Гальванопластика және гальваностегия. Химия, 11 сынып, қосымша материал.
Гальваностегия мен гальванопластика
Металдандыру (plating) сыртқы түрін және ұзақ сақталуын арттыру мақсатында металды немесе басқа да материалдарды, мысалы, пластика я фосфорды берік, түзу металды қабатпен қаптау. Бұрынғы кезде затты қаптау («Шеффилді тарелка») әдісі ретінде Т.Булсовер ойлап тапқан процес қолданылатын. Бұл қаптау әдісі күмістің екі қабаты арасындағы жездің бір қабатынан тұратын. Қазіргі кезде заттың сыртын алтын, күміс, тат баспайтын болат, палладий, мыс және никель сияқты материалдармен қаптау барысында оны қажет деп тапқан металдың ерітіндісіне батырып сосын электрохимиялық немесе химиялық әдіспен (гальвандау) сыртына сіңдіреді. Қаптауларды сәнділік үшін жасайды, бірақ көбінесе оларды тат баспау үшін және беріктігін арттыру үшін қолданады. Көптеген көліктердің тетіктерін, электр бұйымдарды, қыш пен асхана құралдарды, темірден жасалған тауарларды, су жүргізетін құбырларды, электронды құрал-жабдықтарды, сымдарды, ұшақтар мен ғарыштық аппараттарына арналған бұйымдарды және құрал-саймандарды қызмет ету мерзімін арттыру үшін металдармен қаптайды.
Гальванотехника – қолданбалы электрохимияның ең ірі қатарына жататын екі негізгі бағытты қарастырады: ол гальваностегия және гальванопластика.
Гальванотехника — қолданбалы электр-химияның бір саласы: ол металл және металл емес бұйымдардың сыртына электролиз әдісімен басқа бір металды жалату, жабу процестерін қамтиды. Ерімтал аноды бар электролиз қазірде аса таза металдар алу үшін, мәселен, мысты электролиттік тазалау, бір металды екінші металмен қаптау кезінде қолданылады. Ерітіндіден ток жүрген кезде ондағы никель иондары тотықсызданып барып, катод бетіне қонады, ал оның орнын анодтан еріген иондары толтырып отырады. Электролиз жәрдемімен бір металды екінші металл бетіне жалату гальваностегия деп аталады.
Гальваностегия (гальвано және грек. stg – қаптаймын, жабамын) – электролиттік тұндыру әдісі арқылы бұйым бетіне қорғаныш немесе сәндік металл қаптама жасау. Электролизді таза металдар мысалы мыс алюминий өндіруге қолданады
Гальваностегиядағы технологиялық процесс келесі төрт операциядан тұрады: қаптаманы қондырмас бұрын металл бетін дайындау, қаптаманы қондыру, қапталған бұйымның бетін өңдеу, қаптаманы тексеру.
Гальвани әдісімен жалату — металл бұйымдарының сыртқы бетінің физикалық-химиялық ерекше қасиеті болуы, әрі тоттанбауы және ажарлы болуы үшін электр тоғымен өте жұқа қабыршақ жалату процесі. Мысалы, мыс немесе жез бұйымдарының сыртына никель, хром, күміс, алтын жабу, ал болат темір бұйымдарын мырыш,қалайы, никель, мыс немесе хром жабу.
Гальванопластикаға – әртүрлі бүйымдардың көшірмесін көбейтуге және дайындауға арналған қалың металдық тұнбаларды электрлік шөктіру жатады.
Гальванопластика металды электрлік тұндыру жолымен дәл металдың көшірмесін алуға қызмет атқарады және күрделі пішінді трубаларды, фольгаларды, құмыраларды, қаламсаптың қалпағын және түйме жасауда, торшаларды, мүсіндер, төсбелгілер жасауда қолданылады.
Гальванопластиканың негізгі технологиялық операциялары мыналар:
- Металдық немесе металл еместік формаларды дайындау
- Өткізгіш қабатты қондыру(металл еместік формалар үшін)
- Бөлінетін қабатты қондыру(металдық формалар үшін)
- Металды электрохимиялық тұндыру
- Форманы алынған көшірмеден бөліп алу және соңғы өңдеуді жүргізу
Электролиттердің құрамы гальванотехникада қолданылған электролиттер тәрізді болып келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?