Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері №2 практикалық жұмыс «Әр түрлі факторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсерін зерттеу» «Вант Гофф ережесі» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2C Кинетика

Мектеп: НЗМ Атырау

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оралова А Қ

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері

№2 практикалық жұмыс «Әр түрлі факторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсерін зерттеу»

«Вант Гофф ережесі» тақырыбына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

-химиялық реакцияның жылдамдығына температура, концентрация өзгерісінің әсерін анықтау

Вант-Гофф ережесі бойынша есептер шығару

- химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін түсіндіру үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын қолдану

Сабақ мақсаттары

-химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

- химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

-Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізу;

- химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін түсіндіру үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын және ---------белсендіру энергиясын қолдану;

«белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық түсіндіру;

Жетістік критерийлері

химиялық реакция жылдамдығына температураның, концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

- Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін

түсіндіре алса;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар зертханалық жұмысқа қорытынды жасағанда, химиялық реакция жылдамдығына Максвелл-Больцман таралу қисығын қолданғанда тематикалық сөздік қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту

Нақтылық, ұқыптылық, жан-жақтылық, алған білімін өмірде қолдана алу

Пәнаралық байланыстар

Физика, математика

Бағалау критерийі

- зертханалық жұмыста нұсқаулықты дұрыс орындайды

- өлшем бірліктерін СИ жүйесімен көрсетеді

- дұрыс есептеу жүргізеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықтарына назар аудару.

Өткен тақырып пен бүгінгі сабақты байланыстыратын іс-әрекет:

Оқушыларға химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар белгіленген сурет қиындыларын таңдау ұсынылады. Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Әр топ реакция жылдамдығына қандай фактордың әсер етіп тұрғанын тауып, атап, түзілген өнімнің пайдасын түсіндіреді. Сурет қиындыларының дұрыс бұрыстығын тексеру үшін презентация арқылы тексереміз.

Өте жақсы, балалар, рахмет!

Оқушыларға сұрақ:

  • Неліктен біздер топқа бөліндік?

1-2 оқушының жауабы тыңдалып, талқыланып, дұрыс болса, мадақтау сөзі айтылады.

Дұрыс айтасыздар, топқа бөлінген себебіміз «топтық жұмыс» жасайсыздар.

Біз, бүгінгі сабағымызда химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлардың бірі -температураның әсерін зерттейтін боламыз.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы айтылады, мақсат бірлесіп айқындалады.

Презентация

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10-40 мин

Топтық жұмыс.

Оқушылар зертханалық жұмыс жасайды. Әр оқушыға жұмыс жасауға қажетті нұсқаулық таратылады. Зертханалық жұмыс нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйеніп, температура мен концентрацияның жылдамдыққа тәуелділік графигін құрады.

Зертханалық жұмыс кезінде мұғалім бақылаушы қызметін атқарады. Зертханалық жұмыстың жасалуын бағалауға бағытталған жетістік критерийлері арқылы ауызша, яғни мадақтау түріндегі бағалауды жүргізеді.

Оқушылар өз бақылауларын жұмыс парағына жазады.

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

40-45мин

46-55

56-80

Оқушыларға Вант-Гофф ережесі таныстырылады. Гомогенді жүйелерде көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығы температураны әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады.

Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі (Вант-Гофф ережесі): 

мұндағы ϑ1 – t10C температурадағы реакция жылдамдығы ;

ϑ– t20C температурадағы реакция жылдамдығы;

γ – реакцияның температуралық коэффициенті.

Белсендіру энергиясы ұғымымен танысады.

.

Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсерін түсіну үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын және белсендіру энергиясын қолдану туралы видеолар қарап тапсырмасын орындайды.

Оқушылар Вант-Гофф ережесі бойынша есептер шығарады.

Мұғалім егер оқушыларда түсінбеген сұрақтары болса жауап береді.

Презентация

Презентация

https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10463

Қосымша 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Химиялық реакция жылдамдығына температура мен концентрация қалай әсер ететіні туралы айта алады;

Көпшілік оқушылар: Химиялық реакция жылдамдығына концентрация мен температура әсер еткенде қалай өзгеретіндігін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

Вант Гофф ережесі бойынша есептер шығара алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?

[Қосымша 1]

[Қосымша 2]

Оқушының аты-тегі: Сыныбы:

№ 2зертханалық жұмыс

Температураның химиялық реакция жылдамдығына әсері

Жұмыстың мақсаты : химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін болжау

Қауіпсіздік техника ережелері : ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Гипотеза:

Егер мен………………….........…….. , ………...............................…….өзгереді ма ?

Жұмыс барысы:

  • Өлшеуіш цилиндр көмегімен 5 мл натрий тиосульфаты (Na2S2O3) ерітіндісін өлшеп алыңыз.. Осыған 20 мл дистилденген су құйып, ,химиялық стаканға құйыңыз. Температураны өлшеңіз.
  • Химиялық стаканды маркері бар қағазға қойыңыз.
  • Тамшуыр көмегімен 5 мл 1М тұз қышқылы ерітіндісін өлшеңіз.
  • Химиялық стаканға ақырындап натрий тиосульфаты ерітіндісін қосыңыз. Секундомерді қосыңыз Уақытты ашық жасыл түсті ерітінді немесе қағазда белгінің жойылғанына дейін жалғастырылады.
  • Барлық мәлімет кестеге толтырылады.
  • Әр тәжірибе температурасын 100С ыдырату арқылы жалғастырыңыз.

Нәтиже

температура

(0С)

Тұнбаның түзілу уақыты

(сек)

Реакция жылдамдығы

І

ІІ

ІІІ

  • Графикке сүйене отырып, нәтижеге түсініктеме беріңіз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Осы нәтижені соқтығысулар теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз

№ 2 зертханалық жұмыс

Концентрацияның химиялық реакция жылдамдығына әсері

Жұмыстың мақсаты : химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін болжау

Қауіпсіздік техника ережелері : ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Гипотеза:

Егер мен………………….........…….. , ………...............................…….өзгереді ма ?

Жұмыс барысы:

  • Өлшеуіш цилиндр көмегімен 5 мл натрий тиосульфаты (Na2S2O3) ерітіндісін өлшеп алыңыз.Химиялық стаканға құйыңыз
  • Химиялық стаканды маркері бар қағазға қойыңыз.
  • Тамшуыр көмегімен 5 мл 1М тұз қышқылы ерітіндісін өлшеп, ақырындап қосыңыз.
  • Химиялық стаканға ақырындап натрий тиосульфаты ерітіндісін қосыңыз. Секундомерді қосыңыз Уақытты ашық жасыл түсті ерітінді немесе қағазда белгінің жойылғанына дейін жалғастырылады.
  • Барлық мәлімет кестеге толтырылады.
  • Тәжірибені тұз қышқылының әр түрлі концентрациямен орындаңыз

Нәтиже

Тұз қышқылы концентрациясы

Тұнбаның түзілу уақыты

(сек)

Реакция жылдамдығы

І

ІІ

ІІІ

  • Графикке сүйене отырып, нәтижеге түсініктеме беріңіз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Осы нәтижені соқтығысулар теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша 3

Вант-Гофф ережесі бойынша есептер:

  • Берілген химиялық реакцияның температуралық коэффиценті Ɣ=2. Температураны 100'С қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады?
  • Кейбір химиялық реакцияның температуралық коэффиценті Ɣ=2. 20 С та ол 60 секундта аяқталады. 40'С-та ол қанша секундта аяқталады?
  • Температураны 30градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе өссе, температуралық коэффициент нешеге тең болады?
  •  Реакцияның температуралық коэффициенті 2,3 болса, температураны 25градусқа көтергенде, реакция жылдамдығы неше есе артады?
  • 25°С температурада өтетін реакция үшін активтену энергиясын 4кДж/моль санға азайтса, реакция жылдамдығы неше есе артады?
  •  Егер температураны 290К-дан 300К температураға көтергенде, реакция жылдамдығы 2 есе артса, реакцияның активтену энергиясы нешеге тең болады? 

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?