Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні:______________________________________________Сынып:
Оқу мақсаты:
11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару
Бағалау критерийлері:
-Күкірт қышқылы өндірісін қайтымды үдеріс ретінде түсіндіреді және тепе – теңдік жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алады
-Өнімнің теориялық мүмкіндік бойынша шығымы мен әрекеттесуші заттардың біреуінің құрамындағы қоспасы бойынша өнімнің көлемін есептейді.
1. Суретте күкірт қышқылы өндірісінің бірінші сатысы көрсетілген.
(a) Пиритті жоғары температурада жақпас бұрын не себепті ұсақтайды?
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(b) Пириттің жану реакция теңдеуін жазып теңестіріңіз.
_______________________________________________________________________
(c) Күкірт қышқылы өндірісінің екінші сатысында жүретін күкірт диоксидінің жану реакциясы қайтымды. Осы реакцияда өнімнің шығымын арттыру үшін қолданылатын тиімді жағдайды cипаттаңыз.
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(d) Не себепті күкірт триоксидін суда ерітпейді?
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
2. Массасы 1,6 кг күкірт диоксиді тотыққанда 1,6 кг күкірт триоксиді алынды. Теориялық мүмкіндік бойынша өнімнің шығымын анықтаңыз.
3. Күкірт қышқылы өндірісінде түйіспелі аппаратта 2 м3 (қ.ж.) күкіртті газдан (SO2) 7 кг күкірт газын(SO3) алды. Өнімнің теориялық мүмкін мөлшерден процентпен алғанда шығымы нешеге тең?
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | ||||
-Күкірт қышқылы өндірісін қайтымды үдеріс ретінде түсіндіреді және тепе – теңдік жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алады |
| ||||
-Өнімнің теориялық мүмкіндік бойынша шығымы мен әрекеттесуші заттардың біреуінің құрамындағы қоспасы бойынша өнімнің көлемін есептейді |
| ||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?