Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 24 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №24 сабақ

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз. ЖДЖ алдында «Құпия» ойынын ұсыныңыз. Барлық қатысушылардың уысына құпиялап бір зат салады (түйме, моншақ, түйреуіш, сағат секілді... сабақтың тақырыбына сай немесе осы заттардың бас әріптерінен бүгінгі тақырып шығатындай болса да болады)

Бір оқушы ортаға шығып басқалардың қолындағы затты сұрақ қою арқылы құпияны ашуға тырысады. Құпиясы ашылған оқушы ортаға шығып әрекетті жалғастырады.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. ЖДЖ орындатыңыз.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Сұраңыз : - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсыриа ладындағы доппен орындалатын жаттығулар ұсыныңыз.

Допты  екі қолмен  төменнен жоғары лақтыруды немесе бір жақ бүйірге  жоғары орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды.

Қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап, 3-4 метрден допты жоғары беруді орындайды.

Әртүрлі жағдайда допты жоғары лақтырады, ойыншы допты төменнен қабылдайды. Екі қол алда алақандар біріктірліп ұсталады.

 Ойыншы допты еденге соғады, доп еденнен көтерілгеннен кейін жүгіріп жетіп төменнен беруді орындайды. Қарама-қарсы тұрып І топ оқушылары     допты төменнен қабылдап, ІІ топ оқу-шылары допты жоғарыдан қабылдайды.

Екі қолды бір-біріне біріктіріп ұстап,сәл еңкейе тізені бүгіп,әріптесіне беру.

Тапсырма орындау кезінде оқушыларға түсіндіріңіз, бұл ойындар әріптесіңнің қимылын жылдам түсінуге және оған жылдам әрекет жасауға дамытады. Допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдауға болатынын ескертіңіз.

Бастаушы бірінші пастан кейін алға жылжып кетуге болады немесе шеңбердің арасымен допты өткізбегенше сол аралықта орнында тұрады.

Ойынның балама түрін ұсыныңыз, Мысалы:

1) допты жоғарыдан қаблдау арқылы жұппен жарысады ;

2) дәл осы бірақ допты төменнен қабылдау керек;

Алаңда түзу сызық сызылу керек ол допты беру орыны болып есептеледі.

Сұраңыз: Тапсырма орындау кезінде неге көңіл беру керек?

Осы тапсырманы орындауда қандай сезімде болдыңыз?

Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларғадескриптор арқылы өзара бағалау жүргізеді.

Сұраңыз :- Сіз бүгін бұрын қалыптасқан дағдыларыңызды жүзеге асыра алдыңыз ба?

- Ойыншы қандай қозғалыс дағдыларына иелік етуі керек?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу