Қазақ ұлттық ойындар. Дене шынықтыру, 4 сынып, дидактикалық материал.
Ойын Хан Алшы
«Хан алшы» ойынының мәні – ойлау қабілетін, зейінді, ықыластылық пен бипаздықты дамыту. Бұл ойынға 5 оқушыдан 10 оқушыға дейін қатыса алады. Ойынды ойнау үшін барлық қатысушыларға асық жеткілікті болуы қажет. Асықтардың ішінен ең ірісін таңдап алып, оны қызыл түске бояу керек. Бұл асық «хан» болады. Ойын санамақ арқылы жүргізушіні таңдаудан басталады, ол асықтардың барлығын алақанына жинап, шеңбер бойымен отырған ойыншылардың алдына лақтырады, солайша «хан» қай жағымен түскендігін мұқият қарап алады. Егер «хан» «бүк», «шік» немесе «тайқы» түссе, жүргізуші сұқ саусақпен, бас бармақ көмегімен ең жақында жатқан асықтарды атуы керек. Атылған асықтарды жүргізуші өзіне алады. Міндетті шарт — «ханды» «хан» түскен жақпен түскен соңғы қалған асықпен ғана атуға болады. Егер жүргізуші басқа асықтарға қолымен немесе асықпен тиіп кетсе, жүргізуші болып басқа ойыншы таңдалады. Егер «хан» «алшы» болып түссе, әр ойыншы оны атып алуға тырысуы қажет. Солайша, «ханды» кім иеленсе, сол жеңімпаз болады. Келесі ойынды жеңімпаз бастайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру