Химиялық тепе –теңдік. Тепе-теңдік жағдайларының реакция жылдамдығына әсері. Ле Шателье принципі. Қайтымды реакциялар. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Химия» ӘБ жетекшісі
Галустян А.А.________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Химиялық тепе –теңдік. Тепе-теңдік жағдайларының реакция жылдамдығына әсері. Ле Шателье принципі. Қайтымды реакциялар. № 6 Көрсету « Қайтымды химиялық реакциялар» №10 Зертханалық жұмыс «Қарапайым қайтымды реакциялар» | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.1 заттар жанған кезде энергия бөлінетіндігін білу | |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - кейбір реакциялар жағдайлар өзгерген кезде қайтымды болатынын білулері керек - сыртқы жағдайдың өзгеруі реакция жылдамдығына және тепе-теңдік күйіне әсер ете алатындығын түсіну; - өзгерістерді Ле-Шателье принципін қолдана отырып болжай білу; - кейбір реакциялар жағдайдың өзгеруіне байланысты қайтымды бола алатындығын білу. | |
Бағалау критерийлері | -Химиялық тепе-теңдік туралы түсініктерін қалыптастырады -Химиялық теңдеулер бойынша ығысу жағдайын анықтайды. -Тепе-теңдіктің динамикалық сипатын көрсету және әртүрлі факторлардың (концентрацияның, температураның және қысымның) химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін қарастырады. | |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -реакциялардың қайтымдылығының жағдайы түсінігін анықтап, айта алады Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тепе-теңдік, динамикалық, ұстаным, тұрақты, реагенттер, өнім, температура, қосарлы бағдарша, қысым, айналмайтын, алға, баяулату, тең, ұлғайту Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Егер біз концентрацияны/температураны/қысымды өзгертсек, онда… Біз ... жолымен реакцияны қайтымды ете аламыз Егер температура көтерілсе, онда… Біз осы реакция үшін кері реакция өткізе аламыз ба? Ия, егер біз.… /Жоқ, себебі… | |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары:
көрсетілім жасау, жеке және сыныппен бірлесіп жұмыс жасау барысында орын алады. | |
Пәнаралық байланыстар | физика | |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |
Бастапқы білім | Химиялық реакция энергетикасына кіріспе |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | 1.Амандасу, көңіл-күйлерін сұрау, Психологиялық ахуал «Ыстық алақан» тренинг. Мақсаты:тұлғааралық байланысты орнату Үй тапсырмасын сұрау мақсатында тест тапсырмалары беріледі.
CA және CB нольге ұмтылады CAB жоғары деңгейге жетеді Қайтымсыз реакциялар 1. Тұнбаның түсуі 2. Газ бөліну 3. Өте аз диссоцияланатын заттар п.б. Н2О - Кейбір қосылыстардың ыдырауы - Жану
Қайтымды реакция aА + bВ nАВ aА + bВ = nАВ тура реакция nАВ = aА + bВ қайтымды реакция Химиялық динамикалық тепе-теңдік Химиялық тепе-теңдік кезінде реакциялар тоқтап қалмайды, тек қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары ғана теңесетін процесс. Сондықтан оны жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп атайды Қайтымды реакцияларда, тура және кері реакциялардың жылдамдықтары теңескен күйді химиялық тепе-теңдік деп атайды.
Ле Шателье принципі Химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйе жағдайының (концентрация, температура, қысым) біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер етуші факторлар
| |||||
Сабақтың ортасы 15 мин 10 мин | № 6 Көрсету Қайтымды химиялық реакциялар Жұмыс барысы: Қайтымды химиялық реакциялар. Темір (ІІІ) хлориді және аммоний роданиді ерітінділерін 1% тең көлемде құя отырып стақанға темір (ІІІ) роданиді ерітіндісін дайындаңыз. Ерітіндіні ақ экран фонында орнатылған төрт көрсету цилиндрлеріне құю. Бірінші цилиндрді салыстыру үшін қалдырыңыз. Екінші цилиндрге қойылтылған аммоний роданиді ерітіндісін қосыңыз; бояудың қарқындылығы өседі. Үшінші цилиндрге темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіні қосыңыз, бояу күшейеді. Төртінші бокалға кристалл аммоний хлоридін қосыңыз, бояудың қарқындылығы кенет төмендейді. Тұжырымдар жасаңыз. Назар аударыңыз: Қорғау көзілдірігін киген жөн. № 10 Зертханалық жұмыс Қарапайым қайтымды реакциялар Жұмыс барысы: Сары түсті калий хроматы ерітіндісіне (20 мл) күкірт қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Неге? Содан кейін 2М натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңыз. Не байқадыңыз? Назар аударыңыз: Калий хроматы және дихроматы уландырғыш болып табылады. Қорғау көзілдірігін киіңіз және терісі сезімтал оқушылар біржолғы қолғап киюі тиіс. Шашырандылардың кеуіп қалып, тозаң құрауына жол бермеңіз. Бекіту сұрақтары:
Ле Шателье принципі . | Химиялық стақан, төрт көрсету цилиндрі, ақ экран, кристалл аммоний роданиді және темір (III) хлориді, аммонй роданидінің қойылтылған ерітіндісі, темір (III) хлоридінің және аммоний роданидінің 1%-ерітінділері. Калий хроматы, күкірт қышқылы ерітінділері, 2М натрий гидроксиді ерітіндісі. Түтіктер. | ||||
Сабақтың соңы | Талқылау/сұрау – оқушылар нәтижеге жеткендіктерін тексеру. Бас бармақты пайдалана отырып барлық оқушылардан жеке белгі алу. Үй жұмысы: Химиялық тепе –теңдік. Тепе-теңдік жағдайларының реакция жылдамдығына әсері. Ле Шателье принципі. | Химия, Нұрахметов 2012ж | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Барлық оқушылар: Оқушылар металдардың белсенділік қатарын жақсы біледі; Көптеген оқушылар: белсенділігі жоғары металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығаратындығын түсінеді; Кейбір оқушылар: орынбасу немесе ығыстыруға қатысты терминдерді пайдаланып, ығыстыру процестерін ауызша немесе жазбаша сипаттай алады | Сабақ барысында қызу талқылау және сауалнама. Оқушы сұрақтарға жауап сапасына байланысты оқушылардың білімін бағалайды. Толық белсенділік әрбір оқушының жеке түсінігін толық бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. | Бірегейлік және сындарлық оқушылардың тәжірибеден алған деректерді өңдеу кезінде қолданатын әдіс-тәсілдері арқылы байқалады. Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір - бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау, басқалар пікірін құрметтеуді және бір-бірімен және мұғаліммен тиісті үлгіде араласу қасиетін дамытуы керек. Құралдарды пайдалану, химикаттармен жұмыс істеу және нұсқаулықты дәл сақтау оқушының сау және қоршаған ортаға назар аудару туралы сезімін дамытып басқалармен жұмыс істеген жағдайда кейбір шамада қауіпсіздік шараларын сақтауда жауаптылығын көрсетеді. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?