алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.5. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілетін білу және түсіну, сонымен қатар қарапайым альтернативті шешімдер ұсыну.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы өз деңгейлерінде оқу мақсатына бағытталған жаттығуларды орындай алады.

Оқушылардың көбісі орындалатын әрекетті талғам деңгейінде білу мен түсінуін көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі өз жас ерекшелігінен асатын нәтижелерді көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Жаттығуларды максималды түрде жан-тәнімен беріліп орындауы.

Өз идеяларын ұсынауы және қорғай алуы.

Командалық жұмысқа белсенді қатысуы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Серіктестік, шындық, құрметтеу.

Пәнаралық байланыс

Математика.

АКТ пайдалану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолданылмайды.

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.

Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Әр топта 2-3 минут жұмыс жасайды. 1-ші топтың тапсырмасы отырып, тұру. 2-ші топ отырып, жоғарға секіру. 3-ші топ бір қалыпты жүгіреді. Денені қалыпқа келтіру. Топта берілген тапсырмаларды талқылау. Мұғалімнің сұрағы қарастырылады: топтардың ішінде қай топ ең қиын тапсырманы орындады? Әр топтарда оқушылар бірін-бірі бағалау жасайды.

ЖДЖ топта орындау. Мұғалім оқушыларды қадағалап, бағалап тұрады.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: 10 секунда не істеуге болады?, шын бекен жеңіл атлеика спортшылары жаттығуларды бірнеше рет орындаса, онда уақытқа деген сезімділік пайда болады?

(Ш Т Жж) «Минут» ойыны. Уақыт сезімділігін дамытуға арналған тапсырмалар.

  • 15 секундта 30 метрді жүгіріп, өту.
  • 30 секндта 60 метрді топпен жүгіріп өту. Уақыт соңғы қатысушымен белгіленеді.
  • 2/15 метр арақашықтығы. Оқушы алақанмен шапалақ ұру арқылы эстафетаны беріп, жүгіріп өтеді. Тапсырманы орындау үшін олар 1 минут беріледі.
  • Осының алдында орындаған тапсырманы максималды жылдамдықта орындау.

Дескрипторлар: уақытты қадғалап санай алады, көшбасшылық қасиеттері көрінеді.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш және конустар.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақта болған ең басты мәлелерді қарастырып, қорытындылау.

Мектеп алаңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Топтық жұмыстар кезінде сыныптастарының көмегі және мұғалімнің қолдау көрсетуі.

Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы өз деңгейлерінде оқу мақсатына бағытталған жаттығуларды орындай алады.

Оқушылардың көбісі орындалатын әрекетті талғам деңгейінде білу мен түсінуін көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі өз жас ерекшелігінен асатын нәтижелерді көрсете алады.

5.2.5.5. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілетін білу және түсіну, сонымен қатар қарапайым альтернативті шешімдер ұсыну.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: 10 секунда не істеуге болады?, шын бекен жеңіл атлеика спортшылары жаттығуларды бірнеше рет орындаса, онда уақытқа деген сезімділік пайда болады?

«Минут» ойыны. Уақыт сезімділігін дамытуға арналған тапсырмалар.

  • 15 секундта 30 метрді жүгіріп, өту.
  • 30 секндта 60 метрді топпен жүгіріп өту. Уақыт соңғы қатысушымен белгіленеді.
  • 2/15 метр арақашықтығы. Оқушы алақанмен шапалақ ұру арқылы эстафетаны беріп, жүгіріп өтеді. Тапсырманы орындау үшін олар 1 минут беріледі.
  • Осының алдында орындаған тапсырманы максималды жылдамдықта орындау.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Түсіну.

Қолдану.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Жаттығуларды максималды түрде жан-тәнімен беріліп орындауы.

Өз идеяларын ұсынауы және қорғай алуы.

Командалық жұмысқа белсенді қатысуы.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы