Гибридтену типтері: sp-, sp2-, sp3-. Лабораториялық жұмыс №1 «Ковалентті байланыспен (N2, O2, алмаз) заттардың үлгілерін жасау». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімдіжоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1CХимиялық

байланыс

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Суровцева В.Г.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Гибридтену типтері: sp-, sp2-, sp3-.

Лабораториялық жұмыс №1 «Ковалентті байланыспен (N2, O2, алмаз) заттардың үлгілерін жасау »

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.4 гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсіндіру;

10.1.4.5 заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

- гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастыру; - Орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастыру;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар біледі:

-атомдық орбитальдың гибридтенуіне анықтама бере алады;

- sp,sp2,sp3 гибридтену типтерін ажырата алады;

- әртүрлі молекулалардағыгибридтік орбитальдардың түзілуін көрсете алады;

 Тілдікмақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Орбитальдардың гибридтенуі туралы айтады және түсінеді/ молекулалық қосылыстың құрылысы туралы сұрақтарға жауап береді

KAZ: атомдық орбиталь, гибридтену типтері, sp – гибридтену, sp2- гибридтену,sp3- гибридтену,сызықты,үш бұрыштық, тетраэдр

ENG: hybridization of atomic orbitals,hybridization type, sp – hybridization, sp2- hybridization,sp3- hybridization, linear,trigonal planar,tetrahedral

RUS: гибридизация атомных орбиталей, тип гибридизации, sp – гибридизация, sp2 – гибридизация, sp3 – гибридизация, линейная, треугольная (плоская тригональная), тетраэдрическая

X молекулларY… болған кезде табылады

Молекулалыққұрылысы .... қалыптасады

Коваленттік байланыс …………”. “ “

Ол не …?

Х қалай түзіледі?

Ол… болған кезде түзіледі

Формула … көрсетеді

Құндылықтардыдарыту

Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру

Өз ойын еркін жеткізу үшін тәрбиелеу

Пәнаралықбайланыстар

физика, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны қолдану

Бастапқы білім

8-9 сынып Химиялық байланыс түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу/ greeting

Сынып бойынша тексеру.

«Миға шабуыл»

«ГИБРИДТЕНУ» деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Ассоциация құру. Осы ұғым туралы не білгіңіз келеді? Оқушылар стикерлерге жазып идеялар қоржынына салады.

Мұғалім сабақтың тақырыбы «Гибридтену типтері: sp-, sp2-, sp3»

Лабораториялық жұмыс №1 «Ковалентті байланыспен (N2, O2, алмаз) заттардың үлгілерін жасау »

екендігін айтады.

Оқушылардың назарына сабақтың мақсаты мен сабақтың барысында қол жеткізетін оқыту мақсаттары ұсынылады.

Презентация

6-9 мин

Проблемалық сұрақ қою:

-келесі формуладағы қосылыстар (СO2,BeCl2,H2O,CH4,NH3) қандай химиялық байланыс түріне жатады?

Оқушылар берілген қосылыстардағы байланыс түрін анықтайды.

- коваленттік байланыстың негізгі қасиеттері қандай?

10-25 мин

Коваленттік байланыс деген не?Оқушылар өз ойларын ортаға салып талқылайды.

Кейін оқушылар сабақтың тақырыбна қатысты негізгі анықтамаларды жазады :

Коваленттік байланыстың негізгі қасиеттеріне қанығуы, полюстенуі,бағытталуы жатады.  Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен анықталады. Химиялық байланыстың ерекшелігі – қанығуға қабілеті бар, яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады. 

Коваленттік байланыстың полюстенуі молекулалардың өздерінің және олардағы жеке байланыстардың полюстігінің сыртқы электр өрісінің әсерінен өзгеру қабілетімен сипатталады.

Коваленттік байланыстың бағытталуы молекулалардың кеңістіктік құрылымын (пішінін), яғни олардың геометриялық формасын тудырады. 

Коваленттік байланыстың бағытталуы орталық атомның валенттік орбитальдарының гибридтенуіне және олардың кеңістікте орналасуына тәуелді.

Орбитальдардың гибридтенуі – әр түрлі электрон бұлттарының араласуы және олардың пішіні мен энергиясы бойынша бірдей болуы. Бұл жағдайда электрон орбитальдарының алғашқы пішіні өзгереді, ассиметриялы және ядроның бір жағына қарай созылыңқы гибридті орбитальдар түзіледі. Гибридтік орбитальдардан түзілген химиялық байланыс бүркесуі көбірек болғандықтан, бастапқы орбитальдардың электрондары қатысында түзілген байланысқа қарағанда берік болады.

Химиялық байланыс кезінде электрон бұлттарының гибридтенуі үш түрлі болады: sp,sp2,sp3

BСl3, CH4, ВеСl2 мысалдары арқылы мұғалім осы молекулалардың түзілуін түсіндіреді.

гибридтенуге қатысатын орбитальдар

гибридтену типтері

молекуланың геометриялық пішіні

мысалдар

s, p

sp- гибридтену

сызықтық

ВеСl2

s, p, p

sp2 – гибридтену

үшбұрышты

BСl3

s, p, p, p

sp3 – гибридтену

тетраэдр

CH4

26-35 мин

Лабораториялық жұмыс №1 «Ковалентті байланыспен (N2, O2, алмаз) заттардың үлгілерін жасау »

Жұмыс барысы: модельдерді құрастыру үшін дайын жиынтықтардың бөлшектерін немесе ермексаз бен таяқшаларды пайдаланыңдар, әртүрлі атомдардан құралған модельдерді жасау үшін түрлі түсті ермексазды қолданыңдар. N2, O2, алмаздың модельдерін құрыңдар.

Оқушылар өздері жасаған модельдерді түсіндіреді және дәптерлеріне суретін түсіреді

35-37 мин

Үйжұмысы: CO2, BF3,CCl4 молекулаларының геометриялық пішін салып, анықтап келу. Мұғалім келесі сабақта осы тақырып бойынша қалыптастырушы бағалау алынатындығын хабарлайды.

Сабақтыңсоңы

38-40 мин

Рефлексия

Мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатысқаны бойынша ауызша бағалайды.

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Сыныптағы басқа оқушыларға қабілеттілігі жоғары оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын тез аяқтайтын болса, қосымша қиындатылған тапсырма беріледі.

Жекелей орындалатын қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауы арқылы оқушылардың сабаққа қатысты оқыту мақсаттарына қалай жеткендігін көруге болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік /қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру