Баскетбол элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 4 сынып, дидактикалық материал.
«Атымды айтып шақыр!» ойыны.
Сыныпты бірнеше шағын топтарға бөліп, әр топ шеңберге тұрады. Шеңбердің ортасында бір ойыншы баскетбол добына иелік ету қозғалысында болады (допты жерге ұру, жоғары лақтырып ұстап алу, қолдан қолға ауыстыру, денені айналдырып қолдан қолға ауыстыру т.с.с.). Мұғалімнің белгісі бойынша ортадағы ойыншы допты жоғары лақтырады да шеңберде тұрған кез-келген ойыншының атын атап шақырып өзі ортадан кетіп қалады, ал есімі аталған ойыншы доп жерге түскенге дейін оны ұстап алу керек. Осылай ойын жалғасады. Допты аз мөлшерде жерге түсіріп алған топтар жеңімпаз болып танылады. Мұғалім оқушыларға доппен ойнау барысындағы қауіпсіздік ережелері мен бір-біріне деген сыйластықтары туралы ескертеді.
Оқушыларға дер кезінде допты ұстап алуға, иелік етуге және командадағы іс-әрекетті үйлестіру қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету маңызды.
Сұраңыз:
- Допқа иелік етуде сізге қандай дағды жетіспейді?
- Жетілдіру үшін басқа да жаттығулар ұсына аласыз ба?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру