А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Органикалық молекулаларды өрнектеу
Органикалық қосылыстардың формуласын жазғанда олардың химиялық құрамын ғана көрсету жеткіліксіз. Себебі, екі қосылыстың құрамы бірдей бірақ қасиеттері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда органикалық қосылыстарды суреттеудің бірнеше әдісі бар. Мысалы ретінде құрамы С4Н10 және С6Н6 болып келетін екі қосылыстың формулаларын әртүрлі жолмен өрнектеп көрейік.
Формуланы өрнектеу түрі | Алатын ақпарат | Мысалы |
Брутто формула | Қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің ең кіші қатынасын береді | 1. С2Н5 2. СН |
Молекулалық формула | Қосылыстың сандық және сапалық құрамын көрсетеді. Бірақ элементтер қандай ретпен байланысқан, қандай функцияналдық топтар бар екені туралы ақпарат бермейді. Сондықтан органикада молекулалық формула жиі қолданылмайды. | 1. С4Н10 2. С6Н6 |
Құрылымдық формула | Қосылыстың сандық, сапалық құрамын және элементтер қандай ретпен байланысқанын, қандай функцияналдық топтар бар екені туралы ақпарат береді. Бұл формула бөлек сызықтар арқылы молекуладағы барлық байланыстарды көрсетеді. Әр байланыс сызығы ортақ жұп электронды қамтитынын ұмытпау қажет. Бірақ бұл қосылыстың кеңістікте қалай орналасатыны және байланыс бұрышы, ұзынды туралы ақпарат бермейді. Назар аударыңыз! Бутанның құрылымдық формуласы оның шын мәніндегі пішінімен сәйкес келмейді. Бутан жазық емес және байланыс арасындағы бұрыш 90° бола алмайды. | |
Графикалық (қаңқалық) формула | Барлық көміртек және сутек атомдары тізбектен алынып тасталынады, тек қана функционалдық топтармен көміртекті қаңқа қалады. Бұл құрылымдық формула беретін ақпараттардың барлығын береді, артықшылығы графикалық формуланы жазуға аз уақыт кетеді. | |
Электрондық формула | Қосылыстың сандық, сапалық құрамын, элементтер қандай ретпен байланысқанын, қандай функцияналдық топтар бар екенін және байланысқа қатысқан электрондар туралы ақпарат береді. Бірақ бұл қосылыстың кеңістікте қалай орналасатыны және байланыс бұрышы, ұзындығы туралы ақпарат бермейді. Кілт ● – көміртек атомының валенттілік электроны; х – сутек атомының валенттілік электроны; Электрондық формуланы салу кезінде элементтердің тек сыртқы қабатындағы электрондар ғана салынады. |
Үш өлшемді (3D) құрылымдық формулала | Қосылыстың сандық, сапалық құрамын және элементтер қандай ретпен байланысқанын, қандай фукнцияналдық топтар бар екенін, кеңістікте қалай орналасатынын, байланыс бұрышын көрсетеді. Үш өлшемді (3D) құрылымдық формулаланы жазуда Ол үшін арнайы шартты белгілерді қолдану қажет: 1. Парақтың жазықтығындағы байланыс: Жазықтықтық бойында мүмкіндігінше ең көп атом орналасуы шарт. 2. Байланыс парақтың артынан өтеді: 3. Байланыс парақтың алдынан өтеді: |
Органикалық заттардың химиялық формулалары
Химиялық формула — химиялық жеке заттар молекуласының құрамын химиялық таңба және сан арқылы белгілеу. Химиялық формула молекуланың сапалық және сандық құрамын көрсетеді. Органикалық заттардың химиялық формулаларын жазудың бірнеше түрі бар:
- Органикалық заттың қарапайым формуласы (эмпирикалық формула) – сол органикалық заттың құрамындағы атомдар қатынасы ең кіші бүтін санмен берілген формула. Мысалы, органикалық зат 2 көміртегі, 4 сутегі және 2 оттегі атомдарынан тұрады десек, онда оның қарапайым формуласы төмендегідей анықталады:
- Органикалық заттың құрамына кіретін (AxByCz) элементтердің индекстері (x,y,z) анықталады. Мысалыға алған органикалық заттың құрамына 2 көміртегі, 4 сутегі және 2 оттегі атомдары бар, сәйкесінше индекстері С2Н4О2
- Органикалық заттың құрамына кіретін (AxByCz) элементтердің индекстерінің (x,y,z) ең кіші қатынасы анықталады. Құрамына хА, уВ және zС атомы кіретін органикалық затта, ең аз С элементі болсын делік, онда индекстердің қатынасы төмендегідей анықталады:
x:y:z =
Мысалы, С2Н4О2 қарапайым формуласы: CH2O (x:y:z = =1:2:1)
- Молекулалық формула (брутто формула) – молекула құрамында әрбір элементтен неше атом бар екенін дәл көрсететін формула, бірақ молекуланың құрлысын көрсетпейді. Мысалы, органикалық зат 2 көміртегі, 4 сутегі және 2 оттегі атомдарынан тұрады десек, онда оның молекулалық формуласы (брутто формуласы) - С2Н4О2;
- Роционалды формула – молекуланың құрамына кіретін, белгілі бір классқа жататындығын көрсететін, функционалдық топтың көрсетілуі арқылы жазылған формула. Мысалы, молекулалық формуласы - С2Н4О2 болатын органикалық зат карбон қышқылдары классына жатады делік, онда карбон қышқылдары классының функционалдық тобы –СООН, онда молекулалық формуласы - С2Н4О2 болатын органикалық заттың роционалды формуласы СН3СООН.
- Құрылымдық формула – молекуланың құрамына кіретін элементтердің жазықтықа қалай орналасатындығын көрсететін формула. Мысалы, роционалды формуласы СН3СООН болатын органикалық заттың құрылымдық формуласы төмендегідей жазылады:
Мұнда барлық элементтер өздерінің валенттілігін сақтап, органикалық заттардың құрлыс теориясына бағыныпорналасқан.
- Электрондық формула – молекуланың құрамына кіретін элементтердің сыртқы қабатындағы электрондардың көрсетуі арқылы жазылған формула. Мысалы, роционалды формуласы СН3СООН болатын органикалық заттың электрондық формуласы төмендегідей жазылады:
Мұндағы * - сутек атомының сыртқы қабатындағы валенттілік электрондар;
- көміртек атомының сыртқы қабатындағы валенттілік электрондар;
х - оттек атомының сыртқы қабатындағы валенттілік электрондар;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру