Азот пен фосфор қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолдану. Химия, 10 сынып, қосымша материал 2.


Біз  тыңайтқыштар  туралы не білеміз ?

ҮА  тобында орналасқан  азот және фосфор элементтерімен, олардың маңызды қосылыстарымен таныстық.  Олардың  тірі ағзалар үшін маңызы зор.

Азот ақуыз, көмірсулардың құрамына кіреді,  ал фосфор адам қаңқасында 600г, бұлшық еттерінде – 56г,  ми  мен жүйкелерінде 5г  болады.

Ағзада фосфор  мен азот жетіспесе ағза сүйектері сынғыш  болады.

Азот пен фосфордың тірі табиғаттағы  да маңызы өте зор. Агрохимияның негізін қалаушылардың бірі неміс химигі, академик Юстус фон Либих 1840ж. өсімдіктерді минералды қорғау теориясын ұсынды. 

Ол  көптеген анализдер  негізінде әр өсімдікке қалыпты тіршілік ету үшін

С, Н, О, Р, К, Са т,б, элементтер  қажет  екенін дәлелдеді.

Олардың  кейбіреулерін өсімдіктер көп  мөлшерде  қажет  етеді, енді  кейбіреулерін  аз тұтынады.  Өсімдіктердің  элементтерді  тұтыну мөлшеріне байланысты  олар  макро-  және  микроэлементтер  болып  бөлінеді. 

Ал, Р, К, жәнеN өте көп  мөлшерде  қажет,  сондықтан  олар кенеулі  элементтер деп  аталады.  Өндірісте  құрамында осы элементтер бар тыңайтқыштар өндіріледі.

Азот тыңайтқыштары

Фосфор тыңайтқыштары

CO(NH2)2    -  карбамид

NH3*H2O - аммиак суы

Ca(NO3)2   - әк суы

Ca(CN)2  - кальций цианиді

 

Са3(РО4)2   - фосфорит ұны

Са(Н2РО4)2  - жай суперфосфат

Са(Н2РО4)22О - қос суперфосфат

СаНРО4*2Н2О - преципитат

NH4H2PO4  - аммофос

(NH4)2HPO4  - диаммофос

Ауаның құрамында 78% азот бар,  бірақ  сонда  да өсімдіктерге азот жетіспей, аз өнім  беріп  жатады.  Бұл  неге  байланысты ?  Өсімдіктер азотты ауадан сіңіре алмайды  екен,  олар  оны  тек нитрат, аммоний  иондары  түрінде  ғана сіңіре  алады екен.  Оларға  азотты  ионға  айналдыруға  асбұршақтылардың  түйнектерінде болатын  түйнекті  бактериялар  көмектеседі екен.  Олар  ауадағы  азотты сіңіріп,  ионға  айналдырып,  оны өсімдіктерге  береді,  өсімдіктерден  органикалық  заттар алады  да,  өсімдіктермен селбесіп  симбиозды  тіршілік  етеді.

Тыңайтқыштарды  арнаулы  қоймаларда  сақтау  керек  және  мөлшерден  тыс  пайда-ланбау  керек,  өйткені  олар  қоршаған  ортаны ластауы мүмкін.  Жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер, нитраттарды бойына көп мөлшерде жинайды. Нитраттарды бойына көп мөлшерде жинауға бейім өсімдіктерді  көлеңкелі жерлерде өсіруге болмайды. Ондай өсімдіктерге сәбіз, орамжапырақ, пияз, қарбыз, қауын, қызанақ т.б. жатады.  Егер адамның салмағының әрбір  килограмына тәулігіне 5мг нитрат сәйкес келсе,  бұл адам ағзасына қауіпті мөлшер депес ептеледі. Ал нитраттар  көп  жемістер  адамды  әртүрлі  ауруларға  ұшыратады  Тыңайтқышпен жұмысжасағанда  да  сақтық  шараларын  сақтау керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!