№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару. Химия, 9 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


Оқушының аты-жөні: _______________________________ Сынып: 9_______

№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Оқу мақсаты:

9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу.

Жұмыстың мақсаты:__________________________________________________ _____________________________________________________________________

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:______________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

Қышқыл ерітінділерімен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет;

Кальцийдің сумен әрекеттесу кезінде жылу бөлінеді, сондықтан реакциядан кейін аз уақыт сынауықты қолмен ұстауға болмайды;

Сілтілік металдармен (әсіресе калий, натрий) жұмыс жасау өте қауіпті

Тапсырма

1.Әр тәжірибе үшін жоспар құрастырыңыз;

2. нәтижелерді көрсету үшін қолайлы әдісті қолданыңыз;

3.Қажетті құрал – жабдықтарды қолдана отырып, бақылау жүргізіңіз және барлық айналуларды жүзеге асырыңыз.

4.Әр реакция үшін реакция теңдеуін жазыңыз.

Жұмыстың барысы

1.Алюминийдің амфотерлік қасиеттерін дәлелдейтін өзгерістерді жүзеге асырыңыз:

2.Айналуларды жүзеге асырыңыз:

MgCO3→ MgCl2 →Mg(OH)2 → MgSO4

3 Натрий металынан натрий гидроксидін алыңыз және оның сілті екенін дәлелдеңіз. Содан кейін бейтараптандыру реакциясын жүргізіңіз.

4. Кальций гидроксидінің алыну жолының екі әдісін ұсыныңыз:

5.1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының химиялық қасиеттері бойынша қорытынды жасаңыз:

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

- сапалық деректереді жинайды;

- нәтижелерді көрсету үшін қолайлы әдісті қолданады;

- барлық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып бақылау жүргізеді.

1. Практикалық жұмыстың мақсатын дұрыс құрастырады;

2.4 тәжірибенің жоспарын құрастырады;

3.Нәтиже кестесіне өздерінің бақылаулары мен іс әрекеттерін жазып отырады;

4. 80% айналуларды жүзеге асырады;

5. 80% теңестірілген реакция теңдеулерін дұрыс жазады;

6. Сәйкесінше қорытынды жасай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?