Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.5. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілетін білу және түсіну, сонымен қатар қарапайым альтернативті шешімдер ұсыну.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы жаттығуларды құрастыра алады.

Оқушылардың көбісі спикер ролінде бола алады.

Оқушылардың кейбіреуі ұсынылған жаттығуларға дене дайындығының жоғарғы деңгейін көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Күшті, секіргіштікті, жылдамдықты дамытуға арналған жаттығуларды білуі және оны қолдануы.

Түрлі бұлшық ет топтарына арналған дене дайындық жаттығуларының бағыттарын түсінуі.

Жаттығуларды іс-тәжірибелік әрекеттерде қолдануы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Ашықтық, жауапкершілік, академиялық шындық.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

АКТ пайдалану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=_OkLHZaqYdU

https://www.youtube.com/watch?v=C8uCSBg-QKc

https://www.youtube.com/watch?v=SMOD-mZGE1A

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Қандай бұлшық ет топтары сіздерге белгілі? Спринтерлік және стайерлік жүгіріс кезінде қандай дене сапалары жұмыс жасайды?

Жүру: жай жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып, жай жүру.

Жүгіру: бір қатармен, соңғы оқушы жылан тәріздес алдындағы оқушыларды айналып алдыға өтеді.

ЖДЖ жұпта орындау. 1-2-ге саналып жұпқа бөлу.

АЖЖ жылдамдыққа орындайды.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

(Т Жж) Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Мұғалім әр топқа тапсырмалар береді: күшке, секіргіштікке, жыдамдыққа арналған жаттығулар құрастыру.

Дескрипторлар: саралаудың қолжетімділігі.

Жаттығуларды құрастырып болғаннан соң оқушылар ғаламтордан сол жаттығуларға ұқсас нұсқасын тауып, өз жаттығуларымен салыстырып, басқа топтармен талқылап, біреуін таңдап іс-тәжірибеде көрсетеді. Мұғалім тарапынан басқа топтардың әділ бағалауын қадағалау.

Төзімділікті дамыту. 5 минут бойы оқушылар бір қалыпта жүгіреді. Мұғалім оқушылардың қарқынын қадағалап тұру.

Дескрипторлар: дұрыс қалыпты таңдау және жүгірген кезде дұрыс демалуы.

Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, уақыт өлшегіш және конустар.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны.

Рефлексия: әр топ белгілі бір пішін құрастырады, ол пішін өз топтарының эмоциалды бейнесі.

Мектеп алаңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Топтық жұмыстар кезінде сыныптастарының көмегі және мұғалімнің қолдау көрсетуі.

Деңгейлі тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әзірлеу.

Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы жаттығуларды құрастыра алады.

Оқушылардың көбісі спикер ролінде бола алады.

Оқушылардың кейбіреуі ұсынылған жаттығуларға дене дайындығының жоғарғы деңгейін көрсете алады.

5.2.5.5. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілетін білу және түсіну, сонымен қатар қарапайым альтернативті шешімдер ұсыну.

Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Мұғалім әр топқа тапсырмалар береді: күшке, секіргіштікке, жыдамдыққа арналған жаттығулар құрастыру.

Жаттығуларды құрастырып болғаннан соң оқушылар ғаламтордан сол жаттығуларға ұқсас нұсқасын тауып, өз жаттығуларымен салыстырып, басқа топтармен талқылап, біреуін таңдап іс-тәжірибеде көрсетеді. Мұғалім тарапынан басқа топтардың әділ бағалауын қадағалау.

Төзімділікті дамыту. 5 минут бойы оқушылар бір қалыпта жүгіреді. Мұғалім оқушылардың қарқынын қадағалап тұру.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу.

Түсіну.

Қолдану.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Күшті, секіргіштікті, жылдамдықты дамытуға арналған жаттығуларды білуі және оны қолдануы.

Түрлі бұлшық ет топтарына арналған дене дайындық жаттығуларының бағыттарын түсінуі.

Жаттығуларды іс-тәжірибелік әрекеттерде қолдануы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу