алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Тұздар гидролизі. Химия, 10 сынып, қосымша материал 3, 1 сабақ.


1. Кестені толтырыңыз.

Индикатор

Қышқылдық орта

Бейтарап орта

Сілтілік орта

Лакмус

Таңқурай түсті

Метилоранж

[3]

2. Оқушы парафинді майшамды табаққа орналастырды да, суы бар петри табақшасына қойды. Кейін майшамды жағып, үстінен көлемі 200 мл болатын стақанмен жауып қойды. Біраз уақыттан соң майшам өшіп қалады және судың стақан ішіндегі деңгейі артады.

і. Егер стақанның ішіндегі суды индикаторлармен тексерсе, қандай өзгеріс байқалады?

Индикатор

Стақандағы сумен жанасқан кездегі индикатордың түсі

Фенолфталеин

Метилоранж

Көк (күлгін) лакмус

Қызыл (қызғылт) лакмус

Метилоранж

Әмбебап индикатор

[6]

іі. Себебін түсіндіріңіз. ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

[1]

3. Араның шағып алған жерін, күйдіруді азайту үшін, ас содасы ерітіндісімен шаяды, ал осаның шағып алған жерін сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен шаяды. Осы ақпарат негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Араның уының және осаның уының орталары қандай ? _____________________________________________________________________

[2]

4. Екі сынауықта концентрациясы 2 моль/л болатын 5 мл тұз қышқылы мен концентрациясы 2 моль/л болатын 5 мл калий гидроксиді ерітінділері бар.

і. тұз қышқылындағы индикаторлардың түсі:

метилоранж – әмбебап индикатор –

[1]

іі. калий гидроксидіндегі индикаторлардың түсі:

метилоранж – әмбебап индикатор –

[1]

ііі. калий гидроксидінің тұз қышқылымен реакциясының теңдеуін жазыңыз:

[1]

іv. Егер екі сынауықтағы калий гидроксиді мен тұз қышқылының барлық мөлшері араластырылып, реакцияға толық түсетін болса, индикаторлар түсі қалай өзгереді?

метилоранж – әмбебап индикатор –

[1]

5. Ыдыста концентрациясы 2 моль/л болатын 20 мл тұз қышқылы мен концентрациясы 1,5 моль/л болатын 20 мл натрий гидроксиді ерітінділері араластырылды. Түзілген ерітіндідегі рН мәні мен әмбебап индикатордың түсінің өзгеруін түсіндіріңіз.

[3]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы