Зияткерлік ойындар. Дене шынықтыру, 7 сынып, презентация.
Мақсаты :
Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана білу
Сабақтың тақырыбы: Зияткерлік ойындар
Оқу мақсаты:
2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу
Бағалау критерийі:
Қазақтың ұлттық топтық және зияткерлік ойындарында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, көрсетеді
Тоғызқұмалақ ойынының ержесімен бөліседі
Жарыс барысында төрелік ету ережелерін қолданады
Берілген суреттер бойынша не ойлайсыз? Өткен тақырыппен байланыстырып көріңіз.
1-тапсырма:
«Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелерді қарастырыңыз. Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу екендігін түсіндіріңіз. Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды. Топ қатысушыларына өзінің ойыншысына көмектесулеріне болады.
Зияткерлік «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнаңыз.
Ойын кезінде қарсыласын жеңу мақсатында ойынға қарапайым тактикалық
әрекеттер құрыңыз. «Қазан», «Отау», «Тұздық», «Атсырау» терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз. Әр отаудың аттарын тоғызқұмалақ тақтасы арқылы атаңыздар.
Мысалы:
1. отау - арт,
2. отау - тектұрмас,
3. отау - ат өтпес,
4. отау - атсыратар,
5. отау - бел,
6. отау - белбасар,
7. отау - қандықақпан,
8. отау - көкмойын,
9. отау -маңдай.
Дескриптор Білім алушы
- тоғызқұмалақ ойынын ережесімен ойнайды;
- тұздық алу мақсатын ұғынады және ойында қолданады;
- қарсыласын «атсырау» жағдайына дейін жеткізеді;
- ойында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады;
- 9 отаудың аттарын атап, ажыратады;
- төрелік ету ережелерін қолданады
Тоғызқұмалақ ойынының тиімді болған негізгі стратегиялар мен тактикаларды талқылайық?
Жұптар өздерінің бірлесе қалай жұмыс істегендеріңізді бағалай аласыз?
Командада жұмыс істеу дағдылары туралы жеке рефлексиясын тыңдаңыз және оларды жеке бағалауыңызбен салыстырыңыз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру