Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 22 сабақ.


Волейбол ойынының ережелері.

 Волейбол ойыны аумағы  9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың  үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім  ербалаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы      250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екірет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.

Жасөспірімдер

13-14

жастағыларүшін 

15-16

жастағыларүшін

17-18

жастағыларүшін

Ербалалар

Қыздар

2 м 20 см

2 м 10 см

2 м 35 см

2 м 20 см

2 м 43 см

2 м 24 см

Ережелері:

  • Доп жерге тисе;
  • Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;
  • Доп лақтырылса немесе қолда кідіріп (ұсталынып) қалса;
  • Доп дененің белден төмен кез – келген жеріне тисе;
  • Ойыншы допқа қатарынан екі рет қол тигізсе;
  • Ойыншы торға тиіп кетсе;
  • Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тиіп кетсе;
  • Доп кезексіз ойынға қосылса;
  • Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;
  •  Допты ойынға қосқан кезде  сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп кетсе;
  • Ойынға қосылған доп бағанға, торға т.б. тиіп немесе  алаңнан шығып кетсе.

 

Партия – ойын бес партиядан тұрады, әр партия 25 ұпайға дейін ойнайды.

Кездесуде үш партияны жеңу жеткілікті.

Шабуыл соққысыкоманданың ойынын қорытындылайтын тиміді әдіс.

Доп беру – техникалық тәсіл, қарсыластың әрекетін қиындатушы әдістердің бірі.

Қоршауға алу – қарсы әрекетке қолданылатын қолданылатын ойын тәсілі.

Топтық ойыншы – екі немесе үш ойыншы қарсыластың соққысынан қорғануы

Диагональды ойыншы – алаңдаекінші немесе төртіншізонадан соққы беретін ойыншы

Тартып алу – допты қолда ұстап тұру

Либеро –артқы сызықта ойнайтын қорғаныс ойыншысы

_________ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТКІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

- дарынды балаларды анықтау және қолдау;

- қатысушылардың оқу-үйрену әрекеттеріне жағдай жасау;

- оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау;

- мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

- жарыс 2018 жылдың 13 сәуірде өтеді;

- жарыс басталуы сағат 16.00-де;

- Назарбаев Зияткерлік мектебінің спорт алаңында.

ЖАРЫСТЫҢ ӨТУІНЕ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ

Мектепішілік жарысты өткізу және ұйымдастыру дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне жүктеледі. Жалпы басшылық жасау мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ЖІБЕРІЛУ ШАРТТАРЫ

 Жарыс 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Ойын жас ерекшеліктеріне сай өткізіледі. Команданың құрамында 6 ойыншы болуы тиіс. Алдын ала тапсырыс беру 2018 жылдың 12 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

ҚАТЫСУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ

Тапсырыста қатысушылардың толық аты-жөні, туған жылы, сыныбы, дәрігердің жарысқа жіберуі туралы қағазы көрсетілуі керек.

ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жарыстар волейбол федерациясының әрекет етуші ережелері бойынша 3 партиядан 2 рет жеңгенге дейін өтеді; ойын «әркім әркіммен» дөңгелек жүйесі бойынша өтеді;

Партиядағы есеп 25 ұпайға дейін, партияның 2 ұпайға айырмамен аяқталады;

Алаңның бөлігін таңдау және бірінші болып доп лақтыру жеребе арқылы шешіледі. Жеребеде ұтқан топ бірінші болып доп лақтыруға құқығы бар;

Доп лақтыруды бөгеуге болмайды;

Екінші сызықтағы ойыншысының бірінші сызықтан шабуыл доп соққысын (секіріс) беруге құқығы жоқ;

Алаңда 3 пас беруге болады, төрт рет допқа қол тигізуге болмайды;

Орта сызық үшін ойнауға болмайды – бұл қателікке саналады;

Даулы доп, доп лақтыру кезегі доп лақтырған топқа ұсынылады, ұпайлар бұл кезде есептелмейді;

ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУ

Жарысқа мектептің 11 сынып оқушылары ұл, қыздары қатыса алады. Қатысқысы келетін әр команда өзімен бірге оқушылардың аты-жөні жазылған тапсырысты тапсыру керек.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

Жеңімпаз жиналған ұпай бойынша ең көп санға сәйкес анықталады;

Жеңіске 3 ұпай беріледі, ұтылыс – 0 ұпай;

Топтардың ұпайлары тең болған кезде мына жағдайлар ескеріледі:

- бүкіл жарыс партияларының ең үздік қатынасы бойынша;

- өзара жеңген мен жеңілген доптар арасындағы айырмашылық;

- бүкіл ойындағы доптар айырмасы.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

 1 орынды иеленген команда 1 дәрежелі дипломмен марапатталады.

екінші және үшінші орынды иеленген командалар 2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті:

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері

Тапсырыс үлгісі

Шымкент қаласы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2017-2018 оқу жылына арналған мектеп оқушылары арасында өтетін «ВОЛЕЙБОЛ » жарысына « » командасынан

Тапсырыс.

Қатысатын топтын аты «______________»

№ қ\с

Аты, жөні

Жылы,айы,күні

Ойыншы

Дәрігер

анықтамасы

Ойыншы

қолы

Т.Қ.Е.С.

Танысым

1

таныстым

2

таныстым

3

таныстым

4

таныстым

5

таныстым

6

таныстым

7

таныстым

8

таныстым



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу