Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 13 сабақ.
2-бөлім Командалық спорттық ойындар
Оқу мақсаты:
6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану
Сабақтың тақырыбы:
Ойын техникасының дағдысын дамыту
Сабақтың мақсаттары:
Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйретуБағалау критерийлері :
Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдана біледі
Дескрипторлар:
Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.
Тілдік мақсаттар
Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды:- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру - мәселені шешу- қауіпсіздікТалқылауға арналған сұрақтар:Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1 тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) «Ортаңғыға доп». Қатысушылар 2-3 командаға бөлініп, шеңбер құрайды. Әрбір шеңбердің ортасында қолына доп ұстаған команда капитаны болады. Белгі берілгенде капитан допты екі қолмен кеуде тұсынан командалас ойыншыға кезекпен лақтырады. Допты түсіріп алмай, қайта алуы керек. Команданың соңғы ойыншысынан допты алып (1-3 рет), капитан қолын көтереді. Допты ең аз түсірген және тез аяқтаған команда жеңімпаз атанады.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Ойын кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:
1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өтемұқият болу.Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.· Допты салмағына сәйкес таңдау.· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;«финтті» қолдана білу;Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;Бір –бірін итермеу;2-ші тапсырма:
(ЖЖ, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушыларжұпта жұмыс жасайды:Баскетболшының тұрысы:а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;в) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.Ресурстар:
Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4Баскетбол ойынының ережесін меңгертіп, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру http://orleu.kz/?p=161185Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру