Химиялық реакцияның жылдамдығына қысымның әсері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ 10.2С КИНЕТИКА
Ұзақ мерзімді сабақ жоспары 10.2С | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||||||||||||
Сыныбы: | Қатысқандар: | Қатыспағанда: | ||||||||||||||||
Тақырыбы: | Химиялық реакцияның жылдамдығына қысымның әсері | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
| |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар тарсия пазылдарын құрастыру арқылы реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды еске түсіреді Видео қарау арқылы қысымның жылдамдыққа әсерін талқылайды | |||||||||||||||||
Бағалау критериясы |
|
| ||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Сөздік
Сұрақтарға жоғарда аталған кілт сөздерді қоладана отырып ауызша немесе жазбаша жауап береді | |||||||||||||||||
АҚТ дағдысы | Ноутбукпен жұмыс жасау |
Сабақ жоспары
Сабақтың кезеңдері | Сабақ кезіндегі іс - әрекеттер | Ресурстар |
Сабақтың бастапқы кезеңі 0-5 мин 6 - 11 мин 12 – 15мин | Оқушылармен амандасу олардың сабаққа қатысын тексеру. Сыныпты түрлі түсті таяқшаларды таңдау арқылы Жұпқа бөлу. Оқушылардың алдынғы білімдерін тексеру мақсатында тарсия пазлын беру. Оқушылардың тақтадағы жауап арқылы өз-өздерін тексереу. Кейін оқушыларға презентация арқылы келесі сурет көрсетіледі. Суретте не бейнеленген? Бұл коланның шайқағанан кейін төгілуіне не себеп? Бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыздар? (біз бөтелкені шайқау арқылы қысым түсіреміз. Сусының ішіндегі көмір қышқыл газының молекулаларының соқтығысы жиелеп, бөтелке қақпағын ашқанда сыртына төгіледі.) Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру. | Түрлі түсті таяқшалар Тарсия пазлы |
Сабақтың орта 16 – 21 мин 22 – 30 мин 31 – 38 мин | Жаңа сабақты меңгеру оқушыларға «Соқтығыс теориясы бойынша» бейне ролик көрсету. Оқушылар бейне роликті көрместен бұрын, соған сәйкес сұрақтар беріледі. TWIG СҰРАҚТАР 1.Химиялық реакция жүру үшін ең алғашқы не болу керек? 2.Реакция жылдамдығын арттыру үшін не көп болу қажет? 3. Қысым қандай заттардың реакция жылдамдығына әсер ете алады? 4.Қысымды арттыру бөлшектерге қалай әсер етеді? 5.Реакция жылдамдығына әр түрлі факторлармен әсер етудің маңызы қандай? 6.Қысым артқанда газ көлемінде қандай өзгеріс болады? 7. Қысымды арттырғанда әрекеттесуші заттардың концентрациясында қандай өзгерістер болады? Оқушылар видео роликті көре отырып, сұрақтарға жауап береді. Кейін оқушылардың атын атау арқылы сұрақтардың жауаптары сыныппен талқыланады. Оқушыларға қосымша ақпарат ретінде презентациядан қысым реакция жылдамдығына әсерінің есептеу жолы ұсынылады. Оқушылардың дағдыларын дамыту үшін 1-2 есеп жеке орындауларын сұралады. Кейін сыныптың жауаптары слайда берілген жауаппен тексеріліп бағаланады. Кейін әр оқушының білімін қалыптастырушы бағалау үшін жеке жұмыс парағы таратылады. Оқушы тыныштықта өз бетімен орындап мұғалімге тапсырады. | https://twig-bilim.kz/kz/film/collision-theory Қосымша 1 Слайд Мәтін Қалыптастырушы бағалау. |
Сабақтың соңы 39- 40 мин | «Шығу билеті» Оқушылар шығу билетіндегі сұрақтарға жауап беріп, мұғалімге тапсырады. | Шығу билеті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?