Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 24 сабақ.


Дидактикалық материал №24 сабақ

Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/

 

Жарыс ережесі

Мектептерде жаппай кең тараған ойындардың бірі – волейбол. Оқу барысында волейбол кейде жалпы жамыту дайындығы материалдық базасына сәйкес, спорт ойындарының бірі ретіндегі міндеті пән ретінде үйретіеді. Волейбол – командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы бойынша оқушылардың теориялық ақпараттар алуына, тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіншілігі бар. дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтылығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Бұлар оқушылардың ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.

Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге түсетін спорттық ойын болып табылады. Ойынның мақсаты – қарсыластың алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау және қарсыласының осындай әрекетін болдырмау. Бұл үшін команда допқа үш рет қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет қол тигізуге құқылы).

Ойын допты қосумен басталады. Допты ойынға қосушы соғу арқылы допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып кеткенше немесе команда қате жібергенше ойналады.

 Команда ойынға қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол ұпайға ие болады және оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға ауысады.

 Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Залда дайындалу (ойнау) барысында артық құралдардың барлығы (орындық, т.б.) алаңнан 3 м-ден кем болмауы және жеткілікті жарық болуы керек.

 Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық сызықтардың ені – 5 м. Ортадағы сызық ойын алаңын әрқайсысының өлшемі 9х9 м болатын екі тең алаңға бөледі. Бұл сызық тордың асты арқылы бір бүйірден екінші бүйірге жүргізілген.

 Әрбір алаңда алдыңғы аймақ (зона) ортадағы сызықпен, шабуылдау сызығымен шектелген. Шабуылдау сызығы ортадағы сызық белдеуінен 3 м қашықтықта жүргізіледі.

 Допты ойынға қостаын аймақ – бұл жақтау сызығының артындағы ені 9 м-лік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см-лік екі қысқа сызықпен шектеледі, олардың әрқайсысы жақтау сызықтан 20 см қашықтықта жүогізіледі. Екі қысқа сызық та допты ойынға қосу аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы еркін аймақтың соңына дейін (3 м) созылады.

 Тор бекітілетін бағандар бүйірдегі сызықтан 0,5 – 1 м қашықтыққа орнатылады.

 Доп илеген жұмсақ теріден жасалған, дөңгелек болуы тиіс. Оның бояуы бір түрден боялған және ашық болуы керек. Көлемі – 65 – 67 см, массасы – 260 280 г.

 Командада ең көп болғанда 12 ойыншы болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу