Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиденелердің арнайылығы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ:11.1

Молекулалық биология және биохимия

1-2 сабақ

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиденелердің арнайылығы (белсенді орталығы).

Осы сабақ арқылы қол жеткізілетін Оқу мақсаты:

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру

Сабақ мақсаты:

Оқушылар орындай алады:

Қан топтарындағы антиген/агглютиноген мен антидене/агглютининді ажырату

Антидене мен антигеннің құрылысын сипаттайды және атқаратын қызметтерін талдау

Антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмін сипаттау

Бағалау критерийлері:

Оқушылар орындай алады:

  • Нәруызды тізбектерді, екі «ауыр» және екі «жеңіл» тізбектерді анықтайды;
  • Вариабельды аймақтарды, константалы аймақты және дисульфидті көпіршені белгілейді.
  • әрбір әрекеттесу типіне, ерекшеліктеріне, әрекет ету принциптеріне қысқаша сипаттама береді;

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

•антиген мен антидене байланысын сипаттау (айтылым және жазба дағдылары).

Пәндік лексика және терминология

Антиген, антидене, иммунитет, В-жасушалар, Т-жасушалар, хелперлер, иммуноглобулин, агглютинин, агглютиноген, резус-фактор, резус-конфликт, жеңіл тізбек, лимфоцит, тимозин, тимус, тимоцит, лимфоидты ұлпа, лимфокин, иммуноцит, эффектор, гуморальды және жасушалық иммунитет, ауыр тізбек, макрофаг, сүйек кемігі.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Антиген-------------------------кезде түзіледі

Антидене................................қарсы әсер етеді.

Резус-конфликт...........................кезде байқалады.

Қан сарысуында..........агглютиногені бар болса..........агглютинины болады.

Антиген..........................................қарсы әсер етеді.

Гуморальдық иммунитет кезінде..............жасушалары қатысады.

Жасушалық иммунитет кезінде........................жасушалары қатысады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Сабақ барысында оқушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынастар орнатылады.

Ашықтық

Өнімділікті арттыру әдістері бойынша оқушылар өз идеялярын еркін айтады.

Өмір бойы білім алу

Сабақ барысында өзін-өзі бағалау, кері байланыс және оқушы рефлексиясы жүзеге асырылады.

Өзіне және өзгелерге деген сыйластық

Жұптық немесе топтық жұмыстарда сыйластық көрсету

Пәнаралық байланыс:

Антидене мен антигеннің құрылысын оқу кезінде химия пәнінде қарастырлатын аминқышқылдары арасындағы байланыстарды еске түсіреді.

Алдынғы білім:

Осы тақырыпқы қатысты модулдер:

Молекулалық биология: 6, 7, 8, 9, 10 сыныптар;

Сабақ 1

Жоспар

Өткізуге жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

(Ұ) Оқушыларға «жарақаттанған жараның орны жазылып, қалпына келуі» туралы анимацияны ұсыныңыз.

Анимацияны көргеннен кейінгі талқыланатын сұрақтар:

1.Ағзаның қорғаныш реакциясы барысында иммунитет қандай рөл атқарады?

2.Ағза үшін бөгде заттар не болуы мүмкін? Оларды атаңыз.

Ұлпаның жарақаттанудан кейін қалпына келуі туралы анимация (ағылш.)

https://www.youtube.com/watch?v=ld_g1bLxCtc

Сабақтың ортасы

16-36 минут

(W) Сыныпқа «Қан құю кезінде қандай жағдайларды ескеру қажет?» сұрағы қойылады.

(I) Қан топтарындағы агглютиноген мен агглютининді ажырату тапсырмасын орындау.

Қан топтары бейнеленген диаграммалар көрсетіледі.

  • Диаграммадан адамның қандай қан топтары көрсетілген?
  • А және В деген екі түрлі агглютиногендер (антигендер) қандай қан жасушасында орналасқан?
  • α және β деген екі түрлі агглютининдердің (антиденелер) қайда орналасқан?

Қан топтарындағы агглютиноген мен агглютинин қандай жиілікпен кездеседі? Сұрақтарын талқылау.

(Жж) (ҚБ) Оқушыларға антидененің құрылысы туралы видеоны қарауға ұсыныңыз. Видеоны қарап болған соң оқушыларға «мылқау» суретте антидененің құрылымдық бөліктерін белгілеуді сұраңыз. (сабаққа қажетті суреттер)

Бағалау критерийлері:

Нәруызды тізбектерді, екі «ауыр» және екі «жеңіл» тізбектерді дұрыс анықтайды;

Вариабельды аймақтарды, константалы аймақты және дисульфидті көпіршені дұрыс белгілейді.

Антиген мен антидененің мағынасын талдау

  • Антидене дегеніміз не? Қай кезде ағзада антидене түзіледі?
  • Антиген дегеніміз не?

немесе төмендегі жолмен жұмыс жасауға болады

(W)Антидененің құрылысын түсіндіру. «Суретші» әдісі қолданылады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Жұпта отырған 1 оқушы суретші рөлін алады және ол орнында отырып, антидененің құрылысын салып, құрылысын жазып көрсеттеді. 2 оқушы спикер рөлін алалды және ол берілген антидененің құрылымын еске сақтап, суретшіге бағыт береді. Жұпта отырған 2 оқушы антидененің құрылысын салып болғаннан кейін, дұрыс нұсқасы беріледі. Оқушылар өз нұсқалары мен дұрыс нұсқаны салыстырады және кеткен қателіктерді дұрыстап, өз жұмыстарын бағалайды. Антидененің құрылымдық бірліктерінің негізгі қызметтеріне түсіндірме береді.

Антидененің құрылысы бойынша тапсырма орындау.

Берілген диаграмманы пайдаланып, антидененің құрылысын сипаттап, құрылымдық бірліктердің атқаратын қызметтеріне анықтама беру.

Антидененің құрылысы туралы видео (ағылш.):

https://www.youtube.com/watch?v=AqIVXXoCSuY

Антидененің құрылысы туралы теориякалық материал (ағылш.):

http://www.biology.arizona.edu/immunology/tutorials/antibody/structure.html

Антиденелердің әрекет ету механизмдері туралы теориялық материал (орыс тілінде):

https://meduniver.com/Medical/Physiology/819.html

Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақты қорытындылау.

ҚБ тапсырмасын алу

Рефлексия «талқылау серіктестері»

1. Қандай кезеңде қиындыққа тап болдыңыз?

2. Келесі сабақта мұғалімнен қандай көмекті қажет етер едіңіз?

Сабақ 2

Жоспар

Сабақ басы

0-5 минут

Төмендегі сызба оқушыларға таратылады, олар жұпта суретті талқылайды. Сызбадағы жағдай сыныппен талданады.

Сабақ ортасы

5-30

(М) Оқушыларға антиген-антидене өзара әрекеттесуінің типтерін түсіндіріңіз. Материалды түсіндіріп болған соң, оқушыларға антиген мен антидененің арасындағы өзара әрекеттесуінің механимдерін туралы салыстырмалы кестені толтыруға ұсыныңыз.

Салыстырмалы кестені толтыру үшін оқушыларға антиген-антидене өзара әрекеттесуінің типтері туралы ақпараттық парақты алдын – ала дайын, қолдарына үлестіріп беріңіз.

Салыстырмалы кестеде антиген мен антидененің өзара әрекеттесуінің келесі 4 типтері болған жөн:

агглютинация

преципитация

нейтрализация

лизис

және әр қайсысына сипаттама беруі қажет.

Бағалау критерийлері:

әрбір әрекеттесу типіне қысқаша сипаттама береді;

әрбір әрекеттесу типінің ерекшеліктерін сипаттайды;

әрбір әрекеттесу типінің әрекет ету принциптерін сипаттайды.

(G) (f) Сынып оқушылары топтарға бөлініп, оқушылар антигендер мен антиденелердің өзара әрекеттесуінің әртүрлі жағдайлары туралы презентация дайындау үшін топтарда жұмыс жасайды

1. табиғи иммунитет

2. жасанды иммунитет

3. екіншілік жауап

4. Антиген-антидене әрекеттесуі

жұмыс дәптерлеріне бір-біріне қорғау барысында қажетті диаграммалар мен жазбаларды жазып, қорытынды жасайды

https://www.youtube.com/watch?v=g5sjj_NMSTk взаимодействие антиген антидене

https://www.youtube.com/watch?v=eb5G2ConR3Y структура и механизм

https://www.youtube.com/watch?v=DU4ZLHOvQUQ на примере вируса

https://www.youtube.com/watch?v=-IOUWQcOft4 работа антигена

мұғалімге арналған ақпарат:

http://vmede.org/sait/?page=10&id=Immynologiya_posobie_i_xaitov_2013&menu=Immynologiya_posobie_i_xaitov_2013

Сабақ соңы

31-40 мин

Үй тапсырмасы

Антидене мен антигеннің әсерлесуін көрсететін видео көрсету.

Рефлексия

Мен білемін…

Мен білдім…

Менің білгім келеді….

ҚБ тапсырмасын алу

Үйге тапсырма: Тақырыпқа байланысты глоссарий жазу.

https://www.youtube.com/watch?v=i_M9SWoTe74

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар механизмді сызбаға түсіріп, немесе алгоритмдеп көрсете алады.

Қабілеті төменірек оқушылар үлгілеу барысында ақпаратты пайдаланады

Оқушылардың жасаған үлгісі арқылы және ҚБ тапсырмасы арқылы бағаланады

Презентация

Мылқау суретті толтыру

Суретші ойыны

Кестені толтыруы

Сұрақтарға жауап беруі

Сыныпта орыннан жылжу кезінде ТҚ ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу