Химиялық реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар. Зертханалық жұмыс №4 «Әр түрлі факторлардың: температура, концентрация, қысым реакция жылдамдығына әсерін зерттеу» . Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Атырау қаласының НазарбаевЗияткерлік мектебі

Nazarbayev Intellectual School, Atyrau

Subject Name

LessonPlan

Мұғалім:

Тақырыбы:

Химиялық реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар.

Зертханалық жұмыс №4 «Әр түрлі факторлардың: температура, концентрация, қысым реакция жылдамдығына әсерін зерттеу»

Сабақ кезеңдері

Өткізілу уақыты:

Оқу мақсаты:

10.3.2.1. химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік жолмен зерттеу

10.3.2.2. химиялық реакция жылдамдығына факторлардың әсерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Химиялық реакция теңдеулерінің жылдамдығына қандай факторлар әсер ететінін анықтау
  • Реакция жылдамдығына әсер етуші әр факторды тәжірибелік жолмен дәлелдеу
  • Жасалған тәжірибе негізінде реакция жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіру

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындаулары тиіс

Реакция жылдамдығына әсер етуші факторларды ауызша және жазбаша кілттік сөздерді қолдану арқылы түсіндіре білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Концентрация, температура, қысым, реакция жылдамдығы, энергия, тиімді соқтығыстар, мөлшер, пішін, Вант-Гофф ережесі

Күтілетін нәтиже:

  • Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлардың әр қайсысын кілттік сөздерді қолдану арқылы түсіндіре біледі
  • Реакция жылдамдығының температура мен концентрацияға байланысты өзгеруін дәлелдейтін график тұрғыза алады

Құндылықтарды дамыту:

Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірін-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауларын және өз бетімен өмір бойы білім алу дағдыларын жақсарту

АКТ қолдану дағдылары:

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді анықтай білу

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 сабақ

0-3 мин

3 – 8 мин

8-10 мин

10-14 мин

14- 29 мин

29-40 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа қатысын және дайындығын тексеру.

Оқушылармен жаңа тақырып пен оқу мақсатын ашып алу үшін бүгінгі сабаққа қатысты зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер салынған ыдыс жұпқа таратылады.

Миға шабуыл. Жұптық жұмыс

Оқушыларға келесі тапсырмалар презентация арқылы көрсетіледі және сол тапсырмалар төңірегінде жұбымен ақылдасып, бірігіп талқылап, өз жауаптарын дәптерге жазулары сұралады.

  • Берілген құрал-жабдықтар мен реактивтерге қарай отырып, бүгінгі күннің жаңа тақырыбы мен оқу мақсатын болжаңыз.
  • Берілген құрал-жабдықтар мен реактивтерге қарай отырып, жұмыс барысын құрастырыңыз.

Оқушыларға берілген уақыт аяқталған соң мұғалім кез-келген жұптан өз болжамдарымен бөлісулерін және қажет болған жағдайда өзге жұптардан толықтырулар енгізулерін сұрайды. Осылайша оқушылардың барлық болжамдары тыңдалған соң қорытынды шығарылып, сабақтың тақырбы мен оқу мақсаты анықталып, дәптерлеріне жазып алынады.

Жаңа білім.

Барлық оқушылардың жазған жұмыс барысын біріктіріп, бір ортақ нақты жазылған жұмыс барысын құрастыру үшін тақтаға флипчарт ілінеді және оқушылардың дәптерлеріне жазған жұмыс барыстарын кезекпен –кезек айтуларын, сол бойынша флипчартқа мұғалім жазып тұрады.

Әр жұп жұмыс барысын қарай отырып, зертханалық жұмысты жасауға кіріседі. Зертханалық жұмысты 25 минут орындайды. Жұптағы екі оқушы екі жұмысты бөліп алып жасайды, кейін бірін- бірімен алған нәтижелерімен бөліседі.

Зертханалық жұмысты жұпта жасатудағы мақсат, жұпта ынтымақтастықта жұмыс жасап, бірін- бірі толықтыру, бірін-бірі оқытуға жағдай жасау болып табылады.

Сабақты қортындылау.

Жасаған тәжірибелерінен алған бақылауларын талқылап, қорытынды тапсырмаларға жауап жазады.

Презентация

Қосымша 1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді