Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері. Алюминий және олардың қосылыстары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс:

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.4А Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары

Сабақтың тақырыбы

Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері.

Алюминий және олардың қосылыстары

Бастапқы білім

7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.2А Зат мөлшері.

8.2CХимиялық реакциядағы энергиямен танысу.

Оқыту мақсаттары

10.2.1.31 атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

10.2.1.32 алюминий оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін оқып білу;

10.2.1.33 алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау;

 Сабақтың

 мақсаттары

- атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

- алюминий оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін оқып білу;

- алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау;

Бағалау критерийлері

- атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінеді;

- алюминий оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін біледі;

- алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік академиялық тілге назар аударылады

 Құндылықтарды

 дарыту

Қауіпсіздік ережесі арқылы оқушы денсаулығын нығайту

Топтық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру.

Топпен, ұжыммен жұмыс жасау арқылы адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу дағдыларын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Математика

Кезең

Сабақ барысы

 Дифференциация

Барлық оқушылар:

Периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді

Алюминий оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін біледі

Алюминий құймаларын атай алады.

Кейбір оқушылар:

Периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінеді,салыстырады, бағалайды

Алюминий оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттеріне қолданып рекция теңдеулерін жазады, есеп шығарады

Алюминий құймаларын атап, қолданыс аясына көзқарасын білдіреді

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Халат кию

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2минут

Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Сабақ тақырыбы:

Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері.

Алюминий және олардың қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

10.2.1.31 атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

10.2.1.32 алюминий оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін оқып білу;

10.2.1.33 алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау;

Сабақтың ортасы

2-12 минут

12-19 минут

19-29 минут

29-38 минут

1-тапсырма

1. р-элементтері туралы не білесің?Ассоциация құрастыр.

Оқушылармен ассоциацияларды талдау

Өзін- өзі бағалау

Мұғалімнің түсіндірмесі

Р-элементтеріне сипаттама.Видеоролик

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/r-ehlementterining-zhalpy-sipattamasy

2-тапсырма

Периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын көрсету:

Өзара бағалау

Маңызды р – элементтердің бірі – Al

Оқушыларға алюминий, алюминий оксиді, алюминий гидроксиді қасиеттері және құймалары туралы қысқаша мәтін беріледі. Олар оқып, қажетті мәліметтерді белгілейді

Білемін

Білмеймін

Білгім келеді

Кері байланыс

3-тапсырма.

True \False

1)Алюминий оксидінің және гидроксидінің қасиеттері екідайлы болады.

2)Al2O3 – қиын балқитын, ақ түсті қатты зат.

3) Al(OH)3 – қара қоймалжың тұнба, суда мүлдем ерімейді

4) Al(OH)3 + 3HCl ⟶ AlCl3 + 3H2O сілтімен реакциясы

5) Al(OH)3 + NaOH ⟶ Na[Al(OH)4] қышқылмен реакциясы

Дескриптор:Алюминий қосылыстарының қасиеттерін ажыратады.

4-тапсырма.

Алюминий оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиетке ие екендігін көрсететін реакция теңдеуін жаз.

1.______________________________________________________

2._______________________________________________________

3.______________________________________________________

4._______________________________________________________

Дескриптор:Оқушылар алюминий оксиді мен гидроксидінің қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесіп, екідайлы қасиет көрсететіндігін реакция теңдеулерімен сипаттайды.

5-тапсырма.

Тест

1.Алюминийдің табиғи қосылысы.

  • Боксит
  • Гематит
  • Пирит
  • Лимонит
  • Магнетит

2. Алюминотермия процесін бейнелейтін реакция:

  • Al + S ⟶
  • MnO2 + Al
  • HCl + Al ⟶
  • Al + O2 ⟶
  • Al + C ⟶

3. Алюминий ыдысында қай ерітіндіні қайнатуға болмайды?

  • NaOH
  • K2SO4
  • KNO3
  • H2O
  • NaCl

4. Металдар арасында ең кең таралған элемент – металл:

  • Si
  • Ca
  • K
  • Fe
  • Al

5. Алюминий оксидінің екідайлы қасиетке ие екенін дәлелдейтін реакция:

  • қышқылмен әрекеттесуі
  • сілтімен әрекеттесуі
  • қыздыру кезінде сілті және қышқылмен әрекеттесуі
  • қыздыру кезінде сілтімен әрекеттесуі

Оқушылар өзара бағалайды және мұғалімнің бағалауы

Қосымша тапсырмалар:

6-тапсырма.

Есептер шығару

1.Массасы 6 г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Нәтижесінде көлемі 3,7 л (қ.ж.) сутек бөлінді. Әр металдың қоспадағы массалық үлесін анықта.

Жауабы: ω(Cu)= 50%

2. Массасы 2,25 г металл күйдіргіш натр ерітіндісімен әрекеттескенде 0,25 г сутек және құрамы 2 болатын зат түзілді. Металдың молекулалық массасын анықта.

Жауабы: Al

Р-элементтеріне сипаттама https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/r-ehlementterining-zhalpy-sipattamasy

https://www.youtube.com/watch?v=BOv3Etp72_I

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/alyuminij-zhane-onyng-qosylystary-12534

Сабақтың соңы

38-40минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?