Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 11.2В Көбею

Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арапбаева Ұ.Б.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

 Сабақ

 мақсаттары:

Оқушылар:

  • сперматогенез бен оогенездің кезеңдерін салыстырып, айырмашылығына сипаттама бере алады.

Бағалау

критерийлері

  • Сперматогенез кезеңдерін ажыратады;
  • Оогенез кезеңдерін ажыратады;
  • сперматогенез бен оогенездің кезеңдерін салыстырып, айырмашылығына сипаттама бере алады.

 Тілдік

 мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты:

- «сперматогенез», «оогенез» түсініктерін жазбаша түсіндіру

Пәндік лексика және терминология:

гаметогенез, сперматогенез, оогенез, сперматогония, сперматоцит,екіншілік сперматоциттер, сперматида,қоректік заттар (ДНҚ, нәруыздар) овогония, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер, пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары), фоллиукала аймағы, өсу, пісіп жетілу, көбею, митоздық бөліну, қалыптасу фаза, бағыттаушы денешік,гаплоидты хромосомалар

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Сперматогенез келесі кезеңдерден тұрады: …, …, …. .

Овогенез кезеңдері: ...,...,... . Гаметалар …. хромосома жиынтығынан тұрады.

Сперматозоидтардағы талшықтардың пайда болуы ... кезеңде жүреді.

Жыныс бездерінде ғана болатын герментативті эпителий түзіледі… .

Біріншілік ооцит .... көмегімен бөлінеді және келесі жасушаларды .... түзеді.

Білім беру

құндылық

тары

 

 

Топпен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Ашықтық өзін еркін ұстауға, өз ойын жеткізе білуге үйретеді.Әртүрлі мысалдар мен тәжірбиелерді келтіре отырып өмір бойы білім алуға негізделеді.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл бөлімде оқушылардың әр түрлі пәндер бойынша білімдері тексеріледі және кеңейтіледі. Медицина және химия пәндерімен байланыстырылады

АКТ қолдану

дағдылары

Шағын презентация, бейнебаян көрсету.Оқушыларға белсенді оқыту тақтасымен суреттік тапсырмалармен көрсету.

Бастапқы білім

Көбею: 7-10 кластар

Гаметогенез:10 класс

Жасушалық цикл:10 класс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-2 минут

Сабақтың ортасы

03-10 минут

11-23 минут

Сабақтың аяғы:

23-36 минут

37-40 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру мақсатында «Импульс» ойыны өткізіледі. Оқушылар мұғалімнің екі жағына топқа бөлініп, өзара қол ұстасып тұрады. Бұл жерде мұғалім басқарушы болып табылады. Мұғалім бір мезгілде екі жағында тұрған оқушылардың қолын қысады, ал оқушылар келесі тұрған оқушының қолын қысып белгі береді. Осылайша топтағы оқушылар тек белгі келгенде ғана келесісіне өткізеді. Соңғы тұрған оқушылар белгі келгенде ортада тұрған белгілі бір затты қолына алу керек. Затты алып үлгермеген оқушы мұғалімнің жанына келіп тұрады. Бұл әдіс оқушыларды жылдамдыққа үйретеді.

(T) Үй тапсырмасын сұрау. «Матрица» әдісі қолданылады. Оқушылардың отырған орнының сызбасы тақтада сызылады. Кездейсоқ таңдау арқылы сәйкес орында отырған оқушы сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе + , жауап бере алмаса - белгісі қойылады.

Сұрақтар:

  • Гаметогенез терминіне анықтама беріңіз?
  • Гаметогенездің маңызы қандай?
  • Сперматогенездің қалыптасу сатысында жүретін үдеріс?
  • Оогенздің пісіп-жетілу сатысында өтетін үдеріс ?
  • Мейоз гаметогенездің қай сатыларында өтеді?
  • Жұрмыртқа жасушасының сперматозоидтан үш ерекшелігін атаңыз?

Оқушыларға бейнефильм көрсетіледі. Мұғалімнің қолдау сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийі анықталып, тақтада көрсетіледі. Оқушылар дәптеріне жазып алады.

(Жж)(ҚБ) Оқушыларға оогенеза және сперматогенезді салыстыру үшін, Венн/салыстырмалы кесте құрастыруды тапсырыңыз (қосымша 1.) Уақытын тиімді пайдаланған оқушылар қосымша тапсырма орындай алады (қосымша 2).

Жұмыстарды өзара тексеріп, бағалауды ұйымдастырыңыз.

Венн диаграммасын толтыру кезінде келесі терминдерді қолдануы тиіс: герментативті эпителий, диплоидты және гаплоиды хромосома, мейоз I және II, сперматогонии, біріншілік,екіншілік сперматоцит, сперматиттер, сперматозоид, оогонии, біріншілік,екіншілік ооциц, полярлы дене, оотид және жұмыртқа жасушалары, фазалар, көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу.

Оқушылар бұдан өзгеде құбылыстар бойынша салыстыра алады. Бұл оқушылардың талдау және жинақтау адғдыларын дамытады.

Жауабы:

 Оқушылар тақтада дұрыс жауапты өз жұмыстарымен салсытырып өзін өзі бағалау жүргізеді. Мұғалім қосымша сұрақтар қойып терминдерді пайдаланып жауап беруін қадағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • гаметогенездің кезеңдерін дұрыс көрсетеді;
  • оогенез және сперматогенез процесін негізгі терминологияларды пайдалана отырып сипаттайды;
  • гаметогенездің негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дұрыс көрсетеді;

Тапсырма дискрипторы:

  • кезеңдерді дұрыс жіктейді;
  • сперматогенез бен оогенезге тән құбылыстарды ажырата алады;
  • сперматогенез бен оогенезге ортақ құбылыстарды көрсете алады;
  • берілген терминдерден басқа салыстыру жасайды.

(Т) (ҚБ) Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін «Ыстық үстел» ойынын ойнатылады.

Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтада оқушылар оқу мақсатына байланысты терминдерді өздері жазады, Әр топтан кезекпен бір оқушыдан шығып столға отырады, ал қалған топ мүшелері ол терминді табуға көмектеседі. Берілген тақырып бойынша терминдерді көп анықтаған топ жеңімпаз болып саналады. Мұғалім аталған тақырыпқа қатысты терминдердің бір үлгісін презентацияға алдын ала салу қажет.

Тапсырма дискрипторы:

  • гаметоциттердің бөлінуі;
  • пісіп жетілу мен гаметалардың қалыптасуы;
  • пісіп жетілген мен қалыптасқан гаметалардың саны;
  • мейоздың ұзақтығы;
  • гаметогенездің тоқтауы;
  • гаметаның түзілу кезеңі;
  • гаметаның мөлшері және пішіні.

Рефлексия. «Үш сөзбен». Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

Үй тапсырмасы: сперматогенез бен оогенездің биологиялық маңызы 15 сөйлемнен тұратын эссе.

Музыкалық қолдау

Презентация

Бейнефильм Презентация

Қосымша 1,2

Презентация

Оқулық.

Презентация . Оқулық.

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Сперматогенез және оогенез сатыларын салыстырып сипаттай алады;

Қатысушылардың көпшілігі:

Сперматогенез және оогенез сатыларының айырмашылығын түсіндіріп бере алады;

Кейбір оқушылар:

Сперматогенез және оогенез сатыларының айырмашылығының маңызын оның жыныс жаушаларының құрылысымен байланыстырып айтып бере алады.

  • Мадақтау арқылы бағалау
  • Бағалау парағына оқушылардың жауабы мен белсенділігі сабақтың мақсаты мен дескрипторына қарай бағалау
  • Оқушылар өз жұмыстарын жасыл сиямен тексеріп өзін өзі бағалайды.
  • Оқушылар терминдермен жұмыс жасау барысында тілдік дағдылары бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.

2.

3.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу