Аниондарға сапалық реакция. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Химия

Тарау: 9.1В Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Аниондарға сапалық реакция

Оқу мақсаттары

Хлорид, бромид, йодид, сульфат, карбонат, фосфат, нитрат, силикат иондарына сапалық реакция жүргізу және ион алмасу реакциясының бақылау нәтижелеін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Оқушылар ион алмасу реакцияларын тәжірибе жүзінде жүргізіп, реакция теңдеулерін жазады.

Бағалау критерийлері

Лабораториялық жұмыстың қорытындысы жасаған болжамға сәйкес жазады.

Зерттеу жоспарын құрастырады (теориялық матрица).

Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазады.

Тәжірибелік матрицада реакцияның бақылауын жазады.

Белгісіз аниондарды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар реакцияның бақылауын арнайы терминдермен жазады (тұнба, газ, ериді немесе ерімейді, газ көпіршіктері, әк суының лайлануы.

Оқушылар орындауы тиіс: Тәжірибенің әр кезеңін сипаттау, осы тақырыпқа қатысты терминдерді дұрыс айту

Пәндік лексика және терминология:

Галогенид иондар, көмірқышқыл газы, сары/ақ, т.б. тұнба түзілді

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Х ерітінді .... түсті тұнба түзді

Х ерітінді .........газын бөлді

Ерітіндіде қандай түс пайда болды? Ерітінді қандай түске боялды?

Тәжірибе нәтижесінде көзге байқалатын өзгеріс болған жоқ

 Пәнаралық байланыс

Пәнішілік: химиялық зерттеу негіздері

Сабақ барысы

Сабақтағы іс әрекет

Ресурстар

0 -5 мин

Ой қозғау сұрағы

Мұғалім оқушыларға бөтелкедегі минералды су мен құбырдан алынған суды көрсетіп, айырмашылығын сұрайды. Оқушылар сулардың құрамында болатын заттарды атайды. Минералды судың сыртындағы аниондарға назар аударту қажет.

  • Судың құрамындағы аниондарды қалай анықтауға болады?

Мұғалім құбыр суына аз мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосып, хлорид ионына сапалық реакция көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Заттарды анықтау заттардың құрамдық бөліктерін анықтау реакциясына көбінесе ионды анықтауға негізделген

Презентация

Минералды су

Сынауық

Күміс нитраты

5 -15 мин

15-37 мин

Аниондарға сапалық реакция кестесімен жұмыс жасау.

Лабораториялық жұмыс:

  • Галогенид иондарға сапалық реакция.

Оқушылар жұпта хлорид, йодид және бромид иондарына күміс нитратын қосып, реакцияны бақылайды. Реакцияның қысқартылған иондық теңдеуін жазады.

  • Сульфат және карбонат ионадарына сапалық реакция.

Презентацияда көрсетілгендей оқушылар екі тәжірибені жүргізіп бақылайды. Реакцияның молекулалық теңдеуін жазады.

Практикалық жұмысты орындау.

Практикалық жұмыс оқушылардың өздігінен зерттеу жүргізуіне бағытталған. Тәжірибе барысында мұғалім оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалайды, көмекті қажет ететін оқушыларға бағыт береді.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа белгілі бір заттардың атауы беріледі. Бірақ сынауықтағы берілген заттар 1, 2, 3 және 4 деп номірлену керек.

1 топ: натрий сульфиді, қорғасын (ІІ) нитраты, натрий карбонаты, тұз қышқылы

2 топ: натрий гидроксиді, мыс (ІІ) сульфаты, темір (ІІ) сульфаты, темір (ІІІ) хлориді

3 топ: барий хлориді, күміс нитраты, натрий сульфаты, калий йодиді ерітінділері

Жұмыстың мақсаты – оқушылар белгісіз заттарды анықтау. Оқушылар реакцияның нәтижелерін теориялық кестемен салыстырады.

Реактивтер:

тұз ерітін-ділері

сынауық

H2SO4 ерітіндісі

тамшуыр

ақ және қара фон

практикалық жұмыс парағы

тәжірибеге қажетті реактивтер мен құралдар

37-40 мин

Рефлексия. Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру