Иондардың түзілуі. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Мектебі:

Пәні: Химия

Мұғалімніңаты-жөні: 

Сабақтың тақырыбы

Иондардың түзілуі

Сынып: 

Қатысқандар саны:

Күні:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну

Сабақ мақсаттары

  • сыртқы қабаттың толуы атомдардың тұрақтылығына алып келетінін түсінеді.
  • атомдар электронды беріп жібергенде оң зарядты иондар, электронды қосып алғанда теріс зарядты иондар түзілетінін түсінеді;
  • иондар түзілудің электрондық теңдеулерін құрады.

Жетістік

критерийлері

  • сыртқы қабаттың толуы атомдардың тұрақтылығына алып келетінін түсіндіре алады;
  • атомдар электронды беріп жібергенде оң зарядты иондар, электронды қосып алғанда теріс зарядты иондар түзілетінін схема түрінде көрсете алады;
  • иондар түзілудің электрондық теңдеулерін құра алады.

 Тілдікмақсаттар

Оқушылар жаңа сөздерді түсінгенін көрсету үшін, оларды қатесіз пайдалану қажет

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ион, октет ережесі, оң зарядты ион, терс зарядты ион, электронды қосып алу, электронды беріп жіберу, иондардың түзілуі

Пәнаралық байланыстар

физика

АКТ қолданудағдылары

Powerpoint

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру.

І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құру.

Презентация

Миға шабуыл

6-11 мин

Сабақтың ортасы

12-17 мин

18-23 мин

24-29 мин

30-38 мин

(I) Жұптық жұмыс: жұптағы екі оқушының біреуіне метал, екіншісіне бейметал атомы электрондарының қабат бойынша орналасу диаграммасын салу тапсырмасы беріледі.

Әр оқушы өзі салған диаграмма бойынша атомның моделін сым және пластилиннен жасайды.

Жұпта оқушылар жасаған моделін тексеріп, өзара бағалайды.

Мұғалім түсіндірмесі:

Элемент атомы сыртқы электрон қабатын аяқтау үшін электрондарды қоса немесе бере алатындығын және осының нәтижесінде ион түзілетінін түсіндіру.

Жұпта оқушылар алған теориялық білімдерін қолдану арқылы металл атомдарының электрондарын жоғалтып оң зарядты иондардың пайда болуын және электрондарды қосып алып, теріс иондардың пайда болуын өздері жасаған атом моделінен ион моделін құрастырады.

Атом мен ионның электрондық құрылысы бойынша айырмашылығын түсіну үшін тапсырмалар орындайды

Оқушылардан кальций, алюминий, күкірт және хлор мысалында иондардың түзілуін көрсетуді сұраңыз.

Қосымша 1

Сым, пластилин, картон қағазы

Слайд 3-4

Жұмыс парағы

Ақ тақта

Таратпа материалдар

Сабақтың

соңы

38-40 мин

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толықтүсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы

№ 2

  • Төмендегі сөйлемдердегі процестердің теңдеулерін жаз.
  • Литий атомы 1 электронды жоғалтып, оң зарядты ионға айналады.

..................................................................................................................................................................

  • Фтор атомы 1 электронды қосып алып, теріс зарядты ионға айналады.

.................................................................................................................................................................

  • Бірінші тапсырмадағы атом және ионның диаграммасын сызып, айырмашылығын түсіндір.

Атом диаграмммасы

Ион диаграмммасы

Литий

Фтор

Айырмашылықтары: .............................................................................................................................................

..............................................................................................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?