Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға бағытталған физикалық жаттығулар орындау барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы жаттығуларды жылдамдыққа орындай алады.

Оқушылардың көбісі ұсынылған жаттығуларды сауатты орындау жолдарын көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды біліп, оны қолдана алуы.

Ұйымдастырушылық қасиетін көрсетуі.

Өз іс-әрекетін талдап, бағалай алуы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Серіктестік, шындық, жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

АКТ пайдалану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолданылмайды.

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.

Кроссфит тәртібінде денені қыздыру. 5 рет отырып, тұру., 30 метрге жеңіл жүгіру., 5 рет кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу., қайталап жүгіру., 5 рет отырып, тұру., 30 метрге жеңіл жүгіру., 5 рет отырып, секіру., қайталап жүгіру. Жұмыс уақыты 5 минут. Жүру, денені қалыпқа келтіру.

Мұғалім сыныпты 1-3-ші деп топқа бөлу. ЖДЖ орындамас бұрын, мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: статика дегеніміз не?, динамика дегеніміз не?. Оқушылар топта динамикалық және статикалық дене дайындығының жаттығулар жиынтығын құрастырып, орындайды. Мұғалім оқушыларды қадағалап, бағалап тұрады.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

(Ш Т Жж) Оқушылардың жылдамдық сапасын жетілдіру барысында «Салка құтқарушы» ойыны беріледі. Оқушылар алаңға шашылып, араларынан бір салканы таңдайды. Мұғалімнің дыбысы бойынша оқушылар салкадан алаңда қашады. Ал салка оқушыларды жүгіре қуып оларға қолын тигізу, қай оқушыға салканың қолы тиді сол оқушы қол жанында қатып қалады. Қалған жүгіріп жүрген оқушылар қатып қалған оқушыларды қолын тигізе құтқару керек. Ойын ойнатылып болғаннан соң қайтадан басқа салканы таңдай отырып, ойнатылады.

Келесі тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: виражбен жүгіру мен тікелей жүгірудің айырмашылығы? Оқушылар егерде жауап беруге қиналса, онда жауабын ғаламтордан іздеуге болады, бұны оқушылар топтық жұмыс кезінде қарастырады.

Вираж бойымен жүгіру. Әр топ өз жолында жұмыс жасайды. Барлық оқушылар бірнеше рет жүгіріп шығады. Талқылау кезінде топтан бір қыз және бір ұл таңдалынады. Олар қалай дұрыс жүгіру керек екенін айтып түсіндіреді. Соңында «бағдаршаммен» бағалау әдісі жүреді.

Дескрипторлар: қауіпсіздік ережелерді сақтау, көшбасшылық қасиеттерін көрсете алу, талдап және бағалау.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш және конустар.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Рефлексия:

  • Мен өзімнің жұмысымен толық келісемін – 5 рет кеудені жерден көтеру, қол бүгіп жазу.
  • Менде белгілі қиындықтар болды, бірақ мен оны жеңе аламын – 5 рет жоғарға секіру.
  • Мен бұданда жақсы жұмыс жасай аламын 5 рет отырып, тұру.

Мектеп алаңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Топтық жұмыстар кезінде сыныптастарының көмегі және мұғалімнің қолдау көрсетуі.

Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы жаттығуларды жылдамдыққа орындай алады.

Оқушылардың көбісі ұсынылған жаттығуларды сауатты орындау жолдарын көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады.

5.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға бағытталған физикалық жаттығулар орындау барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу.

Оқушылардың жылдамдық сапасын жетілдіру барысында «Салка құтқарушы» ойыны беріледі. Оқушылар алаңға шашылып, араларынан бір салканы таңдайды. Мұғалімнің дыбысы бойынша оқушылар салкадан алаңда қашады. Ал салка оқушыларды жүгіре қуып оларға қолын тигізу, қай оқушыға салканың қолы тиді сол оқушы қол жанында қатып қалады. Қалған жүгіріп жүрген оқушылар қатып қалған оқушыларды қолын тигізе құтқару керек. Ойын ойнатылып болғаннан соң қайтадан басқа салканы таңдай отырып, ойнатылады.

Келесі тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: виражбен жүгіру мен тікелей жүгірудің айырмашылығы? Оқушылар егерде жауап беруге қиналса, онда жауабын ғаламтордан іздеуге болады, бұны оқушылар топтық жұмыс кезінде қарастырады.

Вираж бойымен жүгіру. Әр топ өз жолында жұмыс жасайды. Барлық оқушылар бірнеше рет жүгіріп шығады. Талқылау кезінде топтан бір қыз және бір ұл таңдалынады. Олар қалай дұрыс жүгіру керек екенін айтып түсіндіреді. Соңында «бағдаршаммен» бағалау әдісі жүреді.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Түсіну.

Қолдану.

Бағалау.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды біліп, оны қолдана алуы.

Ұйымдастырушылық қасиетін көрсетуі.

Өз іс-әрекетін талдап, бағалай алуы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу