Карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері. Химия, 11 сынып, қосымша материал 1.


1 тапсырма

Берілген қосылыстардың - СН3СООН немесе СН3СН2СН2СН3 қайсысының судағы ерігіштігі жоғары? Жаубыңызды түсіндіріңіз.

2 тапсырма

Берілген қосылыстардың СН3СН2СООН или СН3СН2СН2СН2СН2СООН қайсысының судағы ерігіштігі жоғары? Жаубыңызды түсіндіріңіз.

3 тапсырма

Май қышқылының (бутан қышқылы) судағы ерігіштігін 1-бутанолдың судағы ерігіштігімен салытырыңыз.

4 тапсырма

Қай қосылыстың қайнау температурасы жоғары - бутан қышқылы (молярлық массасы 88) инемесе 2-пентанон (молярлық массасы 86)? Жаубыңызды түсіндіріңіз.

5 тапсырма

Қай қосылыстың қайнау температурасы жоғары - СН3СН2СН2СН2СН2ОН немесе

СН3СН2СН2СООН? Жаубыңызды түсіндіріңіз

6 тапсырма

Неліктен карбон қышқылдарының балқу температуралары зигзаг тәрізді өзгереді?

7 тапсырма

Пентан қышқылының қайнау температурасы 1860 С, ал 3-метилбутан қышқылының қайнау температурасы 176,70 С. Екі қышқылдың құрамындағы көміртек атом саны және молярлық массалары бірдей. Неліктен қайнау температуралары әр түрлі?

Жауаптары:

1 тапсырма

CH3COOH – карбон қышқылы, карбон қышқылы мен су молекулаларының арасында сутектік байланыс түзіледі. (CH3CH2CH2CH3 алкандарға жатады, молекулааралық сутектік байланыс жоқ).

2 тапсырма

СН3СН2СООН көміртсутек радикалы қысқа, сондықтан ерігіштігі жоғары.

3 тапсырма

Май қышқылының ерігіштігі жоғары болады, себебі сутектік байланыстары көбірек.

4 тапсырма

Бутан қышқылының қайнау температурасы жоғары, себебі млекулалар арасында сутектік байланысы бар ( 2-пентан – кетон - сутектік байланыс жоқ)

5 тапсырма

СН3СН2СН2СН2СН2ОН спирт , ал СН3СН2СН2СООН карбон қышқылы. Карбоксил тобындағы сутек атомында оң заряд көбірек: электртерістігі жоғары оттек гидроксил тобынан электрондық тығыздығы күштірек өзіне қарай ығыстырады, сондықтан қышқылдың қайнау температурасы жоғары.

6 тапсырма

Қатты күйден сұйық күйге өту (кристалдың бұзылуы) молекулааралық өзара әрекеттестіктің беріктігі ғана емес, сонымен қатар кристалл торында молекулалардың орналасуы да әсер етеді. Молекуладағы көміртек атомдарының жұп немесе тақ сандарына байланысты кристалда карбоксил топтарының өзара орналасу бұрышы тәуелді болады. Осыған байланысты молекулалар арасында екі немесе бір сутегі байланысы пайда болады және бұл кристалдың беріктігіне қатты әсер етеді.

7 тапсырма

3-метилбутан қышқылы н-пентан қышқылының измері болып табылады. Тармақталған көміртек радикалы тармақталмаған көміртек радикалына қарағанда карбоксил тобына электрондық тығыздықты ығыстырады, О- Н байланысының полярлығы кемиді, сутектік байланыстары әлсіздеу болады, сондықтан 3-метилбутан қышқылының қайнау температурасы төменірек болады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?