алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Химия. Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар: 10.2C Кинетика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.9 химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін түсіндіру үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын және белсендіру энергиясын қолдану;

10.3.2.10 «белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық түсіндіру;

 Сабақтың мақсаттары

  • Максвелл-Больцман таралуын статистикалық диаграмма ретінде қарастыру
  • Молекула энергияларының таралуын Максвелл-Больцмен таралуына сәйкес болатынын үйрену
  • Температураны өзгерткенде және қатализатор қосқанда энегриялық кедергідегі бөлшектер санына қалай әсер ететінін түсіну

 Жетістік критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

Температура өзгергендегі Максвелл-Больцман таралу қисығын өзгерісін болжай алса.

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

Энергетикалық диаграмма бойынша белсендіру энергия мәнін түсінсе

Максвелл-Больцман таралу қисығынан белсендіру энергиясының мәнін түсіндірсе

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар түсінген материалдарын демонстрациялағанда жаңа лексикаларды дұрыс қолданыла алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Распределение Максвелла-БольцманаMaxwell-Boltzmann distribution Максвелл-Больцман таралуы

Энергия активации Activation energy Белсендіру энергиясы

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

Температураны жоғарылатқанда Максвелл-Больцман таралу қисығы…

Катализатор қосқанда белсендіру энергиясы…

Максвелл-Больцман таралу қисығының ауданы сызықтың оң жағындағы белсендіру энергиясына сәйкес....

Құндылықтарды дамыту

Оқушыларды шынайылыққа, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді

Пәнаралық байланыстар

Статистикамен байланыс

Бастапқы білім

9.1C Бөлім Химиялық реакция жылдамдығы

Сабақты жүргізу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Басталуы

1 мин

Сәлемдесу! Бірлескен жұмыс жағдайын құру.

Сәлеметсіздер ме! Бүгін біз барлық айналадағы болатын заңдылықтардан химия заңдарының ешқандай айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеуге тырысамыз.

2-14 мин

Статистикамен байланыс.

Мұғалім қалауымен және белгілі уақытта (3 минут) оқушыларға өткен тақырыптан күрделігі бойынша 5 дифференсациялық тест-тапсырма беріңіз. Оқушыларға 4-тен төмен емес балл жинаған жағдайда жақсы баға алатынын хабарлап қойыңыз. Тапсырманы орйындай алмаған, мүмкін нөл балл оқушылар саны аз болады. Барлық тапсырманы орындаған оқушылардың саны да аз болады. Оқушылардың негізгі контингенті 2-3 тапсырманы орындайды.

Оқушылар өздерін тексеру үшін тапсырма жауабын экранға шығарыңыз немесе айтыңыз.

Шешілген тапсырманың саны бойынша Excel кестені толтырып, статистикалық диаграмма құрыңыз. Тек F бағанасын толтырыңыз. Е бағанасына алдын ала оқушылардың тізімін толтыру керек.

Оқушылармен Excelдегі гистограмманы қарастырыңыз және оның формасын сызыңыз.

Қанағаттанарлық талапқа сәйкес келетін 4 және одан жоғары жинаған балалардың санын санаңыз.

Жақсы бағаның санын қалай жоғарылатуға болатыны туралы оқушыларға ойлануын және идея айтуын ұсыныңыз.

Бірінші нұсқа: жақсы баға алу үшін планкті төмендетуді ұсынуға болады, 3 және одан жоғары балл жинаса. Шынымен, ондай оқушылар көп.

Екінші нұсқа – тестілеуге дайындығыңыз жақсы болса. Ол үшін мұғалім бірінші нұсқаның тапсырмаларын тез талдайды да, 3 минутта орындап шығуға екінші нұсқаны береді. Дайындалған оқушылар жақсы орындап шығарды.

Excelдің G бағанасын толтырыңыз және гистограммаға қараңыз. Activboardты пайдаланып, екі гистограмма бойынша қисық сызыңыз. Оқушыларға салыстыруға мүмкіндік беріңіз:

  • Қисық астының ауданын (тест тапсырған оқушылардың саны бірдей болғандықтан аудан бірдей)
  • Қисықтың биіктігі (дайындалғаннан кейінгі қисықтың биіктігі төмен болады
  • Расположение пика кривой (после подготовки он будет сдвинут вправо)

Тест парағы 1 нұсқа.

Excel

Тест парағы 2 нұсқа.

Excel

15 мин

Мақсат қою

Сбақтың мақсатын қойыңыз.

Презентация ppt

Середина урока

16-18 мин

Виртуальді тәжірибе

Симуляторды қосып, энергия гистограммасындағы инструменттерді белгілеңіз. Оқушылардың бөлшек саны мен температураны өзгерту арқылы тәжірибе жүргізуіне мүмкіндік беріңіз. Қалай болғанда да таралудың біртипті екені бақыланатынына қорытында жасау үшін оларға әртүрлі бағыттаға сұрақтармен көмектесіңіз: молекуланың көп болуы энергияның орташа мәніне ие болады. Орташа мәнді алып тастағанда, молекула саны азаяды.

Gas-properties_kz.jar

19-25 мин

Мұғалімнің түсіндіруі

Тақырыпты түсіндіру үшін презентацияны қолданыңыз.

Презентация ppt

26-32 мин

Жазбаша тапсырмалар

Оқушыларға тапсырманы таратыңыз.

Тапсырма парағы

33-38 мин

Жауаптарды талдау

Жауап парағы

Сабақ аяғы

39-40 мин

Рефлексия

Максвелл-Больцман таралуы оңға ығысуын түсінген оқушыларға қолдарын көтеруді сұраңыз.

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: температураны көтергенде химиялық реакциялардың жоғарылайтынын білу. Оны Максвелл-Больцмен таралу қисығынан себебін көру.

Көпшілік оқушылар: таралу қисығын өздігінен түсіндіре алады, тапсырмаларды орындай алады.

Кейбір оқушылар: Максвелл-Больцман таралу қисығының қозғалысына басқа факторлардың әсерін қарастырып ұсына алады және жылдамдықтың қалай өзгеретінін түсіндіре алады.

Оқушылар тақырыпты талқылауда белсенді қатысуы қабылданады.

Олар жеке жұмыстар орындайды.

Әлсіз оқушылар құрбыларынан және мұғалімнің көмегін алады.

Сынып бөлмесінде негізгі ережелерді сақтауды талап етіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы