Ойын арқылы проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

6-тарау: Қызықты және команда түзуші ойындар

Негізгі мектеп 7-сынып

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ойын арқылы проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру

 Оқу мақсаттары

7.2.8.8 Түрлі қимыл-қозғалыстарға негізделген рөлдерді қолдана білу

 Сабақ мақсаттары

• оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін даму;

• оқушылар көшбасшылық қасиеттерін дамыту;

• бірлескен жұмыста жауапкершілікті бөлуге үйрету;

• бірлескен жұмыстағы патриоттық сезім маңыздылығын түсіндіру;

 Бағалау критерийлері

• Қимыл-қозғалыс түрлерін қолдана отырып, мәселелерді шешеді

• Жаттығуларды тиянақты әрі сапалы орындайды

 Тілдік мақсаттар

 

  • Қызықты және команда түзуші ойындардың шеңберінде өздерінің дағдылары мен түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • шабуыл, қорғаныс
  • адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс
  • кеңістікте бағдарлану
  • командалық жұмыс
  • тактика, стратегиялар
  • доппен және допсыз қозғалу
  • жүгіру, жылдамдықты, бағытты өзгерту
  • дриблинг, пас, допты беру

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Ойыншыны-қорғаушыны жеңудің үздік тәсілі қандай?

• Команда ретінде есеп жүргізуге қалай тиімдірек қол жеткізуге болады?

• Сендерге доптан тыс қозғалысты, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет?

• Неліктен өз назарыңды бір ойыншыға бір рет шоғырландырған дұрыс немесе әрбір қарсыласты белгілеген жақсы ма?

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, математика, пәнімен байланыстыру.

 АКТ қолдану дағдылары

Көшбасшылық топтық жұмыстарды бейнематериалдарға түсіру, ұялы телефондарды пайдалану

Бастапқы білім

5-6 сыныптарда дене шынықтыру сабағында алған білімдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу.
  • Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы орта қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып, кезекпен әр тілде амандады. Жабдықтау сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. Оқушылар жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды.
  • Алаңды айналып жүру.
  • Жүру жаттығулары: Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру, қол желкеде өкшемен жүру, қолда аяғымызға тигізіп жүру, қол алда жартылай отырып жүру, қол белде толық отырып жүру, қол белде отырып екі жанға секіріп жүру.
  • Жүгіру жаттығулары: Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру, қол белде аяқты алға лақтырып жүру, қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру, қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру, қол белде жанымызбен жүгіру.
  • Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.
  • Жалпы даму жаттығулары.
  • Күш-жылдамдықтарын арттыру жаттығулары.
  • Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

Жабдық: секунд өлшегіш, баскетбол, бор, фишкалар, ысқырық, таратпа материалдар.

Сабақтың ортасы

25 минут

1 тапсырма

(С, Т) Алаңда бірінің ішінде бірі 3 шеңбер сызылады: біріншісінің диаметрі – 1 м, екіншісі – 3 м және үшіншісі – 5 м. Бірінші шеңберге ұстап алушы тұрады, екінші шеңбер бос болады, ал үшіншіге – қорғаушылар орналасады (4-6 адам). 2 команда – алаң ойыншылары. Алаң ойыншылары допты ұстап алушыға беруге тырысып, алып жүреді. Қорғаушылар ұстап алушыға допты қағып алуға мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Допты өзінің ұстап алушысына көп рет лақтырған команда жеңіске жетеді.

Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік.

Сабақтың соңы

5 минут

Жаңа материалдарды бекіту.

Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу.

Сабақтың қорытындысын шығару.

Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау.

Үй тапсырмасы.

Саралау

- барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады;

- оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін дамыта алады;

- көпшілік оқушыларда көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған;

- оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі;

- бірлескен жұмыстағы патриоттық сезім маңыздылығын түсінді;

Бағалау

Әр білім алушы өзінің іс-әреті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу