Газдар қатысында жүретін химиялық реакциялардың жылдамдығына қысымның әсері. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3С | Мектеп: НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Газдар қатысында жүретін химиялық реакциялардың жылдамдығына қысымның әсері | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар біледі:реакция жылдамдығының маңызын біледі; Көпшілік оқушылар біледі:реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды ажырата алады; Кейбір оқушылар біледі: реакция жылдамдығына байланысты есептерді өз беттерімен шығара алады | ||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Химиялық реакциялар не екенін біледі. Оған әсер ететін факторларды біледі | ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Концентрацияны артырса............ Температураны төмендетсе............ Катализатор әсері............... | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, биология | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | оқушы мен мұғалімнің интернет ресурстарын пайдалану | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бөлшектер (6.4B) Химиялық реакция жылдамдығы (1) (8.2C) | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Оқушылармен амандасу. Үй тапсырмасын тексеру:
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын «Ой шақыру» арқылы анықтау... Реакция жылдамдығы экономикалық тұрғыдан қарағанда маңызды. Шығымды арттыру үшін келесі процестердің қайсысы ұтымды болады деп есептейсіз? Оқушылармен сабақтың тақырыбын талқылап, сабақ тақырыбымен оқу мақсатын таныстыру. Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға проблемалық сұрақ қою Қысым реакция жылдамдығына қалай әсер етуі мүмкін. Жекелеген оқушылардың пікірлері тыңдалып, бөлшектер тұрғысынан түсіндіруілері сұралады. Ол үшін сынып оқушылары ыдыстағы молекула деп сезініп температура төмендеп не жоғаралағанда молекула қозғалысын түсіндіреді. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Химиялық кинетика, химиялық реакциялар кинетикасы —химиялық процестердің жылдамдығын және жүру заңдылықтарын қарастыратын бір саласы.
«Химиялық реакция жылдамдығы» қалай жүреді? Барлық реакциялар түрлі жылдамдықта жүреді. Кейбір реакциялар жылдам, кейбірі баяу жүреді. Химиялық реакциялардың жылдамдығын оқытатын бөлім- химиялық кинетика деп аталады. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруі Концентрация Әрекеттесуші заттар табиғаты Концентрация Температура Қысым Қатты және сұйық заттардың арасындағы реакциялар қатты заттың бетінде жүретіндіктен реакция жылдамдығы баяу жүреді . Сондықтан реакция жылдамдығын арттыру үшін қатты заттарды ұсатып ұнтақ түрінде қолданылады. Екі сұйық заттардың арасындағы реакциялардың жылдамдығы жоғары болады. Оларға иондық реакциялар жатады. Газдардың арасындағы реакциялар жылдамдығы баяу жүреді Реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері Видеоға қатысты сұрақтар: видео№1
видео№2
Реакция жылдамдығы әрекеттесуші А, В, заттарының концентрациясына тәуелді m А+ n В = А В ᴜ=k СА СВ кинетикалық теңдеуі. k- жылдамдық константасы. ᴜ=k Химиялық кинетиканың негізгі заңы әсер етуші массалар заңы деп аталады.. Әрекеттесуші және түзілетін заттардың агрегаттық күйіне байланысты химиялық реакциялар екіге бөлінеді 1.Әрекеттесуші және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болатын химиялық реакцияларды гомогендік деп атайды Мысалы: NO (г) + О2 (г) = NО2 (г) 2.Әрекеттесуші және түзілетін заттар әртүрлі агрегаттық күйде болатын химиялық реакцияларды гетерогендік деп атайды Мысалы: С (қ) + О2 (г) = СО2 (г) V=k *СА* СВ Топқа бөлу: каналдарға қосылады. 1-топ: A+B = 2C реакция теңдеуінде А затының бастапқы концентрациясы 2,20 моль/л, ал 10 сек өткеннен кейін 2,15 моль/л болса, реакцияның орташа жылдамдығы неге тең? (0,005) 2-топ: Егер A(г) + B(г) = C(г) реакциясының жылдамдығы 64 есе артса, қысым неше есе артқан? (8 есе артады) 3-топ: Егер жүйедегі қысым екі есе кемісе, төмендегі химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? N2(г) + O2(г) = 2 NO(г) (4 есе кемидi) Дискриптор:
Өзара бағалау жүреді. | Видео №1 давление
Видео №2 газ фазасында сактығысу
| |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың өзіндік жұмысы 2: Тапсырма бойынша дифференцияция Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Қашықтықтан оқу болған соң, топқа дұрыс бөліп, оқушылардың жұмыс жасағандығын қадағалау 2: Физика пәнімен байланыстық Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру