Дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 69 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 69

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім. Топтық ойындар элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дамытатын ойындар

Оқу мақсаттары

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау

3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтау және басқалардың жаттығуларын орындау сапасын талқылау

 Сабақ мақсаттары

  • Іс-әрекет барысында командалық жұмыстың мағынасын түсіну, көшбасшылық рөлдермен алмасып жұмыс жасау және өзінің, өзгенің жұмысын талқылау.

 Бағалау критерийлері

  • Іс-әрекет барысында командалық жұмыстың маңызын түсінеді,
  • Көшбасшылық танытып рөлдермен ауысып жұмыс жасайды,
  • Өзінің және өзгенің жұмысын талқылайды, кемшіліктерді анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Командалық ойындарда физикалық қасиеттерінің дамуымен қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • жарақат алу, ереже, қауіпсіздік
  • дәлдік
  • жүгіру, жүру
  • допты алып жүру, допты қайтару, допты лақтыру
  • команда, көшбасшы, бір-біріне көмектесу
  • шығармашылық, қабілет
  • эстафеталар, қозғалыс идеялары
  • баламалы шешімдер, стратегия, жоспарлар

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Командада жұмыс істеу дағдысын қалай жақсарта аласыз?
  • Бұл ойындар әріптестік дағдысына ықпал ете ме және олар нені дамытады?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Физика және биология сабақтарымен байланыстыру.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдікдағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

  • Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
  • Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

  • Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
  • Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
  • Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
  • Өкшені артқа лақтырып жүгіру
  • Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
  • Артпен жүгіру
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек.

Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

«Дамытатын ойындар»

Оқу мақсатына қол жеткізу үшін, тақырыпқа сәйкес оқушыларға тапсырманы түсіндіру. Тапсырма болсын, қимылды ойындар болсын ең бастысы қауіпсіздік ережелерін ескеру керектігін түсіндіру.

«Доп жоғарыға» ойынын ойнату.

Алаңға үлкен шеңбер сызылады. Оқушылар шеңбердің ішінде жүреді. Ойынды бастаушы мұғалімнің белгісімен допты жоғарыға лақтырады. Сол кезде ойынға қатысушылар доптан қаша бастайды. Бастаушы допта қайта қағып алып, «ТОҚТА!» деп дауыс шығарды. Сол кезде ойыншылар тоқтап, бір орында тұрып қалады. Допты қағып алған бастаушы, өзіне жақын орналасқан ойыншыларды доппен ұрып, ойыннан шығара бастайды. Ойында рөлдерді ауыстырып, балама түрін қарастырып ойнатуға да болады.

«Допты лақтыр» ойынын ойнату.

Оқушылар тең екі топқа бөлініп, бірінші топ алаңда бір-біріне қарама қарсы сызыққа тұрады. Екінші топтың ойыншылары ортадан бір-бірлеп жүрулері тиіс. Сол кезде бірінші топ ойыншылары оған доп атады. Ол ойыншы доптан қашуы тиіс. Барлық ойыншы ортамен жүріп өткенше бірінші топтың ойыншылары допты лақтырады. Кейін топтар ауысып ойын жалғасады.

Дискриптор:

  • Ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды;
  • Көшбасшылық рөлдерді көрсетеді;
  • Кемшіліктерді талқылап, ұсыныс айтады.

Қорытынды жасау. Бағалау.

Оқушылармен ойындарды талқылау. Ойын кезінде рөлдерді қалай игергендігін сұрау. Әр ойын кезіндегі оқушылардың кемшілігін, жетістіктерін жекелей атап өту. Оқушылардың ойындарды ойнау кезінде қимыл-қозғалыста болып, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдірудегі жұмыстарын атап өту.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге ысқырық, бор, фишкалар, қағаз(қалпақ).

Қозғалмалы ойындардағы қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Ашық сұрап-жауаптар

Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.
  • Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
  • Сабақта оқушыларға тапсырмалар немесе жаттығулар төменнен жоғарыға қарай беріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз:

Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және бармақ арқылы бағалау және жаттығуларды орындау

Оқушылар қозғалыс дене жүктемелері дағдыларына

арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу