Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 15 сабақ.
Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру
Оқу мақсаттары:
дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білуКүтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі. -ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(П) «Ең зейінді»Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?Тапсырма:
Нығыздалған доптармен жаттығулар. Жалғаулар, орын ауыстырулар. Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар қарсы бағытпен лектер түзейді.1
(Б, Ж, ҚБ) Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Топтар шеңберге тұрып бір-бірлеріне допты жоғарыдан, төменнен жалғауларды орындайды. Допты түсіріп алғана немесе тура жалғай алмаған ойыншы айып ұпайын алады.Аз қателік жіберіп, айып ұпайын алмаған ойыншы жеңіске жетеді. .2. (Ж, Т, ҚБ) Сынып екі командаға бөлінеді. Командалар алаңның қаптал сызығына бір лекке бой түзейді. Әр командадан бір жүргізуші таңдалынып алынып №3 аймағына орналастырылады. Қалған ойыншылар кезекпен №5, №1 аймақтарынан артқы сызықтың бойымен №6 аймағына жүгіріп шығады, тоқтайды және төменгі, орта тұрыстарымен торға ұарай -допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды
Қорытындылау
1.Доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?2. Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру