Тепе-теңдік константасы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3А Химиялық тепе-теңдік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тепе-теңдік константасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3.5 реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құру

10.3.3.6 тепе – теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау

 Сабақ

 мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді

- кез-келген реакция үшін тепе-теңдік константасын өрнектей алу

- тепе-теңдіктегі заттардың концентрацияларын біле отырып, Кс мәнін есептей алу

Оқушылардың көбісі үйренеді:

- берілген мәндер бойынша заттардың тепе-теңдіктегі концентрацияларын есептеп, Кс мәнін анықтай алу

- температура мен концентрацияның өзгерісін Кс мәніне қалай әсер ететінін білу

Кейбір оқушылар үйренеді:

- температура мен концентрацияның өзгерісін Кс мәніне әсер етуін сипаттай алу

- берілген тапсырмалардың 90% үлесін өздігінен дұрыс орындау

 Жетістік

 критерийлері

- берілген теңдеулер үшін Кс мәнін шарттар өзгерту әсерін болжайды

- берілген теңдеулер үшін Кс мәнін шарттар өзгерту әсерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Тәжірибе нәтижелерін (ауызша немесе есеп түрінде) және қорытындыларын ұсыну

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тепе-теңдік, статикалық, динамикалық, қайтымды, өршіткі, Габер процесі, байланысу процесі, атомдық тиімділік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Мен … кестесін құрдым

Менің есептеулерім … көрсетті

Мен … негізінде тәжірибе өткіздім

…үшін теңдеу… болып табылады

 Құндылықтарды

 дарыту

Академиялық шындық

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Kahoot тестілеу бағдарламасы

Өмірмен байланыс

Тұрмыстағы түрлі қайтымды реакциялар, өндіріспен байланыс

Пәнаралық байланыстар

Физика (жылдамдық)

Бастапқы білім

9.1А Электролиттік диссоциация

10.1B Стехиометрия

10.2B Термодинамикаға кіріспе

10.2C Кинетика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру сәті.

Сабақ тақырыбы, мақсаттарымен танысу.

Презентация

Сабақтың ортасы

3-32 мин

Оқушылар әртүрлі жаттығулар орындау арқылы тепе-теңдік кностантасының өрнегін қруды және оны қалай анықтауды, оған қандай факторлар әсер ететіндігін зерттейді. Ал мұғалім оқушыларды қадағалайды, егер туындаған сұрақтар болса көмек көрсетеді.

1) Келесі реакциялар үшін тепе-теңдік теңдеуін (Кс) жазыңыз және өлшем бірлігін анықтаңыз:

а) СО(г) + 2Н2(г) ↔ СН3ОН (г)

b) 4HCl(г) + O2(г) ↔ 2H2O(г) + Cl2 (г)

2) 500 см3 реакция қоспасын тепе-теңдік күйде 0.235 моль этан қышқылы, 0.0350 моль этанол мен 0.182 моль этил этаноаты, 0.182 моль суды құрайды. Берілген реакция үшін Кс мәнін анықтаңыз:

СН3СООН(с) + С2Н5ОН(с) ↔ СН3СООС2Н5 (с) + Н2О(с)

3) 0.500 моль дм-3 пропанон мен 0.500 моль дм-3 сутек цианидінің қоспасы бөлме температурасында тепе-теңдік күйге жетеді. Тепе-теңдіктегі өнімнің концентрациясы 0.0233 моль дм-3 . Берілген реакция үшін Кс мәнін анықтаңыз: СН3СОСН3 + НCN ↔ CH3 (OH)(CN)CH3

4) а) Келесі реакция үшін температураның жоғарылауын Кс мәніне әсерін сипаттаңыз:

NO(g) + O2(g) ↔ NO2(g) ∆Hr = -115 кДж моль-1

5) Осы реакцияның Кс мәніне оттегі концентрациясының артуы неліктен әсер етпейтінін түсіндіріңіз.

Қосымша 1

Сабақтың соңы

33-38 мин

Өзін-өзі тексеру. Қателерді талқылау. Кері байланыс.

39-78

Әр түрлі факторлардың тепе-теңдік константасына әсерін зерттеу үшін оқушыларға аталған сілтеме бойынша материялдар беріледі, оқушылар материялмен жұмыс жасап болған соң өзара пікір алмасады, мұғаліммен бірге талқылайды.

http://www.chemguide.co.uk/physical/equilibria/change.html

Таратпа материял

Сабақтыңсоңы

79-80 мин

Рефлексия. Кері байланыс.

Үйжұмысы

Теориялық ақпаратты қайталау.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: - кез-келген реакция үшін тепе-теңдік константасын өрнектей алу

- тепе-теңдіктегі заттардың концентрацияларын біле отырып, Кс мәнін есептей алу

Көбісі: - берілген мәндер бойынша заттардың тепе-теңдіктегі концентрацияларын есептеп, Кс мәнін анықтай алу

- температура мен концентрацияның өзгерісін Кс мәніне қалай әсер ететінін білу

Кейбіреулері: - температура мен концентрацияның өзгерісін Кс мәніне әсер етуін сипаттай алу

- берілген тапсырмалардың 90% үлесін өздігінен дұрыс орындау

Қалыптастырушы бағалау жұмыстары мақсатты қаншалықты игергенін анықтайды.

Тарауларға сәйкес ақпараттарды қайталау барысында оқушылардың қаншалықты осы тоқсанда материалды игеруіне назар аудару. Ішкі жиынтық бағалау жұмысын мотивациялау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?