Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4А

Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары

Мектеп: Орал қаласы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.1.43 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу;

10.2.1.44 аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;

Сабақ мақсаттары

  • Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат иондарын анықтау үшін тесттерді жүргізе білу.
  • Берілегн сапалық талдау бойынша реакция теңдеулерін жаза алу.

Бағалау критерийлері

  • Аниондарға сапалық реакцияларды жүргізеді.

Декрипторлар:

  • Зертханалық жұмысты қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындайды
  • хлорид-, бромид-, йодид- иондарына сапалық реагент күміс катионы екенін біледі, тұнба түсін анықтайды
  • Аниондардың аталуын және формуласын біледі
  • Сульфат ерітіндісіне барий хлориді ерітіндісі әсерін сипаттайды
  • Карбонатқа қышқыл әсерін сипаттайды
  • Өзінің іс-әрекетін және бақылауларын нәтижелер кестесіне тіркейді.
  • Қолданылған әдістер мен құралдарды, нәтиже мен бақылауларын ескере отырып жұмысты қорытындылайды.
  • Берілген иондарға сапалық реакция теңдеулерін жазады

Декрипторлар:

  • Берілген аниондар үшін сапалық реакция теңдеуін сөзбен жазады
  • Берілген аниондар үшін сапалық реакция теңдеуін формуламен жазады
  • 4-5 реакция теңдеуі үшін толық, қысқартылған реакция теңдеулерін жазады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Эксперимент нәтижелерін ауызша және жазбаша сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

тұздардың ерігіштік кестесі сынау, аналитикалық сигналдар (тұнба, газ, жылу, жарық т.б.)

сульфат, карбонат, нитрат, хлорид, бромид, иодид-аниондары

ақ/сары тұнба, газ бөлінді

Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөйлемшелер жиынтығы:

Ерітіндіде қандай түс пайда болды? Ерітінді қандай түске боялды?

А анионы В ерітіндісімен реакцияға түскенде ақ/ сары/ көк тұнба пайда болды.

А анионы В ерітіндісімен реакцияға түскенде газ бөлінді, ол бөлінген газ . . .

Ерігіштік кестені пайдалана отырып, А заты тұнбаға түсетінің

көрдік, яғни . . .

Құндылықтарды дарыту

Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, құрмет, ашықтық, өмір бойы оқу

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта, бейне материал

Бастапқы білім

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2В)

Ерітінділер мен ерігіштік (7.3С)

Металдардың белсенділік қатары (8.2A)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

4-18

(Барлығы минут)

Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

  • (І)ӨТКЕН САБАҚПЕН БАЙЛАНЫС

Тапсырма сипаты: «Металл катиондарының жалын түсін ажырату». Бірінші оқушы металл катионын, екінші оқушы қандай түске ие болатының айтады. Осы бағытпен сынып оқушылары толық біткенше жалғасады.

Бағалау: Бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: оқушы-оқушы.

Сабақтың ортасы

18-20

20-60

60-78

(Барлығы минут)

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаттары таныстырылады.

  • (G,E) 4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тапсырма сипаты:

Тұз ерітінділеріндегі аниондарды анықтау зертханалық жұмысын:

-Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат, силикат иондарын анықтау үшін тесттерді жүргізе білу.

-Берілегн сапалық талдау бойынша реакция теңдеулерін жаза алу

жұмыс мақсаттары бойыншa жұпта нұсқаулыққа сәйкес орындайды.

Оқушы іс-әрекеті: Нұсқаулықпен танысады, құрал-жабдықтарды, реактивтерді тексереді, жұмыстағы қауіпсіздік ережесін анықтайды. Бақылау нәтижелерін кестеге толтырады.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың жұмысын бақылайды. Бағалау жүргізеді.

  • ЖҰМЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Оқушылар тақтадағы кестеге анықтаған иондары және байқалған сигналдарды, реакция теңдеулерін жазады. Берілген кестеге талдау, қорытынды жүргізеді.

Бағалау: Бағалау критерийлері және ынталандыру сөздері арқылы мұғалім бағалайды.

  • Аниондарға сапалық реакцияларды жүргізеді.

Декрипторлар:

  • Зертханалық жұмысты қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындайды
  • хлорид-, бромид-, йодид- иондарына сапалық реагент күміс катионы екенін біледі, тұнба түсін анықтайды
  • Аниондардың аталуын және формуласын біледі
  • Сульфат ерітіндісіне барий хлориді ерітіндісі әсерін сипаттайды
  • Карбонатқа қышқыл әсерін сипаттайды
  • Өзінің іс-әрекетін және бақылауларын нәтижелер кестесіне тіркейді.
  • Қолданылған әдістер мен құралдарды, нәтиже мен бақылауларын ескере отырып жұмысты қорытындылайды.
  • Берілген иондарға сапалық реакция теңдеулерін жазады

Декрипторлар:

  • Берілген аниондар үшін сапалық реакция теңдеуін сөзбен жазады
  • Берілген аниондар үшін сапалық реакция теңдеуін формуламен жазады
  • 4-5 реакция теңдеуі үшін толық, қысқартылған реакция теңдеулерін жазады.

Кері байланыc: Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім.

Слайд 1

Жұмыс парағы

0,5 М натрий сульфаты ерітіндісі, магний, натрий карбонаты, натрий нитраты, қорғасын, натрий бромиді, натрий хлориді, калий, калий иодиді, барий хлориді, күміс нитраты – 30 мл

Сынауықтар – 6 шт

Сынауыққа арналған тұрғы – 1 шт шайғыш - 1 шт

Сабақтың соңы

78-80

  • Сабаққа қорытынды.

Нені білдім

Нені толықтыру қажет

Не қиын болды

презентация

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар мынаны жасаулары керек:

Зертханалық жұмысты қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындайды.

Берілген иондарының жалын түсін анықтайды

Өзінің іс-әрекетін және бақылауларын нәтижелер кестесіне тіркейді.

Қолданылған әдістер мен құралдарды, нәтиже мен бақылауларын ескере отырып жұмысты қорытындылайды

Көптеген оқушылар мынаны жасаулары керек:

Берілген ионды бойынша екі әдіс бойынша анықтауға болатындығын анықтайды

Қолданылған әдістер мен құралдарды, нәтиже мен бақылауларын ескере отырып жұмысқа ғылыми қорытынды жазады.

  • бағалау критерийлері бойынша және ынталандыру сөздері арқылы бағаланады;
  • оқушылар бір-бірін бағалайды.

Аммиак улы және тітіркенгіш болып табылады. 0,5 М жоғары концентрациясын пайдалануға болмайды. Бөлме желдетілетін болуы тиіс. Оқушылар көздеріне аммиактың түсуінен сақтану қажет

Күміс нитраты улы, алайда аталған тәжірибеге 0,05 М қауіптілігі аз ерітіндісі пайдаланылады.

Хлорлы барий қауіпті: 0,1 М ерітіндіні пайдаланыңыз және қорғаныс көзілдірігін киіңіз.

Нитратқа сынақ кезіндегі қоныр сақина оны жасаған оқушылар үшін өте қауіпті және қолданылмауы тиіс.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?