Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 23 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №23 сабақ

Оқушыларға пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырыңыз.

Сұраңыз:- Оң нәтижеге қол жеткізу үшін командалық жұмыс маңызды ма?.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізіңіз.

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санауды ұсыныңыз.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсырма бойынша тек белгіленген тәсіл бойынша ғана допты беру керектігін түсіндіріңіз.

Ойын үшін диаметрі 2 м және одан 3-4 метр қосымша сызық сызыңыз.

Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын талқылаңыз

Оқушыларды дұрыс жолға бағыттап және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алыңыз (спорт терминологиясы және т.б.) Кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексеріңіз.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушыларға тамыр ырғағын санатыңыз.

Дене шынықтыру сабағында волейбол тәсілдерін меңгеру мақсатында орындалатын арнайы жаттығулар

1.Алаңда орын ауыстыра білу

     Алғашқыда асықпай орынды    ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу. 

2.Волейболшының тұрысын қайталау.

Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру. Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың және аяқтың қалпы. Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.

 

3. Допты астынан беру.

Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.

1. Бір орында доппен жаттығу: допты астынан қабылдауға арналған жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау.

Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау.

Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру.

Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру.

Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру.

  

4. Доппен жүру жаттығулары:

Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.

Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.

Оңға – солға секіру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.

Допты беруде оңға-солға секіру.

Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

1. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.2. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.3. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.Допты төменнен қабылдауды меңгерту4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.5. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын  қадағалау.6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Допты төменнен қабылдауды меңгерту

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.

Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.

Арақашықтық 8-10 м. оқушылар  қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.

- Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату

- Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету

- Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету

- Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету

- Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету

- Допты жанынан беру тәсілін үйрету

- Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету

- Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу