Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 21 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №21

Сабақ тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсаты : 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу;

Бағалау критерииі: -жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсетеді;

-жарыс кезінде төрелік ету ережелерін салыстыра алады.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Сабақта қауіпсіздік ережесін еске салыңыз.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Тасбақалардың жүгірісі»

Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады. Жүлдегерге сыйлық беріледі.

Орамал тастамақОқушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушыоқушыларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.Оқушылар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Белбеу соқОйыншылар екі - екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады. Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады. Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі. ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да, өзі де бір жұптың алдына тұра қалады. Оның орнына келесі ойыншы шығып, ойынды жалғастыра береді. Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

Дескриптор :

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

- ойында көшбасшылық қызмет атқарады.

-ойында жеңіске жетуге, іс әрекет көрсете алады.

оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Сұраңыз:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады.

(Футбол, волейбол, баскетбол т.б)

Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізіңіз.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу