№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 9.2С 

1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары

КҮНІ:

Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім: Базарова Д.Ж.

СЫНЫП:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу

Сабақ мақсаты

  • 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының физикалық қасиеттерін еске түсіру;
  • 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының химиялық қасиеттерін зерттеу: магнийдің жануы, кальцийдің ауада жануы, сумен әрекеттесуі, сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуі;
  • Реакция өнімін анықтау;
  • Өз бақылауларын түсіндіру;
  • Қорытынды жасау.

Бағалау критерийі

  • 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының физикалық қасиеттерін еске түсіреді;
  • 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының химиялық қасиеттерін зерттей алады: магнийдің жануы, кальцийдің ауада жануы, сумен әрекеттесуі, сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуі;
  • Реакция өнімін анықтайды;
  • Өз бақылауларын түсіндіре алады;
  • Қорытынды жасай алады.

Миссия, Ұстаным, Құндылықтар

Миссия

  • Шығармашылық дағдысын дамыту;

Ұстаным

  • Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру;
  • Сыни ойлау дағдыларын дамыту;

Құндылықтар

  • Құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкешілік

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Барлығы, көпшілігі, кейбіреулері және ешқандай сөздерін пайдалана отырып, 1-ші топтағы металл реакциялары туралы білімдерін ауызша және жазбаша жинақтау Пәнге қатысты лексика және терминология

Периодтық кесте, сыртқы қаптама, байланыстар, құрылыс, реакция, металл, ерітінді, жалын

жұмсақ, жылтыр, қарқынды, сілтілі

реакцияға түсу, жану, тоқтату

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Барлығы/көпшілігі/кейбіруелері 1-топ металдары … болып табылады

Олардың барлығы/көпшілігі/кейбіреулері Х түсімен жанады/байланыс түзеді/сыртқы қаптама электрондарынан тұрады …

Суда, олар/кейбіреулері/1-топ металдары қарқынды/баяу ерітеді/сілтілі ерітіндіні тоқтатады

Олардың бірде-бірі түспейді/өндіреді/жанады/құрады/ Х ие.

Кейбір/барлық Х Y реакциямен түседі?

Пәнаралық байланыс

Физика

Математика

Алдыңғы білім

Бұрын оқып танысқан барлық тақырыптар аталған бөлім үшін қажет

Әсіресе металдардың салыстырмалы қасиеттері маңызды.

Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-5

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

  •  «Дайындық» (W)
  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Сабақ тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру.

Power point бағдарламасы бойынша жасалған презентация

Ортасы

5-15

15-37

37-40

40-77

  •  «Миға шабуыл»

Мақсаты: Өткен білімді еске түсіру;

Сипаты: Оқушыларға өткен тақырыпты еске түсіру үшін тапсырмалар береді.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар берілген химиялық реакция теңдеулерін жазады, теңестіреді, өнімнің атауын атайды.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушылардың химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазғандығын қадағалайды.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау;

Кері байланыс: оқушы – оқушы/мұғалім

  • «1 (I),–топ металдарының ауадағы оттекпен және сумен реакциясы көрсетілімі»

Мақсаты: 1 (I),–топ металдарының химиялық қасиеттерін зерттеу;

Сипаты: Мұғалім оқушыларға көрсетілім көрсетеді. Натрий мен калий металдарының кесегін көрсетеді. Оларды керосинде сақталуын түсіндіреді. Бұл металдарды кесіп, олардың қалай жұмсақ екенін көрсетеді. Ауада қалай тез қараятынын көрсету арқылы оқушылардың назарын аудартады. Әр металды сумен реакциясын көрсетіп, ерітіндінің ортасын анықтайды.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар көрсетілімді көріп, бағытталған сұрақтарға жауап береді. Кейін жүргізілген реакциялардың химиялық теңдеулерін жазады.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға көрсетілімді көрсетіп, бағыттаушы сұрақтар қояды.

Кері байланыс: оқушы – оқушы/мұғалім

Рефлексия ®

  • «№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару»

Мақсаты: 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының химиялық қасиеттерін зерттеу: магнийдің жануы, кальцийдің ауада жануы, сумен әрекеттесуі, сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуі;

Сипаты: Оқушыларды топқа бөледі. Практикалық жұмыстың нұсқаулығы берілген парақ таратылады. Кейін оқушылар топта жұмыстың ретін талқылайды. Мұғалімнің нұсқаулымен оқушылар практикалық жұмысты жасайды.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар практикалық жұмысты орындайды. Кейін жүргізілген реакциялардың химиялық теңдеулерін жазады.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға сұрақтарды беріп, олардың топта қалай практикалық жұмысты орындайтынын бақылайды.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау.

Қосымша 1

Натрий

Калий

Сынауықтар

Химиялық қасық

Пышақ

Фильтр қағазы

Химиялық стакан

Фенолфталейн индикаторы

Қышқылдар ерітіндісі

Соңы

75-80

(5 минут)

  • Рефлексия

БББ кестесін толықтыру.

Білем

Білемін

Білгім келеді

Үй тапсырмасы:

БББ кестесінің сызба - нұсқасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?