Ойын арқылы проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары
6-тарау: Қызықты және команда түзуші ойындар Негізгі мектеп 7-сынып Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: Ойын арқылы проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру | ||
Оқу мақсаттары | 7.1.4.4 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу | |
Сабақ мақсаттары | • оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін даму; • оқушылар көшбасшылық қасиеттерін дамыту; • бірлескен жұмыста жауапкершілікті бөлуге үйрету; • бірлескен жұмыстағы патриоттық сезім маңыздылығын түсіндіру; • оқушылар жұптық және командалық ілгерілеу туралы үнемі ойланады және ойындарда таңдалған рөлдерді орындайды; | |
Бағалау критерийлері | • Жаттығуларды жасауда өзінің қателіктерін атайды және қателіктермен жұмыс жасайды • Топта жұмыс жасау барысында өзінің біліктілік сапасын жақсартады | |
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар: • Ойыншыны-қорғаушыны жеңудің үздік тәсілі қандай? • Команда ретінде есеп жүргізуге қалай тиімдірек қол жеткізуге болады? • Сендерге доптан тыс қозғалысты, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет? • Неліктен өз назарыңды бір ойыншыға бір рет шоғырландырған дұрыс немесе әрбір қарсыласты белгілеген жақсы ма? | |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. | |
Пәнаралық байланыстар | Биология, математика, пәнімен байланыстыру. | |
АКТ қолдану дағдылары | Көшбасшылық топтық жұмыстарды бейнематериалдарға түсіру, ұялы телефондарды пайдалану | |
Бастапқы білім | 5-6 сыныптарда дене шынықтыру сабағында алған білімдері. | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 15 минут |
| Жабдық: секунд өлшегіш, бор, фишкалар, ысқырық, таратпа материалдар. |
Сабақтың ортасы 25 минут | (С, Т, Ф) Баскетбол қалқандары болмаса, ойын жеңілдетілген ережелер бойынша өткізілуі мүмкін. Алаң шартты түрде белгіленеді, қалқан мен баскетбол кәрзеңкесінің орнына биіктікте (орындықта) бір ойнышы тұрады. Оның міндеті – орнынан кетпей, лақтырылған допты қағып алу. Ойын баскетболдың жеңілдетілген ережелері бойынша жүргізіледі (ауттарсыз). Ойынның ұзақтығы – 5 минуттан екі тайм. Дәлдікті дамыту және қозғалыс үйлесімін жақсарту. | Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік. |
Сабақтың соңы 5 минут | Жаңа материалдарды бекіту. Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу. Сабақтың қорытындысын шығару. Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау. Үй тапсырмасы. | |
Саралау - барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады; - оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін дамыта алады; - көпшілік оқушыларда көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған; - оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі; - бірлескен жұмыстағы патриоттық сезім маңыздылығын түсінді; | Бағалау Әр білім алушы өзінің іс-әреті туралы сыныптастарымен талқылай алады; Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады; | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру