Периодтық кестедегі р –элементтердің орны, атом құрылысының ерекшеліктері. Алюминий және оның қосылыстары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: НЗМ ФМН Орал қаласы 10.4А Маңызды р-элементтер және қосылыстары. (9 с) Күні Мұғалімнің аты-жөні: Жаннатова Айнаш Климовна Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы | Периодтық кестедегі р –элементтердің орны, атом құрылысының ерекшеліктері. Алюминий және оның қосылыстары. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.1.31 атомдардың құрылымы тұрғысынан топтар мен периодтағы p-элементтерінің және олардың қосылыстарының қасиеттеріндегі өзгерістердің заңдылықтарын түсіндіру; 10.2.1.32 алюминий оксидінің және гидроксидінің амфотерлік қасиеттерін зерттеу; 10.2.1.33 алюминий мен оның қорытпаларын пайдалануды сипаттайды; |
Сабақтың мақсаттары | 13 топ металдарының қасиеттері мен реакцияларын білу. Құймаларының қолданылуын білу. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Барлығы, көпшілігі, кейбіреулері және ешқандай сөздерін пайдалана отырып, 13-ші топтағы металл реакциялары туралы білімдерін ауызша және жазбаша жинақтау Пәнге қатысты лексика мен терминология Периодтық кесте, сыртқы қаптама, байланыстар, құрылыс, реакция, металл, ерітінді, жалын жұмсақ, жылтыр, қарқынды, екідайлы реакцияға түсу, жану, тоқтату Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Барлығы/көпшілігі/кейбіруелері 13-топ металдары … болып табылады Олардың барлығы/көпшілігі/кейбіреулері Х түсімен тұнба береді /байланыс түзеді/сыртқы қаптама электрондарынан тұрады … Суда, олар/кейбіреулері/1-топ металдары қарқынды/баяу ерітеді/сілтілі ерітіндіні тоқтатады |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары:
көрсетілім жасау, жеке және сыныппен бірлесіп жұмыс жасау барысында орын алады. |
Пән аралық байланыстар | Химия өнеркәсібін географиямен, физикамен, өндіріспен, өмірмен байланысы бар |
АКТ қолдану дағдылары | Bilimland сайты қолданылады, презентация |
Бастапқы білім | Бұрын оқып танысқан барлық тақырыптар аталған бөлім үшін қажет Әсіресе металдардың салыстырмалы қасиеттері маңызды. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Сыныппен сәлемдесу, оқушыларға сабақта сәттілік тілеу. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру | Презентация | |||||
10-20 мин 20-27 мин 27-37 мин | Тапсырма№1 Жұптық жұмыс. Мақсаты:алған білімдерін шығармашылық жұмыстармен дамыта түсу.Оқушыларды тиянақтылыққа, қайталау, есте сақтауға,салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеуОқушы іс- әрекеті: Оқушыларға AL , оның ПЖ орнына байланысты атом құрлысына сипаттама беру, химиялық, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат беру.Мұғалім іс- әрекеті: . Ол үшін оқушыларға арнайы кесте беріледі, оқушылар периодтық жүйеге қарап отырып, оны толтырады, тұжырымдарын шығарады. Өздік бағалау жүргізіледі. Оқушылар өз жұмыстарын өздері тексеріп, өздері бағалайды. Оқушылар жұмыстарын бағалап өздеріне қорытынды шығарған соң,мұғалім ноутбуктарды ашып сайтқа кірулеріне рұқсат береді. Тапсырма №2 Топтық жұмыс. bilimland.kz сайтынан алюминийдің құймалары және қолданылуын қарастыру . Видеода алюминийдің жер қыртысында таралуы,құрамында алюминий бар минералдар және алюминийдің құймаларының қолданылу аясы көрсетіледі.Видеоны көріп болған соң оқушылар қолданылуы бойынша постер ретінде сызбанұсқа құрастырады. Оқушылар топта бір –бірінің жұмысын дескрипторларға сәйкес бағалайды. Тапсырма №3 Зертханалық тәжірибе орындау Мақсаты: Алюминий қосылыстарының амфотерлі қасиеттеріне сипаттама беру, қосылыстарының қасиеттерін зерттеу. Оқушы іс- әрекеті: Алюминий қосылыстарына сипаттама береді,тәжірибе жасайды, зерттейді, тиісті реакция теңдеулерін жазады. Мұғалім іс- әрекеті: . Мұғалім оқушыларға алюминийдің химиялық қасиеттері бойынша білімдерін анықтау үшін, дәптерлерінде сәйкес реакция теңдеулерін жазуға деңгейлік тапсырма береді. Уақыт аяқталған соң мұғалім тексеріп шығып,қорытынды жасайды. Негізгі сипаттама:▪ Al₂ O₃ - Аталуы, физикалық қасиеті: Алюминий оксиді, боксит, глинозем, корунд, ақ түсті қатты зат, суда ерімейді.Алынуы: 4АІ+3О₂ → 2Al₂O₃2Al(OH)₃ → Al₂O₃+ 3H₂OХимиялық қасиеті(екідайлы): Al₂O₃+6HCl→2AlCl₃+3H₂OAl₂O₃+2NaOH→2NaAlO₂+H₂O▪ Al(OH)₃ - Алюминий гидроксиді, ақ түсті іркілдек ұйыған айран тәрізді зат.Алынуы: AlCl₃+3NaOH→ Al(OH)₃+3NaСlХимиялық қасиеті(екідайлы): Al(OH)₃+3HCl→AlCl₃+3H₂OAl(OН)₃+NaOH→NaAlO₂+2H₂O№6 Зертханалық тәжірибе орындау:Алюминий сульфатының ерітіндісінен сынауыққа құйып алып, үстіне тұнба пайда болғанша натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңдар. Алынған тұнбаны екіге бөліңдер:а) бірінші сынауықтағы тұнбаға сілті ерітіндісінің артық мөлшерін құйыңдар.ә) екінші сынауықтағы тұнбаға тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдарБақылағандарыңды түсіндіріңдер, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.AI₂ (SO₄)₃+6NaOH → 2AI(OH)₃ +3Na₂SO₄Al(OН)₃+NaOH→NaAlO₂+2H₂OAl(OH)₃+3HCl→AlCl₃+3H₂O Мұғалім оқушыларға алюминийдің химиялық қасиеттері бойынша білімдерін анықтау үшін, дәптерлерінде сәйкес реакция теңдеулерін жазуға деңгейлік тапсырма береді. Уақыт аяқталған соң мұғалім тексеріп шығып,қорытынды жасайды. | Қосымша 1 http://bilimland.kz/kk/content/structure/978-ximiyalyq_reakcziyalardyng_zhuruining_negizgi_zangdylyqtary#lesson=10277 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия. Оқушылар не білдім, нені білемін, нені білуім керек деген кестені толтырады. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
|
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? . Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?