Катиондарға сапалық реакция. Химмя, 9 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Химия Тарау: 9.1В Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Катиондарға сапалық реакция | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалынның бояу реакцияларын сипаттау және орындау. Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакцияларды жүргізу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін келесі әрекеттер арқылы дамыту: Сапалық және сандық анализді өзара ажыратады. Тұнба түзетін және тұнба түзбейтін катиондарды анықтай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Лабораториялық жұмыстың қорытындысы жасаған болжамға сәйкес жазады. Зерттеу жоспарын құрастырады (теориялық матрица). Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазады. Тәжірибелік матрицада реакцияның бақылауын жазады. Белгісіз катиондарды анықтайды. Натрий гидроксиді ерітіндісін сапалық зерттеуде қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар реакцияның бақылауын арнайы терминдермен жазады (тұнба, газ, дымқыл лакмус қағазы, өткір иіс, жалынның түсі, ериді немесе ерімейді). Оқушылар орындауы тиіс:Жалынның түсін бояу тәжірибесі бойынша тәжірибенің әр кезеңін сипаттау, осы тақырыпқа қатысты терминдерді дұрыс айту Пәндік лексика және терминология: түсті жалын, металдар, металдар ерітінділері, сым,қосылыс, литий, натрий, калий, рубидий, кальций, стронций, барий, мыс, ерітінді,қара/ашық көк, сынау, шек, бөлу, түзілу, батыру Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Х ерітінді жалынды(түсі) .... түске бояды Х ерітінді жалын .........(түсі) бөлді Ерітіндіде қандай түс пайда болды? Ерітінді қандай түске боялды? Стронций жалынды........... бояды (түсі) Алдымен сымды ерітіндіге батырыңыз, артынан… | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Пәнішілік: химиялық зерттеу негіздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | Сабақтағы іс әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
0 -5 мин | Стартер (жағымды атмосфера құру, әрі сабаққа ой қозғау) Оқушылардың зейінін жинақтау үшін отшашу бейнематериалы көрсетіледі. Мұғалім сұрақ қояды: «Салют» сөздің мағынасы қандай? Неміс тілінен – «амандасу» Италия тілінен – «денсаулық», «амандасу кезінде денсаулық тілейді» Отшашуды не себептен атады және қай елде алғаш қолдана басталды деп ойлайсыздар? Б.з.д 12 ғасырда Қытай елінде пайда болды, оны діни рәсім ретінде қолданылды. Европада алғаш рет Италияда пайда болды. Негізінен отшашуды соғыстан жеңіспен оралған кезде атқылаған. Неліктен отшашу түрлі түсті? Жасыл – барий, Қызыл – стронций, Көк – мыс, Тоқ сары − кальций Сары – натрий металдарының тұздарын қолданады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Заттарды анықтау заттардың құрамдық бөліктерін анықтау реакциясына көбінесе ионды анықтауға негізделген | Отшашу бейнемате-риалы Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 -10 мин 10-20 мин 20-37 мин | Ой қозғау сұрағы: Отшашу басталу үшін не қажет? Мұғалімнің түсіндіруі. Экологиялық мониторинг, өнеркәсіпте, медицинада және сот-медициналық экспертизада істейтін ғалымдар заттарды зерттеп анықтайды. Олардың ішінде катиондарды анықтау үшін екі әдісті жатқызуға болады: Тұнба түзу реакциясы Жалынды бояу әдісі Оқушыларға катиондарға сапалық реакция кестесі таратылады. Лабораториялық жұмыс: Li+, Na+, Ba2+, Cu2+, Fe2+, Fe3+ тұздары A, B, C, D, E, F сынауықтарда берілген. Қай сынауықта қандай зат бар екенін анықтау. Қосымша реактивтер: H2SO4, а) оқушылар теориялық матрицаны құрады
Тұнба түзетін реакцияларға молекулалық және иондық теңдеулерді жазады. б) практикалық матрицаны құрастыру, белгісіз катиондарды анықтау.
Дескрипторлар:
| А 3 қағазы Маркерлер Презентация Реактивтер:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
37-40 мин | Рефлексия. Кері байланысTalk Partners «сұхбаттасатын жұп» Жұбыңызбен:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?