Биологиядағы басқару жүйесінің негізгі компоненттері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Биологиядағы басқару жүйесі

 Басқару теориясын ұсыну биологиялық құбылыстардың құрам бөліктері мен физиологиялық механизмдері арасындағы функционалдық әрекеттестерді терең түсінуге мүмкіндік берді. Мысалы, тірі жүйелер қазіргі таңда ашық жүйе ретінде қарастырылады, себебі олар қоршаған ортамен үздіксіз зат алмасуға мұқтаж. Негізінен, тірі жүйелер қоршаған ортамен динамикалық «қозғалмалы» тепе-теңдікте болады, сондықтан қоршаған ортамен теңесіп кетпеу үшін үнемі ішкі энергия қажет болады. Мысал ретінде қарапайым аналогия субүріккішті (фонтан) алайық. Оның жұмысы үнемі энергия мен судың ағынын қажет етеді (сорғы арқылы мүмкін болады). Тек осы жағдайда ғана оның жұмысы тұрақты, яғни қоршаған ортаға қатысты тұрақталықты сақтайды.

 Барлық реттеу жүйелерінің жұмысы бір сызба бойынша құрылады. Реттеуші (регулятор) қандай да бір эффекторға басқарушы әрекет етеді, ал осы эффектордың күш әрекетінің есебінен қандай да бір көрсеткіш – реттелетін параметр (регулируемый параметр) өзгереді. Адам ағзасында жүйке жүйесі, эндокринді және иммундық жүйелер – реттеушілер, ал барлық мүшелер дерлік – эффекторлар болып қызмет етеді.

Басқару жүйесінің негізгі компоненттері

Стимул (тітіркендіргіш, кіретін сигнал)

Детектор

КООРДИНАТОР не РЕГУЛЯТОР не Басқару орталығы эталонмен (салыстыру жүйесімен)

Эффектор

Жауап (реакция шығатын сигнал)

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу