Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 11.2В Көбею

Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арапбаева Ұ.Б.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

 Сабақ

 мақсаты:

  • Сперматогенз кезеңдеріне тән құбылыстарға сипаттама береді
  • Оогенез кезеңдеріне тән құбылыстарға сипаттама береді.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Сперматогенез кезеңдерін анықтайды;
  • Сперматогенз кезеңдеріне тән құбылыстарға сипаттама береді
  • Оогенез кезеңдерін анықтайды;
  • Оогенез кезеңдеріне тән құбылыстарға сипаттама береді.

 Тілдік

 мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты:

- «сперматогенез», «оогенез» түсініктерін жазбаша түсіндіру

Пәндік лексика және терминология:

гаметогенез, сперматогенез, оогенез, сперматогония, сперматоцит,екіншілік сперматоциттер, сперматида,қоректік заттар (ДНҚ, нәруыздар) овогония, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер, пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары), фоллиукала аймағы, өсу, пісіп жетілу, көбею, митоздық бөліну, қалыптасу фаза, бағыттаушы денешік,гаплоидты хромосомалар

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Сперматогенез келесі кезеңдерден тұрады: …, …, …. .

Овогенез кезеңдері: ...,...,... . Гаметалар …. хромосома жиынтығынан тұрады.

Сперматозоидтардағы талшықтардың пайда болуы ... кезеңде жүреді.

Жыныс бездерінде ғана болатын герментативті эпителий түзіледі… .

Біріншілік ооцит .... көмегімен бөлінеді және келесі жасушаларды .... түзеді.

Білім беру

құндылық

тары

Жұппен жұмыс істеу жауапкершілік, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Ашықтық өзін еркін ұстауға, өз ойын жеткізе білуге үйретеді.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл бөлімде оқушылардың әр түрлі пәндер бойынша білімдері тексеріледі және кеңейтіледі. Медицина және химия пәндерімен байланыстырылады

АКТ қолдану

дағдылары

Шағын презентация, бейнебаян көрсету.Оқушыларға белсенді оқыту тақтасымен суреттік тапсырмалармен көрсету.

Бастапқы білім

Көбею: 7-10 кластар

Гаметогенез:10 класс

Жасушалық цикл:10 класс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-7 минут

Сабақтың ортасы

8-15 минут

16-19 минут

20-32 минут

Сабақтың аяғы:

33-40 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

(Т) Оқушылар бейнематериал көреді. https://www.youtube.com/watch?v=2cFzM3YO3io

Сабақтың тақырыбы ашылып оқу мақсатын, тақырыбын дәптерлеріне жазады.

(Жж) (ҚБ) Тапсырма №1.

Оқушылар бейнефильмде берілген мағлұматтарды пайдаланып сұрақтарға жауапты, дәптерлеріне кесте етіп жазады. Бұл оқушыларда анализ дағдысын дамытады.

  • Сперматогенез және оогенез сатылары қай жерде өтеді?
  • Сперматогенез қандай кезеңдерден тұрады?
  • Оогенез қандай кезеңдерден тұрады?
  • Сперматогенездің соңғы сатысының маңызы қандай?

 Толтырылған кестені жекелеген оқушылар дауыстап оқыту арқылы тексеріледі. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалау жүргізіледі.

Бағалау критерийлері:

  • оогенеза және сперматогенездің негізгі кезеңдерін анықтайды;
  • сперматозоид пен жұмыртқа жасушаларының дамуы кезеңдері реттілікпен дұрыс көрсетеді.

Тапсырма дискрипторы:

  • Кетеде берілген сұрақтардың барлығы қамтылады;
  • Кесте жүйелі құрастырылады;
  • Кестеде жыныс жаушаларының даму кезеңдері ретімен көрсетіледі;
  • Жауап сұрақты толық қамтиды.

(Т)Презентация көмегімен мұғалім шағын таныстырылымы жасайды. Бұл кейбір оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз етуге және кесте толтыру барысында анықталған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.

(G/E) Оқушылар жұптарда сперматогенез бен оогенез кезеңдерінің А4 форматтағы қағазға моделін жасайды. Ол үшін ермексаз немес түрлі түсті қағаздар қажет. Оқушылардың қолдану дағдысы дамиды. Визуал, аудиуал есте сақтайтындар үшін өте ұтымды болады. Оқушылардың топта бірге жұмыс істеуі арқылы достық қарым қатынастары артады. Тапсырманы дұрыс көрсетсе барлық оқушыларға жұлдызша таратылады.

Тапсырманың дескрипторы:

  • Әрбір кезеңге тән жасушалар саны дұрыс көрсетіледі;
  • Әрбір кезеңдегі хромосома жиынтығы көрсетіледі;
  • Сперматогезе бен овогенз нәтижесінде түзілген ұрықтануға қабілетті жасушалардың құрылысы дұрыс көрсетілед.

Кейбір жұптар үшін сперматогенез бен оогенез кезеңдерінің суретін ұсынуға немес тақтада көрсетуге болады. Бұл оқушылардың кезеңдерді есте сақтауларына жәрдем береді.

Бекіту тапсырмасы:

Сперматогенез бен оогенезге дифференцациялық тапсырма беріледі, оқушылар орынында отырып орындайды, жасыл сия арқылы жұптар жұмыстарын алмастырып тексереді. Осы жұмыстарын тексеру барысында әділ болу, өмір бойы білім алуға баулу.

Үйге тапсырма: тақырыпқа қатысты термин сөздерді теріп жазу

сперматогенез бен оогенез туралы дәріс https://www.youtube.com/watch?v=2cFzM3YO3io

Қосымша 1.

Презентация.

А4 қағаздар, ермексаз немес түрлі түсті қағаздар

Қосымша 2.

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Сперматогенез және оогенез сатыларын ретімен айтып бере алады;

Қатысушылар

дың көпшілігі:

Сперматогенез және оогенез сатыларында өтетін үдерісті түсіндіріп бере алады;

Кейбір оқушылар:

Сперматогенез және оогенез кезеңдерінің биологиялық маңызын түсіндіріпі бере алады.

  • Мадақтау арқылы бағалау
  • Жұлдызша арқылы жұмысты дескриптормен бағалау
  • Жасыл сия арқылы бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.
  • Оқушыларға скальпель/пышақпен байқап жұмыс істеу керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.

2.

3.

G = топтық жұмыс

I = жеке жұмыс

E = оқушының тәжірибесі

D = мұғалімнің көрсетуі

Т = мұғалімнің түсіндіруі

= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
Пікір жазу