Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім"Әртүрлі реакциялар жылдамдығы";№6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері". Химия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

  • «Реакцияның жылдамдығына температураның әсері»

Жұмыс барысы:

1.Сынауыққа өлшеуіш цилиндрдің көмегімен көлемі 50 мл 0,08 М натрий тиосульфатының ерітіндісін құйыңыз.

2. Тамшуырдың көмегімен 5 мл тұз қышқылын өлшеп алып, сынауыққа құйыңыз

3. Екі сынауықты да 400С дейін су моншасында қыздырыңыз.

4.Қағазға Х белгісін салып оны 100 мл стаканның астына қойыңыз.

5.Екі реактив құйылған сынауықтарды 100 мл астына қағаз қойылған стаканның ішіне құйып және сол мезетте секундомерді қосыңыз.

6.Стаканның жоғарғы жағынан қарап тұрған кезде Х белгісі көрінбей қалған уақытты өлшеп, жазып алыңыз.

7. Осы тәжірибені 50С0, 60С0, 70С0, 80С0 қайталап жүргізіңіз.

8. Өлшеу кезінде алынған мәліметтерді кестеге жазып қойыңыз

№ эксперимент

Температура,С0

Уақыт, сек

1

40

2

50

3

60

4

70

5

80

  • Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі бойынша график тұрғызыңыз
  • Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыз.
  • «Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері»

Жұмыс барысы:

  • Конустық колбаға 100 см3 натрий тиосульфатының ерітіндісін құйыңыз.
  • Қағазға Х белгісін салып оны 100 мл колбаның астына қойыңыз.
  • Бір мезгілде секундомерді қоса отырып, колбаға 1 М көлемі 10 см3 тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыз.
  • Колбаның жоғарғы жағынан қараған кезде Х белгісі көрінбей қалған уақытты жазып алыңыз
  • Тәжірибені 80, 60, 40 және 20 см3 натрий тиосульфатының ерітіндісін қолдана отырып жүргізіңіз. Әрбір жағдайда көлемін 100 см3 дейін жеткізіп су қосып отырыңыз және HCl қосар алдында ерітіндіні жақсылып араластырыңыз.
  • Егер натрий тиосульфатының бастапқы концентрациясы сәйкесінше 0,08 М, 0,06 М, 0,04М және 0,02 М құрайды.
  • Зерттеу нәтижелерін төменде берілген кестеге жазып отырыңыз:

Натрий тиосульфатының концентрациясы

0.1М

0.08М

0.06М

0.04М

0.02М

Реакцияның уақыты,с

  • Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі бойынша график тұрғызыңыз
  • Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыз.

3.«Бөлшектер өлшемінің реакция жылдамдығына әсері»

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
  • Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазып отырыңыз.
  • 10 г мәрмәр кесектерін конустық колбаға салыңыз.
  • 25 см3 хлорсутек қышқылын өлшеңіз.
  • Конустық колбаны қайтадан таразыға қойып, колба мен колбаға салынған заттың массасын көрсетіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
  • Енді сіз тәжірибеге бірнеше затты бірден қолдануға дайын болуыңыз керек. Келесі нұсқаулықты мұқият оқыңыз!

а. Хлорсутек қышқылын құйып, бірден мақта тампонды колбаның үстінгі жағына қойыңыз.

б. Конустық колба мен ішіндегілердің салмағына назар аударыңыз (кальций карбонаты мен тұз қышқылы).

с. Сол кезде секундомерді қосыңыз.

7. 2 минут таразыдағы көрсеткішті жазып алыңыз

8. Реакция аяқталғанша әр 2 минут сайын жазып отырыңыз.

9. 2-7 қадамдарды майда мәрмәр кесектерімен қайталаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?