Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық реакциялардың жылдамдығы.Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы";№ 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;

- химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әрекетін болжау;

- осы жұмыстар нәтижелерінде алынған өңдеу дағдыларын қалыптастыру (график құру).

 Сабақ мақсаттары

1. Химиялық реакция дегеніміздің мәні түсіну;

2. Химиялық реакция ұғымын сабақ пен күнделікті өмірде қолдана білу;

3. Жылдамдық пен химиялық реакция жылдамдығы ұғымдарының арасындағы байланысты ұштастыра білу және есептеулерде қолдану;

4. Бөлшектер дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

5. Бөлшектердің химиялық реакциялардың жылдамдығына қандай қатысы бар? Қарапайым да нақты мысалдар келтіре алу;

6. «Жанасу беті» дегенімізді қалай түсіну керек?

7. «Жанасу бетінің ауданы» сөзі қандай заттар жағдайда қолданылуы мүмкін?

8. «Бөлшектер» дегенде нені түсінеміз;

9. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің ауданы қалай әсер етуі мүмкін?

Практикалық жұмыс бойынша:

- Әрбір жасалынуы міндетті жұмысты әрбір жұмысты мүмкіндігінше өзі істеп көру;

- Дұрыс болжам жасау және көрсетілген алгоритм бойынша жүріп, қорытынды жасау;

- ТҚЕ мұқият сақтау;

- Өздерінің білгендерімен бөлісу.

Кәсіби мақсат. Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы дарынды оқушылардың зерттеушілік-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

 Жетістік критерийлері

Оқушыларды бағалауда олардың үй тапсырмасы мен сабаққа қатысуы есепке алынып, бағаланып барылады. Практикалық жұмысты орындауы, онда графикті талаптарға сай орындауы сұралады.

Реакция жылдамдығына температураның әсерін бөлшектер теориясы бойынша келесі жағдайлар бойынша сипаттайды:

- температураның жоғарылауы;

- температураның төмендеуі.

-химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін гафик түрінде көрсете алады.

Реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің ауданының әсерін келесі жағдайлар бойынша сипаттайды:

- Жанасу бетінің ауданының көбеюі;

- Химиялық реакцияның жылдамдығына жанасу бетінің ауданың бөлшектер теориясы бойынша түсіндіре алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

temperature dependence of the rate of a reaction

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады.

Білім құндылықтары:

  • Құрмет. Бүкіл сабақ барысы өзара құрметке, бір-бірінің пікірлерін тыңдау мен оларға санасуға, ойларын тыңдауға негізделеді.
  • Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Оқушылар өздерінің білгенің өзге құрбыларымен бөлісудің маңызы айтылып өтіледі.
  • Өмір бойы білім алу. Бүгінгі сабақта алатын білім мен дағдылар алдағы сыныптарда, емтихандарда қажет болатыны айтылады. Сонымен қатар электролиздің күнделікті өмірде қолданылатын жерлері айтылып өтіледі.

Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болып, ұрымтал тұсы келгеніне байланысты кіріктіріліп барылады.

 Пәнаралық байланыстар

- физика (бұл жерде жылдамдық ұғымын түсіндіруде негізгі базаны физика пәні береді, сондықтан да ондағы жол мен жылдамдыққа, температураға қатысты білімдер аса маңызды орын алады);

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы сабақ барысы көрсетіліп, жасалынған және жасалынуы тиіс іс-әрекеттер тізбегі көрсетіліп барылады. Мысалы, сабақ барысында қолданылатын терминдер, сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар, оқу мақсаты мен оған оқушылармен бірлесе қойылатын критерийлер баяндалып барылады. Жаңа сабақты өтіп болғаннан соң оны бекіту тапсырмалары беріледі, сонымен бір қатарда үй тапсырмасы да көрсетіледі.

Бастапқы білім

8.1B Металдардың химиялық белсенділігі

Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Бұл жерде лездік, баяу реакцияларды, оларға температураның әсерін түсіндіруде алдыңғы тоқсанда өткен металдың сумен реакциялары туралы білімдері мен даңдылары қажет.

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

  • Бұл жолы оқушылар осы кезге дейін алған білімдерін қолдана отырып реакциялар тек металдар мен судың немесе қышқылдың арасында ғана жүрмейтінің, оның кең ауқымды екенің біледі. Реакция жүруі өз алдына, ондағы жүру жылдамдығының да маңызды екенің біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 минут

3-8 минут

9-15 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларға жаңа сабақтың оқу мақсатын таныстырмастан бұрын алдыңғы сабақта өтілген оқу мақсаты қайталанып өтіледі. Алдыңғы және бүгінгі сабақ өзара тығыз байланыста болғандықтан ол өте маңызды.

Үй тапсырмасын сұрауда оқушылардың пәндік білім деңгейлері, олардың химия пәніне деген қызығушылықтары (олимпиадалық дайындық тобындағы оқушылар) ескеріледі.

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:

І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):

1. Жылдамдық дегенді қалай түсінесіз (физика пәні бойынша да) ?

2. Химиялық реакция дегеніміз не?

3. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

ІІ деңгейлі тапсырмалар:

1. «Әрекеттесуші заттардың табиғаты» дегенді күнделікті өмірден немесе химия пәнінен қандай нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіре аласыз?

2. «Концентрация» ұғымын химиядан тыс қалай сипаттауға болады?

3. Гомогенді және гетерогенді реакцияларға мысалдар келтіріп, олай аталу себептерін түсіндіріңіз.

4. Химиялық реакцияның жылдамдығының артуын бөлшектер теориясы бойынша қалай түсіндіруге болады?

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмалар талқыланып болғаннан соң оқушыларға жаңа сабақтың оқу мақсаты таныстырылады.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:

Химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;

- химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әрекетін болжау;

- осы жұмыстар нәтижелерінде алынған өңдеу дағдыларын қалыптастыру (график құру).

Осы жоғарыдағы оқу мақсатына жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі оқушылардан сұралып, бірлесе отырып сабақтың мақсаттары анықталады (мүмкін болатын сабақтың мақсаттары):

1. Химиялық реакция дегеніміздің мәні түсіну;

2. Химиялық реакция ұғымын сабақ пен күнделікті өмірде қолдана білу;

3. Жылдамдық пен химиялық реакция жылдамдығы ұғымдарының арасындағы байланысты ұштастыра білу және есептеулерде қолдану;

4. Бөлшектер дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

5. Бөлшектердің химиялық реакциялардың жылдамдығына қандай қатысы бар? Қарапайым да нақты мысалдар келтіре алу;

6. «Жанасу беті» дегенімізді қалай түсіну керек?

7. «Жанасу бетінің ауданы» сөзі қандай заттар жағдайда қолданылуы мүмкін?

8. «Бөлшектер» дегенде нені түсінеміз;

9. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің ауданы қалай әсер етуі мүмкін?

Практикалық жұмыс бойынша:

- Әрбір жасалынуы міндетті жұмысты әрбір жұмысты мүмкіндігінше өзі істеп көру;

- Дұрыс болжам жасау және көрсетілген алгоритм бойынша жүріп, қорытынды жасау;

- ТҚЕ мұқият сақтау;

- Өздерінің білгендерімен бөлісу.

Бұл жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің ұсынған нұсқасы, оқушылар тарапынан айтылған идеялар да мұқият ескеріледі. Тыңдалынады. Осы екеуінің бірге ескеріп, ең оптималды нұсқасы таңдалынып оқушылардың жұмыс дәптерлеріне жазып алынуы бақыладаны. Оқушыларға осы критерийлер бойынша сабақ өтілетіні, сабақ барысында да осы критерийлердің басшылыққа алынатыны айтылады.

Сабақтың тақырыбы:

Бөлшектер теориясы бойынша химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері.

Сабақтың ортасы

15-30 минут

31-39 минут

40-65 минут

65-70 минут

71-80 минут

Оқушылармен бүгінгі сабақта қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдарды бірге талқылау үдерісі жүреді. Оқушыларға алдын-ала оқу мақсаттары және қажет болатын ресурстардың тізбесі берілген. Оқушылардың сол тапсырмаларды өздіген дайындалып оқып келуі де маңызды орын алады.

Бірлесе талқыланатын мәселелер ол сабақ мақсаттары (оқу мақсатына қол жеткізу үшін қойылған критерийлер) болып табылады.

1. Химиялық реакция (гомогенді және гетерогенді түрлеріне тоқталу);

2. Химиялық реакция жылдамдығы (Физика пәнімен байланысын еске түсіру);

3. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін жалпы факторларға шолу (агрегаттық күйлер негізінде)

4. Жылдамдыққа температураның әсері (жалпылама);

5. Жылдамдыққа температураның әсері (бөлшектер теориясы мысалында);

Вант-Гофф ережесінің математикалық өрнегі

Вант Гофф ережесі заңдылық емес, ол кейбір температуралық интервалда ғана орындалады, кейбір өте тез немесе өте баяу реакциялар үшін орындалмайды. Сонымен қатар ЖМҚ үшін де қолдану қиын.

Реакция жылдамдығына температураның әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру:

Температура артқан кезде бөлшектердің кинетикалық энергиясы артады. Реагент бөлшектері жылдамырақ қозғалып, жиірек соқтығысады, активті бөлшектердің де саны артып, олардың тиімді соқтығысуы артады. Осы кезде реакция жылдамдығы артады.

Химиялық реакциялар – заттардың фазалық құрамына байланысты гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді.

Гомогенді реакцияларда - әрекеттесуші заттар мен катализатор бірдей агрегаттық күйде болады. Мысалы: Н2 (г) + Cl2 (г)= 2 HCl(г), 2NaOH+H2SO4=Na2SO42O

Гетерогенді реакцияларда - әрекеттесуші заттар мен катализатор әр түрлі агрегаттық күйде болады. Мысалы: С(қ)2(г)=СО2(г)

Гетерогенді реакция үшін - әрекеттесуші заттардың біреуі қатты күйде болғанда реакцияласушы заттардың реакция жүретін бетке жеткізілуі керек.

Гетерогенді жүйедегі химиялық реакцияның жылдамдығы:

Әрекеттесуші заттардың біреуі қатты күйде болғанда (гетерогенді) реакция қатты заттың бетінде жүретін болғандықтан, концентрацияны арттыру үшін жанасу бетінің ауданын ұлғайту керек. Реакцияласушы заттардың реакция жүретін бетке жеткізілуі мен реакция өнімдерінің осы беттен әкетілуін тездету үшін араластыру қажет.

№2 тәжірибе. ЖАНАСУ БЕТІ АУДАНЫНЫҢ РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНА ӘСЕРІ Тұз қышқылы ерітіндісіне әктастың (СаСО3) түйіршігін салып, ал екінші сынауықтағы тұз қышқылы ерітіндісіне әктастың ұнтағын салып, тәжірибені салыстырыңыз. Нені байқауға болады? Реакция теңдеуін жазып, тәжірибені түсіндіріңіз.

1 -ші сынауықта СО2 газы жай бөлінеді. Өйткені, әктастың жанасу беті аз. Әрекеттесуші заттар арасындағы реакция қатты заттың бетінде жүреді.

2 -ші сынауықта СО2 газы көбірек бөлінеді. Ұнтақ әктас бетінің ауданы өсіп, тұз қышқылы мен ұсақ бөлшектерінің араласуы артады.

CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2

а) CaCO3 кесегі

б) CaCO3 ұнтағы

Гетерогенді  жүйенің мысалы ретінде ішіне мырыш салынған тұз қышқылын алуға болады.

Агрегаттық күйі әр түрлі заттардың жанасу бетінде өтетін реакцияларды гетерогенді деп атайды. Гетерогенді реакцияның жылдамдығы деп фаза бетінің ауданы бірлігінде белгілі бір уақыт ішінде реакцияға қатысатын немесе реакция кезінде түзілетін заттың мөлшерін айтады.

СҰРАҚ

Неліктен тамақ өнімдерін төмен температурада тоңазытқышта немесе мұздатқышта сақтайды?

6. Жылдамдықтың температураға тәуелділігін көрсететін графиктерді талдау;

Сабақтың екінші бөлімі негізіненпрактикалық жұмыс болғандықтан оқушылардың түсіну, қолдану дағдыларына мән беріледі. Оқушылар берілген нұсқаулық бойынша, мұғалімнің қадағалауымен жұмыс жасайды. Сонда да практикалық жұмыстарды бастамас бұрын мұғалім қысқаша түрде бүгінгі сабаққа шолу жасап, негізгі іс-әрекеттерді түсіндіріп өтеді.

Қосымша-1

Осы кезде практикалық жұмысты қорытындылау, қателермен жұмыс жасау жүргізіледі.

Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгерегенің, алдын-ала белгіленген критерийлерге қаншалықты жеткенің тексеру мақсатында олармен сабақты бекіту алдын-ала белгіленген критерийлер бойынша жүргізіледі.

Сабақты бекіту үдерісі:

  • Төмендегі тест тапсырмаларына жауап беріңіз (Білу мен түсіну):

Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз:

A) Әрекеттесуші заттардың біреуі толық жұмсалуға кеткен уақыт.

B) Белгілі уақыттағы жүрілген жол.

C) Уақыт өлшемінде әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясының өзгеруі.

D) Реакция жүруіне кететін уақыт.

E) Реакция аяқталған кездегі реакция өнімдерінің зат мөлшерлері.

Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар

A) әрекеттесуші заттардың тотығу дәрежесі

B) әрекеттесуші заттардың иондарының дәрежесі

C) әрекеттесуші заттардың валенттілігі

D) әрекеттесуші заттардың түсі

E) әрекеттесуші заттардың концентрациясы

Химиялық реакция жылдамдығын бәсеңдететін заттың аталуы:

A) Изомерлер.

B) Изотоптар.

C) Гомологтар.

D) Ингибиторлар.

E) Катализаторлар.

Қолдану деңгейі:

1) Химиялық реакци жылдамдығының температураға тәуелділігін көрсететін графикті табыңыз:

2)

Көптуген реакциялар нәтижесінде газ түзіледі. Осы реакциялардың оңай болуы мүмкін келесідей өзгерістер болғанда: түзіліп жатқан газдардың көлемі немесе массасы уақыт өте келе өзгереді.

Жүргізілген сызық қаншалықты тік болған сайын, реакцияның жылдамдығы да соншалықты артады.

Жоғарыдағы графиктегі реакцияның жылдамдығын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз:

Неліктен басында ең жылдам?

__________________________________________________________________________________________________________________________

Кейін баяу

__________________________________________________________________________________________________________________________

Тоқтады:

__________________________________________________________________________________________________________________________

Кері байланыс / Feed Back Қосымша -2

http://www.docbrown.info/page03/Reactivityb.htm

http://www.docbrown.info/page03/Reactivityb.htm#3b.

http://www.youtube.com/watch?v=26vi8qL0EYg

http://www.youtube.com/watch?v=tTplQ7NNZeE

http://www.youtube.com/watch?v=xL0w5yoHcU0

http://www.youtube.com/watch?v=9rNxUfEA_ZE

Сабақтың соңы

87-90 минут

Оқушыларды бағалауда олардың сабаққа қатысуы, жасалған практикалық жұмыстың мақсатын дұрыс түсінуі мен орындау барысындағы іс-әрекеттері және сабақ соңында алынатын жетістік критерийлері негізге алынады.

Үй тапсырмасы:

Жылдамдықтың температураға тәуелділігін сипаттайтын сабақ барысында берілген екі графикті толық деңгейде аяқтап келу.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсерін бөлшектер теориясы бойынша түсінеді;

Кейбір оқушылар:

Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсерін бөлшектер теориясы бойынша түсініп, оны практикада сәтті жасай алады және нақты қорытынды шығарып, оның графигін талап деңгейінде құрады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша -1

№ 6 Лабораториялық жұмыс

«Реакцияның жылдамдығына температураның әсері»

Тұз қышқылы ерітіндісі, натрий тиосульфаты ерітіндісі.

Сынауықтар, сынауықтар үшін штатив.

Жұмыс барысы

1. Бір пробиркаға тұз қышқылы ерітіндісіне натрий тиосульфаты ерітіндісін құйыңыз;

2. Сонымен бір мезгілде тұз қышқылы ерітіндісіне натрий тиосульфатын құйыңыз және оны газды жанарғыда қыздырыңыз;

3. Реакциялардың жүру жылдамдығын өлшеп барыңыз;

4. Алынған нәтижелер бойынша график құрыңыз.

Назар аударыңыз: Қыздырғыш аспаптармен жұмыс барысында сақ болыңыз.

Уақыт: 25 мин

Қосымша -2

1. Берілген графикті сипаттаңыз:

_____________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Сабақ барысында Сіз өз құрбыларыңызға қажетті мөлшерде қолдау көрсете алдым деп ойлайсыз ба? Көрсеткен болсаңыз қандай түрде көрсеттіңіз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Ғ) Бұл кері байналыс арқылы оқушылардың түсіну мен қолдану дағдылары бағаланады.

Ескеретін нәрсе, кері байланыспен жұмысты мұғалім сабақты аяқтаған соң тексереді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?