Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 4
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дене шынықтырумен айналысқанда денені қыздыру мен босаңсыту маңызын түінеді | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді). | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте іс- шаралар кезінде жеңіл атлетика бойынша түсінігі бар. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Ж, Б, ҚБ) «Қоян, күзетші және күшік» Алаңның ортасында оқушылар қысқа секіртпе жіпті «дуал» 40-60 см биіктікте ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісімен «қояндар» (әр «іннен» бір-бірден, секіртпе жіптен жоғары немесе төмен) жүгіріп шығып, «дуалдан» секіріп түсіп «бақшаға» түседі. «Күзетші» шығып, алақанын соғады. «Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді. «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады. «Күшікке» бірде-бір рет ұстатпағандар жеңіске жетеді. Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстырады. Осы ойынды өткізу барысында ойын ережесінің орындалуы мен тәртіптің сақталуын қадағалаңыз. «Дуалда» тұрған оқушылар ауысады. Ол жерге «күшік» ұстап алғандарды қоюға болады. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау | Әр іс-әрекетке үлкен, бос кеңістік. Таңертеңгілік гимнастика кешені: http://festival.1september.ru/articles/631305/ «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар» сілтемесі: http://ktonazdorovogo.ru/kartoteka-podvizhnyx-igr-s-pryzhkami-dlya-detej.html | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру