р – элементтердің периодтық кестеде орналасуы, атом құрылысының ерекшелігі. Алюминий және оның қосылыстары. Химия, 10 сынып, қосымша материал 2.


Авиация

Әуе кемелері құрылысында алюминий негізгі конструкциялық материал болып табылады. Алюминийді ұшақтың негізгі бөлігінің ішкі балқытылған қондырғысында (фюзель, қанаты, киль және т.б.) және ішкі қаптамасында қолданады.

Кеме құрылысы

Кеме құрылысында алюминий мен оның құймаларыны кеңінен қолданылады. Алюминий құймаларынан кеме корпустарын, палуба, байланыс құралдарын және басқа да кеме қондырғыларын жасауда қолданылады. Алюминий мен оның құймаларының болаттан ерекшелігі – кеме массасын 50 – 60 % дейін азайта алады. Осының нәтижесінде кеменің жүк көтеру мүмкіндігін немесе оның тактика-техникалық сипаттамаларын (жылдамдығы, оңтайлылығы т.б) арттыруға болады.

Темір жол көлігі

Темір жол көлігін жасауда жоғарғы беріктілігіне, төмен инерция күшіне, жемірілуге тұрақтылығына байланысты алюминий мен оның құймалары кеңінен қолданылады. Алюминий мен құймаларын қолдану - қолдану ұзақтығын арттыратын болғандықтан кейбір химиялық және мұнай өнімдерін тасымалдауда қолданылады. Сонымен қатар, вагондардың корпусын жасауда да пайдаланылады.

Автокөлік

Көлік жасауда қолданылатын материалдарға қойылатын басты талап – салмағының аз болуы және жоғарғы беріктігі. Сонымен қатар жемірілуге тұрақтылығы мен материалдың беткі қабатының өңдеуге қолайлылығы да ескеріледі. Алюминий мен оның құймалалрының беріктілігі оның жүк көтеру көрсеткіштерін арттырады. Жемірілуге тұрақтылығы жоғары концентрациялы сұйықтықтар мен газдарды тасымалдауда қолайды болып табылады.

Құрылыс

Алюминий мен құймаларын құрылысқа енгізу метал сыйымдылығын, экстремалды жағдайларды (төмен температура, жер сілкіну және т.б.) конструкциялардың қолдану ұзақтылығы мен сенімділігін арттырады.

Мұнай және химия өнеркәсібі

Алюминий құймаларының жоғары меншікті беріктігі бұрғылау қондырғыларыны массасын азайтуға мүмкіндік береді, оларды тасымалдауды жеңілдетеді. Жемірілуге тұрақтылығы бұрғылау қондырғыларының, мұнай газ тасымалдайтын құбырлардың сенімділігін арттырады. Сонымен қатар мұнай мен оның өнімдерін сақтайтын ыдыстар жасауда қолданады.

Электрика

Электр тогын жақсы өткізетін қасиетіне байланысты, сонымен қатар, жемірілуге тұрақтылығына, массасының аздығына, мыс құймаларымен салыстырғанда төмен бағасына байланысты алюминий сымдар электроэнергетикада қолданылады.

Тұрмыста қолданылуы

Алюминийдің түрлі тағам өнімдеріне әсерін зерттей келе ғалымдар алюминий ыдыстарда сақталатын тағамдар құрымындағы витаминдер сақталады деген тұжырымға келді. Осы ашылымнан кейін алюминий ыдыстар тағам өнеркәсәбәнде кеңінен қолданыла бастады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста қолданылатын ет тартқыш, қасық, кеселердің кейбір түрлері де алюминийден жасалады. Алюминий фольгасы тамақ өнімдерін қаптауда



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?