Баскетбол элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 4 сынып, дидактикалық материал.


«Түлкі мен тауықтар» ойыны.

Зал ортасында квадрат түрінде гимнастикалық орындықтар қойылады. Бір жетекші — «түлкі», ал екіншісі - «аңшы» сайланады, қалған ойыншылар - «тауықтар». Залдың бір бұрышында

«ін» болады, онда «түлкі» орналасады, ал келесі бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» орындықтардың айналасында орналасады. Белгі берілгесін «тауықтар» орындыққа бір мініп, бір түсіп жүреді, екінші белгі берілгесін «түлкі»

«інінен» шығып, ең болмағанда бір аяғымен жерде тұрған «тауықтарды» ұстап алып, «ініне» апарады. Егер жолда «аңшы» кездессе, «тауықты» тастап, өз «ініне» қашады, ал ұсталган «тауық» қашып орнына барады. Егер «аңшы» «түлкіні» ұстап алса, жаңа «түлкі» сайланады. Ойын осы ержемен қайталанады. Бірде-бір ұсталмаған ойыншы жеңімпаз атанады. Мұғалім ойын барысында келесідей ережелердің сақталуына назар аударуы қажет:

  • «түлкі» «тауық қораға» кіргенде бір

«тауықты» ұстай алады;

  • бастаушының белгісі бойынша

«түлкі» «тауықты» ұстасын, ұстамасын «тауық қорадан» кетуі керек;

  • орындықтың үстінде тұрғандар бір- біріне көмектесуге рұқсат, яғни бірін- бірі ұстап тұра алады.

Белгілер: «тауыққа», «түлкіге»,

«аңшыға» белгілерді мұғалім беріп тұрады.

Оқушыларға ойынның басқа да ережесін ұсыныңыз.

Сұраңыз:

  • Бүгінгі тапсырманың қиын тұсын айта аласыз ба?
  • Түлкі образында жақсы нәтижеге қол жеткізген сыныптасыңызды атап көрсете аласыз ба?

Источник: https://www.slavyarmarka.ru/tv-igra-udochka/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу