Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 22 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №22 сабақ

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізіңіз.

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушыларға тамыр ырғағын санатыңыз.

Оқушыларға дененің құрлысын жазуды ұсыныңыз. Оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдаңыз.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Сұраңыз : - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсырма

«Доп арқанда». Сыныпты екі топқа бөліңіз. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және бір мезгілде өз алаңына тигізбеуге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта қарсыласының алаңына лақтыру керек.

Әр бір қателікке бір ұпай кемиді.

Содан соң доп қайта ойнатылады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды.

Ойын белгілі бір уақытта жалғасады. (5-10мин).

Тапсырма бойынша оқушылар ойын барысында жіберетін қателіктерді дер кезінде жоюға әрекет жасаңыз.

Қателік болып табылады: доптың түсуі; алаңға түсуі; доптың бағыты «ойыннан тыс»; арқанға тигізу немесе одан асыру; ойыншыларға ойын алаңынан шығып кетуге.

Сұраңыз: Ойын алаңында бастамасын ұстап қалудың қандайжақсы жолы? Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

Командалық дағдылар мен көшбасшылық рольді талдаңыз.

Тапсырманы орындағаннан кейін дескриптор арқылы оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсына

Сұраңыз: - Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

_________ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТКІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

- дарынды балаларды анықтау және қолдау;

- қатысушылардың оқу-үйрену әрекеттеріне жағдай жасау;

- оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау;

- мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

- жарыс 2018 жылдың 13 сәуірде өтеді;

- жарыс басталуы сағат 16.00-де;

- Назарбаев Зияткерлік мектебінің спорт алаңында.

ЖАРЫСТЫҢ ӨТУІНЕ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ

Мектепішілік жарысты өткізу және ұйымдастыру дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне жүктеледі. Жалпы басшылық жасау мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ЖІБЕРІЛУ ШАРТТАРЫ

 Жарыс 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Ойын жас ерекшеліктеріне сай өткізіледі. Команданың құрамында 6 ойыншы болуы тиіс. Алдын ала тапсырыс беру 2018 жылдың 12 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

ҚАТЫСУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ

Тапсырыста қатысушылардың толық аты-жөні, туған жылы, сыныбы, дәрігердің жарысқа жіберуі туралы қағазы көрсетілуі керек.

ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жарыстар волейбол федерациясының әрекет етуші ережелері бойынша 3 партиядан 2 рет жеңгенге дейін өтеді; ойын «әркім әркіммен» дөңгелек жүйесі бойынша өтеді;

Партиядағы есеп 25 ұпайға дейін, партияның 2 ұпайға айырмамен аяқталады;

Алаңның бөлігін таңдау және бірінші болып доп лақтыру жеребе арқылы шешіледі. Жеребеде ұтқан топ бірінші болып доп лақтыруға құқығы бар;

Доп лақтыруды бөгеуге болмайды;

Екінші сызықтағы ойыншысының бірінші сызықтан шабуыл доп соққысын (секіріс) беруге құқығы жоқ;

Алаңда 3 пас беруге болады, төрт рет допқа қол тигізуге болмайды;

Орта сызық үшін ойнауға болмайды – бұл қателікке саналады;

Даулы доп, доп лақтыру кезегі доп лақтырған топқа ұсынылады, ұпайлар бұл кезде есептелмейді;

ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУ

Жарысқа мектептің 11 сынып оқушылары ұл, қыздары қатыса алады. Қатысқысы келетін әр команда өзімен бірге оқушылардың аты-жөні жазылған тапсырысты тапсыру керек.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

Жеңімпаз жиналған ұпай бойынша ең көп санға сәйкес анықталады;

Жеңіске 3 ұпай беріледі, ұтылыс – 0 ұпай;

Топтардың ұпайлары тең болған кезде мына жағдайлар ескеріледі:

- бүкіл жарыс партияларының ең үздік қатынасы бойынша;

- өзара жеңген мен жеңілген доптар арасындағы айырмашылық;

- бүкіл ойындағы доптар айырмасы.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

 1 орынды иеленген команда 1 дәрежелі дипломмен марапатталады.

екінші және үшінші орынды иеленген командалар 2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті:

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу