қоб, тұру және бір уақытта қолды жан-жаққа ашу.

Оң аяқпен алға бір қадам жасау және оны сол аяқтың алдына айқас қою, бұрылу, бөренеге көлденең тұру және бүгіліп секіріп түсу.

(Б, Т, Ж, Ф) Оқушылар шағын топтарда арқанмен өрмелеуді орындайды.

Үш амалмен өрмелеу

Екі амалмен өрмелеу

(Б, Т, Ж) Мұғалім сыныпты 2-4 командаға бөледі және гимнастикалық эстафета жүргізеді. Әрбіп команданың алдындан екі гимнастикалық мат болады. Бірінші оқушы 3-5 м жүгіріп өтіп, алға екі аударылып түсуді орындайды, құрсауға дейін жүгіріп барады, оны қолына алып, құрсауды алға қарай айналдырып (оған аттап), конусқа дейін жүгіреді, конусты айналып, құрсауды айналдырмай, құрсауды алған орында дейін жүгіреді, оны қойып, өз командасына қарай жүгіреді де, эстафетаны келесі ойыншыға береді. Қай команда тапсырмағы алғаш болып орындаса, сол команда жеңіске жетеді. 2-3 рет қайталау.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістік.

https://youtu.be/VZj-EtHajJs

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Сендер гимнастикада қозғалыс реттілігін неліктен жоспарлау керектігін айта аласыңдар ма?
  • Сендер тағы қандай бірлескен жаттығулар орындай алар едіңдер?
  • Ұсынылған оқу тапсырмаларында сендерге тағы қандай ерекше қозғалыс әрекеттерін қолдануға тура келді?

Дифференциация–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация тапсырманы күрделендіру

Бақылау, кері байланыс

оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын белгілі бір критерийлер бойынша тәсілдер арқылы бағалай алады.

Жаттығулар орындау барысында қауіпсіздік техникасының сақталуы

және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Денсаулық сақтау әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері,сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу