Алкендердің қосылу реакциялары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Галустян А.А. | ||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы: | Алкендердің қосылу реакциясы | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.19 ассиметриялық алкендердің қосылу реакциясының өнімдерін болжау 10.4.2.20 қосылу реакцияларын құру: галогендену, гидратация және алкилдеу; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: 10.4.2.19 ассиметриялық алкендердің қосылу реакциясының өнімдерін болжай алады; 10.4.2.20 қосылу реакцияларын құра алады: галогендену, гидратация және алкилдеу; | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -алкендердің электрофильді қосылу реакцияларының механизмін түсіндіре алады; - ассиметриялық алкендердің қосылу реакцияларының өнімін болжай алады; -карбкатиондардың типтерін (біріншілік, екіншілік, үшіншілік ) ажырата алады және карбкатиондарының тұрақтылығының өзгеру заңдылықтарын біледі; -ассиметриялық алкендерге полярлы молекулалардың (HBr, HCl,H2O) қосылуының реакция теңдеуін жаза алады; | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындаулары тиіс : Карбкатиондардың тұрақтылығы туралы қорытынды жасайды Пәнге тән лексика және терминология Қосылу,( а)симметриялы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, карбкатион, полимер, полимерлену тұрақсыз, тұрақты, (а) симметриялы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер (бастапқы, екіншілік, үшіншілік) карбкатион … алкильді топтарға қосылды Алкильді ……электрондар Алкильді топтар арттырады Карбкатионның заряды құрайды … Карбкатион тұрақтылығы жақсарады…. … Егер карбкатион тұрақты болса …. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | - Қазақстандық патриотизм - азаматтық жауапкершілік; - құрметтеу; - ынтымақтастық; - ашықтық; - шығармашылық; - өмір бойы білім алу | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация және ғаламтор материалдары | ||||||||
Бастапқы білім | 8.4B көміртек және олардың қосылыстары 9.1В элементтердің құрылымы және қосылыстары | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | Психологиялық ахуал. «Бәрі сенің қолыңда» Өсиет әңгіме. Ертеде бір топ шәкірті бар ғұлама өмір сүріпті. Өмір бәсекесіз бола ма, осы шәкірттерінің бірі ұстазы жауап бере алмайтын сауал тауып қоюды армандапты. Сол үшін бірде қырға шығып, көбелек ұстап алады да, оны алақанына жасырған қалпы ұстазының алдына келеді:- Ұстаз, айтыңызшы: менің қолымдағы тірі көбелек пе, өлі көбелек пе?Шәкірт ұстаз жауабына орай көбелекті өлтіріп не ұшырып жіберуге даяр еді. Өлі десе ұшырып, тірі десе бір сығып өлтіре салмақ. Әйтеуір, өз айтары ақиқат болып шықса болды...Шәкіртіне назар да салмаған Ұстаз сонда былай деп жауап беріпті:- Бәрі сенің қолыңда. | РРТ | |||||||
3-15 мин | Минипланшеттердің көмегімен оқушылар бірнеше реакцияның механизмін жазуы қажет. Ассиметриялық алкендердің қосылу реакцияларын талқылау. (мысалы: пропеннің бромсутекпен қосылу реакциясы). Оқушылардан түзілетін өнімдерді болжауды сұрау. Бұл механизмде қалыптасқан карбокатионға назар аударту. Оқушылардан карбокатиондардың түрлері туралы сұрау және біріншілік, екіншілік және үшіншілік карбокатиондар тұжырымдамасын енгізу. | ||||||||
16 – 20 минут 21-45 минут |
Пропиленнің хлорсутекпен реакциясында мүмкін болатын 1-хлорпропан және 2-хлорпропан құрылым изомерлерінен түзіледі: Электрофильді қосылу қос байланыс арқылы жүріп, тұрақты карбокатионның түзілуіне әкеледі | ||||||||
46 -60 минут 61-75 минут | Ассиметриялық алкендердің қосылу механизмін қарастыру Топтық жұмыс. Оқушыларға байланыстың полярлығы туралы білімдерін қолдана отырып, карбкатиондардың тұрақтылығы тақырыбын талқылауды ұсыну. (Мұғалімнің түсіндірмесі және жеке жұмыстары) Карбокатиондарың ең тұрақты болып табылатындығын түсіндіріп, оқушыларға асимметриялық алкендерге қосылу реакциялары өнімдеріне қалай әсер ететінін сұраңыз. Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. |
| |||||||
Сабақтың соңы 76-80 мин | Стикер | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталу | |||||||
Барлық оқушылар ассиметриялық алкендердің қосылу реакцияларны жаза алады. Көпшілік оқушылар: ассиметриялық алкендерге қосылу механизмін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: ассиметриялық алкендердің қосылу реакциясының өнімдерін болжай алады және түсінеді. | Оқушылардың жұмысы мұғалімнің бағалауы үшін жиналады немесе оқушылардың бір-бірін өзара бағалауы арқылы жұмыстардың нәтижелері талқыланады. Мұғалім мақсатқа қол жеткізе алмаған оқушыларды анықтайды, одан әрі оқушылармен жеке жұмыс траекториясын дамытады | Қолданылатын физминуткалар және белсенді іс-әрекет. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелері | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдерітсақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?